Геодезиялық өлшеулер


Жер бедері қимасының биіктігін анықтау



бет3/3
Дата05.12.2019
өлшемі488,92 Kb.
#53041
1   2   3
Байланысты:
геодезия


Жер бедері қимасының биіктігін анықтау. Егер картада рельефтің қиылысу биіктігі көрсетілмесе , оны горизонтальдағы жазулар немесе биіктігі белгілі екі нүктелер арқылы анықтауға болады.

Бірінші тәсіл бойынша беткейдегі биіктігі жазылған екі горизонтальдарды табады, содан кейін осы горизонтальдардың айырымын анықтайды оны горизонтальдар арасындағы аралық санына бөледі. Мысалы, екі горизонтальдар жазылған: 180,0 м және 160,0 (20 сурет). Олардың айырымы 20,0 м тең, ал аралық саны 8 м, олай болса горизонтальдармен рельефтің қиылысу биіктігі: h = 20:8 = 2,5 м.




20 Сурет 21 Сурет


Бірінші тәсіл бойынша беткейдегі биіктігі жазылған екі горизонтальдарды табады, содан кейін осы горизонтальдардың айырымын анықтайды оны горизонтальдар арасындағы аралық санына бөледі. Мысалы, екі горизонтальдар жазылған: 180,0 м және 160,0 (20 сурет). Олардың айырымы 20,0 м тең, ал аралық саны 8 м, олай болса горизонтальдармен рельефтің қиылысу биіктігі: h = 20:8 = 2,5 м.

Жарты горизонтальдар есептелмейді.

Екінші тәсіл бойынша бір беткейде орналасқан биіктігі көрсетілген екі нүктені табады (21 сурет), олардың (екі нүктенің) биіктік айырымын горизонтальдар санына бөледі, табылған сан қиылысу биіктігіне жақын болады.

Мысалы, таудағы нүктенің биіктігі 208,6 м., екінші нүкте беткейде орналасқан биіктігі 189,3 м. Олардың арасындағы горизонтальдар саны 7 тең. Онда 208,6 – 189,3 = 19,3 м, h = 19,3 : 7 = 2,7 м., олай болса рельефтің қиылысу биіктігі 2,5 м тең болады.

Горизонтальдар мен олардың арасындағы нүктелердің биіктігін немесе белгісін анықтау. Горизонтальдардың биіктігін анықтау үшін олардағы жазылған белгілерді қолдану керек.

Мысалды, крестикпен көрсетілген горизонтальдың биіктігін анықтау үшін жақындағы биіктігі көрсетілген горизонтальды аламыз – 150, қиылысу биіктігі 2,5 м, онда крестикпен көрсетілген горизонтальдың биіктігі 150-2,5=147,5 м болады (Қосымша сурет).



Горизонтальдың биіктігін жақын орналасқан нүктенің биіктігі бойынша анықтау. Бұл есепті шешу үшін рельефтің қиылысу биіктігін білу керек. Жақындағы горизонтальдың биіктігі болып қиылысу биіктігіне қалдықсыз бөлінетін сан саналады, былайша айтқанда горизонтальдың биіктігі ылғыйына рельефтің қиылысу биіктігіне еселі (кратна). Мысалы, пунктың биіктігі 208,6 м, рельефтің қиылысу биіктігі 2,5 м, қалдықсыз бөлінетін сан болып 207,5 м саналады. Олай болса бірінші горизонтальдың биіктігі 207,5м тең болады (21 сурет).

Горизонтальдар арқылы кез келген нүктенің биіктігін анықтауға болады:

а) егер нүкте горизонтальдың үстінде болса, оның биіктігі горизонтальдың биіктігіне тең болады (Қосымша сурет).

б) егер анықталатын нүкте горизонтальдардың арасында болса, онда ол жақын кіші горизонтальдың биіктігіне және қаншаға жоғары екенін таба отырып анықтайды.

Мысалы, А нүктесі 157,5 және 155,0 горизонтальдар арасында, рельефтің қиылысу биіктігі: h = 157,5 м – 155м = 2,5 м., ал нүкте жобамен екеуінің арақашықтығының 1/3 шамасындай, немесе 2,5 х (1 : 3) =0,8 м. Олай болса А нүктесінің биіктігі 157,5 – 0,8=156,5 м.

Немесе горизонтальдардың арақашықтығын және нүктемен кіші горизонтальдың арақашықтығын масштабты сызғышпен өлшейміз. Сызғыш нүктеге тиіп тұруы және горизонтальдарға перпендикулярлы болуы керек. Содан кейін нүктенің кіші горизонтальдан қаншаға жоғары екенін анықтаймыз. Бұл сан қима биіктігінен соншаға кем, қаншаға нүктемен горизонтальдың арақашықтығы және екі көрші горизонтальдың арақашықтығы кем.

Мысалы: екі горизонталь арасы 8 мм, ал А нүктесімен кіші горизонталь арасы 2 мм. Онда 2,5 х (2:8)=0,625=0,6 м. А нүктесі 0,6 м жоғары, немесе биіктігі 150+0,6=150,6 м.



Карта бойынша қиманы-профильді құру. Қима дегеніміз жер бетінің белгіленген бағыттағы тік кесіндісінің сызбасы.

Қиманы құру үшін горизонталдық сызықтар масштабы картаның масштабындай (1-25000), ал вертикалдық сызықтардың масштабын жақсы бейнелеу үшін горизонталдыларға қарағанда 5,10,20 есе ірі етіп алады.



Студент тапсырма ретінде план немесе карта алады (22 сурет), онда АВ сызығы (ұзындығы 10-15 см) бағыты бойынша қима құруы керек.

22 Сурет. Планға АВ сызығын гороизонтальдармен салу
Қиманы миллиметрлік қағазда (20х30 см) орындайды.

Ең алдымен «Жердің бетінің белгісі-Отметки поверхности земли» және «Ара қашықтықтар-Расстояния» деген сызық жолдары-графы бар қима торы сызылады, ол 24 суретте көрсетілгендей қағаздың төменгі жағынан 2-3 см жоғары орналастырылады. Тордың ұзындығы картаның немесе планның масштабындай АВ сызығының ұзындығына тең және сызық жолдарының атауын жазу үшін 3-5 см ұзынырақ болады.

Содан кейін АВ сызығымен қиылысатын барлық горизонталдар мен олардың арасындағы сипатты нүктелердің белгілерін немесе биіктігін анықтайды. Мысалы, 22 суретте сипатты нүкте болып белгілері 100 м және 110 м горизонтальдардың арасында өзектің түбінде жатқан 3 нүкте саналады. Осы нүктенің биіктігін анықтаймыз.

Ол үшін 23 суреттегі горизонтальдардың СД сызығы бойынша салынымын - d (горизонтальдардың картадағы арақашықтығы) анықтау керек. Мысалы, 36 мм, ал С нүктесінен 3 нүктеге дейінгі арақашықтық - f 18 мм тең болсын. Қима биіктігі – h=10 м тең, онда 1 мм салынымында жергілікті жер h : d =10 м : 36 жоғарылайды, ал f (С 3) мөлшеріне h1 = (h : d) х f = (10 : 36) х 18= 5 м. Олай болса 3 нүктенің белгісі 100+5= 105 м.



Сонымен, көршілес горизонтальдар арасындағы нүктенің белгісін анықтау үшін, осы нүкте арқылы горизонтальдарға перпендикуляр түсіреміз (қысқа арақашықтық бойынша), арақашықтығын және сол нүктеден төменгі горизонтальға дейінгі арақашықтықты (мм-мен) өлшейміз. Содан кейін екі кесіндінің қатынасын - f : d анықтау керек, горизонтальдардың қиылысу биіктігін осы қатынас мөлшеріне көбейтеміз, табылған биіқайырымды (превышение) – h1 кіші горизонталь биіктігіне қосу керек.

23 Сурет. Горизонтальдар арасында жатқан нүктенің белгісін анықтау


Содан кейін циркуль-өлшегіш арқылы масштабын өзгертпей АВ сызығы бойындағы жатқан барлық нүктелердің арақашықтықтарын тордың жоғарғы сызығына көшіреміз. Арақашықтықтарды қағаз жолағына АВ сызығы бойындағы барлық нүктелерді (0-ден 6-ға дейін) қарындашпен белгілеп көшіруге де болады (24 сурет).

«Ара қашықтықтар» деген жолдың (графа) ішінде миллиметровка сызықтары бойынша белгіленген нүктелер арқылы перпендикулярлар тұрғызылады. Арақашықтықтар масштаб бойынша метрмен есептеліп суретке көрсетілгендей жазылады. Мысалы біздің жағдайда 0-1 нүктелерінің арақашықтығы 1 см, ол 1: 25 000 масштабта 250 м болады.

«Жер бетінің белгісі немесе таңбасы» деген жолда АВ сызығындағы (горизонтальдардың қиылысқан нүктелері және сипатты нүктелер) барлық нүктелердің белгілерін жазу керек, сандарды вертикальды түрде сәйкесті ординаталарға тура қарсы жазу керек.



Тордың жоғарғы сызығынан нүктелердің биіктіктерін қабылданған вертикалды масштаб бойынша салынады. Жер бедерінің жағдайлары жақсы көріну үшін, жоғарыда айтылғандай, вертикальды масштаб горизонтальдыдан ірірек болады. Қиманың вертикальды сызықтары тым ұзын болмауы үшін тордың жоғарғы сызығы шартты көкжиек ретінде қарастырылады да оған қандай болса да бір дөңгелек (ықшамдалған) белгі немесе биіктік беріледі. Шартты көкжиектің белгісі қиманың ең кіші нүктесінің белгісінен кіші болуы керек. Біздің мысалда (24 сурет) жер бетінің белгілері 100, 110, 120 және 130 м болғанда шартты көкжиек белгісі немесе биіктігі 80 м деп алуға болады.

24 Сурет. АВ сызығы бойынша құрылған бойлық қима
Қиманы құру үшін әр нүктенің белгісінен шартты көкжиектің белгісін алып тастап, қалған мөлшерін вертикальды масштаб бойынша тордың жоғарғы сызығынан 0,1,2,3,4 және тағы басқа нүктелеріне («нүктелер № графасы немесе № точек») сай ордината бойынша жоғары қарай салынады. Мысалы, біздің шарт бойынша 0 нүктесіне қарсы: 130-80=50 м, ал 1:1000 масштабы бойынша бұл 5 см болады. Осы сияқты белгісі 120 нүктеге қарсы 4 см саламыз және т.с.с.

Жұмысты жеңілдету үшін миллиметрлік қағаздың сәйкесті горизонтальдық сызықтардың белгілерін алдын ала белгілейді және бірінші ординатаның сол жағынан жазып қояды. Мысалы біздің мысалда (1:1 000 масштабы бойынша) белгілер әр сантиметр сайын жазылуы керек: 90, 100, 110, 120 және т.с.с.



Пайда болған нүктелерді сызғыш арқылы тура сызықтармен қосады, сонда АВ сызығы бойындағы жер бетінің қимасы - сынба сызық түрінде құрылады.

Қиманың үстінде «АВ сызығы бойынша бойлық қима», сәл төмен – горизонтальды және вертикальды масштабтары жазылады. Бар жұмыс қарындашпен орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет