Тақырыбы: Географиялық номенклатураның маңыздылығын талдау.
Мақсаты:Географиялық атласты пайдалана отырып, географиялық номенклатураны оқып үйрену және талдау жасау. Географиялық объектілердің орналасуын жүйелеу.
Жұмыстың мазмұны: Дүниежүзілік мұхиттар бойынша ірі теңіздер, бұғаздар, шығанақтар мен аралдардың тізімін құру.
Дүниежүзінің кескін картасына жоғарыда аталған объектілердің әрқайсысын бірден түсіріп, орналасу ерекшеліктерін сипатта беру. Мысалы: «Теңіз» - қай құрлықтың жағалауында немесе қандай құрлықтардың(аралдардың) аралығында орналасқан, қандай бұғаздар арқылы қосылып немесе бөлініп тұр, қандай теңіз типіне жатады: шеткі, құрлық аралық, арал аралық т.б. «Өзен» - қайдан бастау алады, қандай территорияларды кесіп өтеді, қайда құяды? «Арал» - қай мұхитта немесе теңізде орналасқан, қай ендікте? «Түбек» - қай құрлыққа және қандай теңіз, мұхитқа жатады? «Шығанақ» - қай құрлық жағалауындағы бөлік? «Мүйіс» - қай құрлықта (аралда),оның қай бөлігінде орналасқан? «Тау» - қай құрлықта, ең биік нүктесінің атауы,биіктігі? «Шөлдер» - қай құрлықта қай бөлігінде, географиялық координаттарын анықта.