География және табиғатты пайдалану факультеті



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі129,94 Kb.
#124526
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖЖ- Оқу-әдіс.нұсқау,2021-22.-8


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті


География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы г.ғ.д., профессор
___________ В.Г.Сальников

«Жалпы жертану» пәнінен семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау




Алматы 2021 ж.
Оқу әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «6В05205-География» мамандықтарына арналып оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Оқу әдістемелік кешен география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған.


« 26 » тамыз 2021ж., хаттама № 1


Кафедра меңгерушісі _________________ Г.Н.Нүсіпова
(қолы)

«01» қыркүйек 2021 ж, хаттама № 1


Әдістемелік кеңес төрайымы ___________ Абубакирова К.Д.
(қолы)


Кіріспе
«Жалпы жертану» пәні физикалық географияның бір бөлігі болып табылады.Ол географиялық қабықтың табиғи жағдайын зерттеумен айналысатын ғылым жүйесі. Физикалық географияның барлық салаларының негізгі зерттейтін объектісі-географиялық қабық. Осы қабықтан географияның әрбір жекелеген салалары өздерінің нақтылы мәселелерін зерттейді.
«Жалпы жертану» пәні географиялық қабықтың құрамын, құрылымын, даму заңдылықтары мен серпінділік өзгерістерін зерттеумен айналысады. Сонымен қатар студенттерді географиялық ой-пікірлердің негізгі даму кезеңдерімен және жалпы география ғылымының құрылымымен таныстырады. Осының нәтижесінде студенттерде физикалық географияның ғылыми негізі қалыптасады.
Географиялық қабықтағы барлық табиғи компоненттер, процестер мен құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Компоненттердің байланысы мен қарым қатынасының нәтижесінде жер бетінде әр түрлі деңгейдегі геосистемалар қалыптасады.
«Жалпы жертану» пәнінен берілген лекциялық тақырыптардың мазмұнына лабораториялық және семинар жұмыстар сәйкестене құрылады. Сондықтан да беріліп отырған тапсырмалардың мазмұны жалпы географиялық заңдылықтарды анықтау арқылы тұтас географиялық қабықтағы, жекелеген аймақтардың табиғи даму ерекшеліктерін айқындауға бағытталған. Семинар жұмыстарына осындай талаптың қойылуы географиялық түсініктердің негізін қалауға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар кез келген тапсырманың мазмұны мен оны орындау әдістері қазіргі физикалық географияның даму деңгейіне сәйкестенген.
Шын мәнісінде, лабораториялық жұмыстардың тақырыптарын іріктеп алуда тек статистикалық әдіспен ғана шектеліп қойғамыз жоқ, сонымен қатар физикалық әдіске де көңіл бөлінген. Ондағы мақсат студенттердің тек ғылыми білімдерін толықтырып қана қоймай, алған білімдерін практикалық мақсатта қолдануына, творчествалық ойлау қабілетін арттыруға бағыттау.
Берілген материалдарды толық меңгерту мақсатында көптеген тақырыптардың мазмұнын сандық сипаттамалар арқылы көрсету негізге алынған.
Нақтылы әдістер мен кейбір ғылыми болжау элементтерінің нәтижелерін қолдану арқылы студенттер семинар жұмысында кез келген аймақтың табиғи жағдайына, ресурстарына баға беру арқылы оларды тиімді пайдалану жолдарын, халық шаруашылығында қолдану ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік алады. Сонымен қатар анықтама әдісін қолдану да ескерілген.
Студенттердің лабораториялық жұмыстар арқылы алған ғылыми білімдері тиянақты да нақты болуы керек. Сондықтан олардың орындаған жұмыстарын тексеріп, бақылап отыру қажет. Ол үшін берілген тапсырманы студенттер дәптерге жазып, белгіленген уақытта тапсыру керек.
Барлық тапсырманы семинар жұмыс сағатында орындай алмаған студенттер сабақтан тыс уақытта да орындаулары қажет.
Әдістемелік нұсқау география факультетінің 1 курс студенттеріне арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет