География пәнінен экологиялық білім берудe диалогтық ОҚыту әдісінің маңыздылығЫ



бет6/8
Дата13.08.2017
өлшемі1,76 Mb.
#23336
1   2   3   4   5   6   7   8

Сурет -11,12,13,14. 3 топ студенттерінің өзара ақылдасып топтық жұмысты баяндау сәті бейнеленген


Студенттердің білімін бағалауда әрбір топтың жұмысына «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен баға беруді ұсындым, алдымен сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған ауызша өз ойларын айтуға көңіл бөлдірдім, артынан (яғни сағат тілі бойынша келесі топтың жұмысына өз жұлдыздары мен тілектерін стикерлерге жазып жабыстыруды, ұсындым). Студенттерге осы жұмысты орындату барысында мен үшін анағұрлым құнды болған пікірлер.

Мерсердің зерттеуіндегі зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз құрбыларымен шағын топтарда жұмыс істейді, оларда ортақ мәселе болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасады, бір бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады, басқаша айтқанда студенттер бірге ойланады, оз ойларын дауыстап айтады – деген пікірінің дәлелдемелерін өз сабағымда көруім болды (САН, 36).

Келесі сабағымда жүзеге асқан диалогтық оқыту үй тапсырмасын тексеру кезінде диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту болды, бастапқыда өткен сабақты қайталау мақсатында «Кері байланыс» ретінде жүзеге асты (15-сурет).



Сурет -15. Топ студенттердің топтық жұмысқа «Кері байланыс» беру сәті бейнеленген

Мұнда студенттермен кері байланыс беру мақсатында студент Г. 2 топ тақырыбы: ҒТП-ң тақырыпты ашуына өз ойын білдірді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау тапсырылды:

1 жұлдыз. ҒТП-ң тақырыпты ашуына арналған сызбада берілген мәліметтер өте нақты, көрнекі, ойландыруға бағытталған.

2 жұлдыз. Берілген кескін тақырыпты ашуда дұрыс қолданылған.

1 тілек - ҒТП-ң ауыз су мәселелерін жақсартуға қосатын үлесін қосуды ұсынды.

Менің осы тақырыпты өтуде «Диалогтік әдісті» таңдауымның себебі, өтілетін тақырыптың құрылымына байланысты, сондай-ақ, бұл сабақтың студент үшін маңыздылығы жоғары, себебі, бұл студенттердің оқушыларға сабақ беруде қолданылатын әдіс тәсілдерінің жиынтығы көрініс табатын сабақ.

Себебі, диалогтік оқу–оқу сапасын арттыратын әдіс сондықтан, «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау, талдау, жауап беру, келісу және т.с.с... Болу дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру... барлығы да құрал, ал диалог -мақсат.» (М.М.Бахтин )

Диалогтік оқыту арқылы студенттердің топ ішінде өз ойын еркін айта білуге, бір-бірінің ойын тыңдауға, пікір алмасуға дағдыландыру, әлеуметтік қарым-қатынасын жетілдіру.

 «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деген ой түйдім.


Диалогтік оқыту стратегиясы студенттердің белсенділігін арттырып, барлығының қатысуына мүмкіндік берді, оны мына айтылған ойлардан байқауға болады.

1 топ тақырыбы: Климаттың өзгеруі

Сұрақ-1. Климаттың өзгеруіне байланысты қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жауап: Климаттың өзгеруіне байланысты 2013 жылы көптеген елдерде конференциялар өткізілді.

Сұрақ-2. Ғарыштық зерттеулерде климаттың өзгеруіне көңіл бөлінген бе?

Жауап: Ю.Гагариннің түсірген суреттерінде орманның азайғанын көруге болады.

Сұрақ -3. Неге Арал теңізінің климаттың өзгеруіне әсері жоғары деп айтады?

Жауап: Арал теңізінің климаттың өзгеруіне әсері, өте жоғары, себебі Солтүстік Мұзды мұхитқа кедергісіз жетіп жатыр.

2 топ тақырыбы: ҒТП

Сұрақ-1. ҒТП–нің пайдасы қандай?

Жауап: Жұмыс істеуді жеңілдетеді, өндіріс, өнеркәсіп саласын дамытады, жұмыс күшінің сапасы жақсарады, ел экономикасының әсері уақытты үнемдеуі.

Сұрақ-3. ҒТП –нің зияны қандай?

Жауап: Автокөлік санының көбеюі, ауаның ластануы, жұмыссыздықты тудырады, адамның денсаулығына әсері, ауыз су тапшылығы

3 топ тақырыбы: Азық-түлік проблемасы

Сұрақ-1. Дүние жүзінде азық-түлік проблемасын шешу үшін қандай бағдарламма ұсынылды.

Жауап: БҰҰ –ы 2050 жылдарға қарай азық-түлік проблемасын шешу үшін 61,2 млрд долларға арналған бағдарламма ұсынды.

Сұрақ-2. 2000-2010 жылдар аралығындағы өнімдердің өсімі қандай деңгейде?

Жауап: Сүт өнімдері, 2,7 пайызға кеміген, жұмыртқа 2,3 пайызға өскен, ет өнімдері 97 пайызға өскен

Осы диаолгтық оқу әдісі оқу мақсатына жетуге ықпал етіп, топтағы студенттердің бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.

Олар:

• студенттердің тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;



• студенттердің басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;

• оқытушылардың студенттерді оқыту барысында олардың қандай деңгейде екендігін түсінуге және бағалауға көмектеседі.

Оны студенттердің жоғарыдағы суреттерінен көрумізге болады (суреттер - 11,12,13,14)

Диаолгтық оқу әдісін пайдалануда менің ойымша, кездескен кедергілер топтық жұмыстарды қорғауда әр топтан ойларын дұрыс жеткізе алмаған студенттер болды, атап өтсем: Бексұлтан, Гүлдана, Айнұр оны байқағаным ойды жеткізулері, шашыраңқы, нақты дәлелді емес, олардың жұмыс жасау барысында басқалардың көлеңкісінде қалып қояма? - деген ой түйдім.

Оны шешу мақсатында бағалау кезінде, осы студенттерге неге төмен балл қойғанымды, нақты мысалдармен дәлелдеуге тырыстым, себебі студент мен де басқалармен бірдей жұмыс жасадым, барлығымыздың қосқан үлесіміз бірдей ғой-деп ойлайды. Реніш туындауы мүмкін. Оқытушының мақсаты әр студентке өз деңгейін біліп, болашақта қай бағытта жұмыс істеу керегін ұғындыру маңызды.

Болашақта топтық жұмысты өткізуде нені өзгерту керек дегенде менің ойымша, студенттердің топпен жұмыс істеу барысын бақылаудан төмендегі іс-әрекеттерді байқадым: өзгелердің пікірін тыңдау, жазбаша, ауызша әңгімелеу, бір-біріне сыйластықпен қарау, өзіне-өзінің сенімділігінің артуы, әрбір студенттің жеке қабілетінің ашылуы, студенттер сабақ басында туындаған қобалжулар мен өзіне деген сенімсіздіктерінен арылуы.

Себебі, топтың белсенді студенттері тез арада топтық жұмыс бастауға жұмылдыра білді. Бірақ, кейбір студенттер дәстүрлі сабақ кезінде тақырыпқа көп көңіл бөлмейтін оны байқағаным ойды жеткізулері шашыраңқы, нақты дәлелді емес, соған қарамастан олардың топттық жұмысты жасаудағы белсенділігі артқанын байқадым.

Бұл қазіргі қарым-қатынастың ақпарат алмасуының, түрлі АКТ-ны пайдалануға көшкен заманда өте қажет деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы студенттердің қызығушылығын арттыруға қабілетін ашуға арналған жаттығулар дайындап, жоспарлауға күш саламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет