ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Интернет желісі «Google kz.»
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 2009. - 263 бет.
Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым – даму тетігі (Елбасының ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзі) [Егеменді Қазақстан, 13 қазан, 2004]
Студентке арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3 - басылым
Тренерге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3 - басылым
Үлестірме материалдар 1-2 апта: Бірінші басылым, 73 бет.
КУРСТАН КЕЙІНГІ МЕНІҢ ЖӘНЕ ОРТАМНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, оқытушы – ұйымдастырушы, бағыттаушы, студент – ізденуші, белсенді, шығармашыл болуын талап етеді.
Әрбір оқытушының міндеті студенттерге отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, белсенді, құзіретті, шығармашыл болуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған.
Мен, бірінші сабақта студенттерге курстан алған, топтық жұмыс, диалогтік оқу, сын тұрғысынан ойлау, бағалау, студенттердің соның ішінде талантты және дарынды балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру тақырыптары туралы мәліметтермен қысқаша таныстырдым.
Студенттерге топпен жұмыс жасау үшін тақырыптарды ұсындым. Әрбір топ өзіне бөлінген тақырыпты өзара бөлісіп, бірінші кезекте өз беттерінше оқи бастады, одан соң әрбір студент өзі оқыған дәріс материалын топта талқылап бір-біріне түсіндірді. Студенттерге тез арада 1-3 дейін санап жылдам топқа бөлінуін талап еттім. Студенттердің сабақты диалогтік оқу әдісімен өтетінін естігенде қуанып кеткенін байқадым.
Себебі, топқа бөліп, тақырыпты бергенімде студенттер өзара ұйымдасқан түрде тапсырмаларды талқылап, жылдам жұмысқа кірісіп кетті, және осы тәсілді қуана қабылдады.
Соның бір дәлелі ретінде сабақта пайдалаған диалогтік оқу–оқу сапасын арттыратын әдіс ретінде зерттеушілердің ойын келтірсем, «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау, талдау, жауап беру, келісу және т.с.с... Болу дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру... барлығы да құрал, ал диалог -мақсат.»- деген М.М.Бахтин ойының дұрыстығына көзім жетті.
Студенттердің топпен жұмыс істеу барысын бақылаудан төмендегі іс-әрекеттерді байқадым: өзгелердің пікірін тыңдау, жазбаша, ауызша әңгімелеу, бір-біріне сыйластықпен қарау, өзіне-өзінің сенімділігінің артуы, әрбір студенттің жеке қабілетінің ашылуы, студенттер сабақ басында туындаған қобалжулар мен өзіне деген сенімсіздіктерінен арылуы.
Себебі, топтың белсенді студенттері тез арада топты жұмыс бастауға жұмылдыра білді. Бірақ, кейбір студенттер дәстүрлі сабақ кезінде тақырыпқа көп көңіл бөлмейтін оны байқағаным ойды жеткізулері шашыраңқы, нақты дәлелді емес, соған қарамастан олардың топттық жұмысты жасаудағы белсенділігі артқанын байқадым.
Бұл қазіргі қарым-қатынастың ақпарат алмасуының, түрлі АКТ-ны пайдалануға көшкен заманда өте қажет деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы студенттердің қызығушылығын арттыруға қабілетін ашуға арналған жаттығулар дайындап, жоспарлауға күш саламын.
КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы-білім жүйесі. Орта мектеп-білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында»-деп атап көрсеткен болатын [1].
Олай болса, осы аталған бағдарламаның болашақ мамандарды жоғары кәсіби тұрғыда қалыптастыруда алатын орны ерекше. Тәжірибе жүргізу үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылстану және география институның «География» мамандығының 3-курс студенттеріне «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы келесі тақырыптарды: «Тиімді табиғат пайдалану ісін экологиялық-экономикалық ынталандыру», «ҒТП және табиғат пайдалану» (дәріс сабағы), «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» (практика сабағы), сабақтары таңдап алынды. Осы аталған сабақтардың тізбектелген жоспары жасалынып өткізілді (Қосымша-1).
1 ТОПТЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП
1. Топтық жұмысты, білім беру үрдісінде пайдалану нәтижесінде студенттердің меңгеретін білімінің маңыздысын ашу үшін ерекше тапсырмалар берілді. Осы мәселені шешуде ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай келе, топтың «оңтайлы өзара тәуелділік» деп аталатын өзара әрекеттесу түрін анықтайды (Джонсон және Джонсон,1993ж., Моган мен Вебб келтірді, 2001 ж.) Көптеген ғалымдар білімді яғни, «тәжірибе анағұрлым жоғары жетістіктерге ынталандыратындығын айқындайды»-деп атап көрсетеді (Моган мен Вебб келтірді, 2001 ж.)-деген ойларына тоқталдым. [Моган мен Вебб, Дж. 2001].
2. Осының дәлелі ретінде «География» мамандығының 3-курс студенттеріне өткізілген «Тиімді табиғат пайдалану ісін экологиялық-экономикалық ынталандыру» атты дәріс сабағын өту барысында топтық жұмысты ұйымдастыру кезеңіне тоқталатын болсам, сабақты бастамас бұрын студенттерді топқа бөлудің кездейсоқ тәсілін таңдап алдым. 1 топ тақырыбы: Климаттың өзгеруі, 2 топ тақырыбы: ҒТП, 3 топ тақырыбы: Азық-түлік проблемасы.
Оның дәлелді көрінісін келесі суреттерде ұсынамын (1,2 сурет):
Суреттер-1,2. Топтарды тақырыбына қарай бөлу сәті
Достарыңызбен бөлісу: |