«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 10 сынып



бет1/12
Дата14.12.2022
өлшемі1,5 Mb.
#162817
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«География» п нінен то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан сп



«География» пәнінен
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
10 сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019

МАЗМҰНЫ


1.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат 3
3.Күтілетін нәтиже 3
4.Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5.Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6.Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 6
7.Модерация және балл қою 7
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 35


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы.
  1. Күтілетін нәтиже


Біледі:
географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың,
геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалықгеографиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсердің кӛздерін, факторларын және себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың ӛмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық ӛзгешеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек бӛлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму кӛрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бӛлінісіне, қатысын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін. Түсінеді:
дүние жүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық кӛрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін; «табиғат - халық (қоғам) - шаруашылық (экономика)» географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рӛлін; адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және ӛзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; ӛмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рӛлі мен ықпал ету аймақтарын, ӛзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын.
Қолданады:
географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық деректердің түрлі кӛздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік дереккӛздерін; географиялық ақпаратты іздеу, ӛңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде ӛзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды Талдайды:
географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; табиғат пен қоғамның ӛзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістіктік деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің рейтингтері мен индекстерін. Жинақтайды:
модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жӛніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралу мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, ӛзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды. Бағалайды:
географиялық дереккӛздерінің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік ӛзгерістерінің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалануда ғылымитехникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; ӛмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі кӛрсеткіштері мен орнын; кезкелген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; негізгі әлеуметтікэкономикалық кӛрсеткіштері бойынша дүние жүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет