«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 9-сынып



бет2/13
Дата02.02.2023
өлшемі1,01 Mb.
#167269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
9-сынып- ТЖБ (1)

Түсінеді:

табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың ӛзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді.



Қолданады:

процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен

формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, демографиялық кӛрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады.

Талдайды:

заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық ӛндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды; Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рӛлі мен орнын.



3

Жинақтайды:

кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде кӛрсету үшін жинақталған және ӛңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және ӛлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.



Бағалайды:

түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет