География сабағында pisa тапсырмаларын пайдалану



бет1/3
Дата20.10.2022
өлшемі1,69 Mb.
#154057
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯ ПИЗА

География сабағында PISA тапсырмаларын пайдалану

PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады.

Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау.

Жоба оқушылардың оқудағы жетістіктерін сыни бағалаудың бірегей үлгісін ұсынады. PISA бағалауы үш бағыт бойынша өткізіледі:

- Оқудағы сауаттылық;

- Математикалық сауаттылық;

- Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық.

PISA бағалауы 3 жылда бір рет өткізіледі. Бағалаудың әр циклі үш бағыттың біріне баса назар аударады.

  • Жаратылыстану сауаттылығы 15 жастағы білім алушының жаратылыстану құбылыстарын суреттей, түсіндіре және болжай білуіне, ғылыми аргументтер мен қорытындыларды интерпретациялай білуіне бағытталған.

6 сынып Мазмұндық білім: Жер жүйесінің құрылымы. Атмосфера. Атмосфералық қысым


Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді.
Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады. 
Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.
Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз.
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
  • Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?
  • А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
  • В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.
  • С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.
  • Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.
  • Жауабы: А


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет