11
Тапсырмалар мысалдары және балл қою кестесі
«География» пәні бойынша 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1.
Құрлықтағы және Дүниежүзілік мұхиттағы
жер қыртысы қалыңдығы мен
қабаттарының саны бойынша ерекшеленеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы 75
км-ге жетеді. Ал геофизик Андрия Мохоровичич 1909 жылы Загреб қаласына жақын жерде
(Балқан түбегі) болған күшті жер сілкінісі туралы ғылыми деректерді зерттей отырып, 30
шақырымдай тереңдікте жер сілкінісінен таралатын сейсмикалық толқындардың
жылдамдығы күрт артқанына назар аударды. Басқа да жер сілкіністерін байқаған ғалымдар
бұл құбылысты растады. Осының негізде Андрия Мохоровичич жер қыртысы мен мантия
арасында белгілі бір шекара бар деген болжам жасады.
Онда заттың тығыздығының
артуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығының артуы байқалады.
Мәтінді оқи отырып, 2D проекциясында жер қыртысының
құрылымы мен Мохорович
шекарасының моделін салыңыз.
[3]
2.
. Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыруды алғаш рет
Л.С.Берг құрастырған. Ол Қазақстан территориясын 9 ауданға бөлді. Картадан
Қазақстанның 2 жазық және 2 аласа таулы облыстардың шекарасын сызып көрсетіңіз.
Сурет 1. Қазақстанның контурлық картасы
[4]
12
Сурет 2. 1985-2016 жж. аралығындағы
өзен арнасының өзгеруі
3.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
(а) Сурет 2-ні қолдана отырып, өзен арнасының динамикасын
зерттеуде қашықтықтан
зондтау маңыздылығын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: