Аудандастырудың негізгі функциялары: аумақ туралы ақпаратты ретке келтіру, оны терең түсіну және аудандар туралы тұтас түсінік қалыптастыру үшін ақпаратты синтездеу, «аудан бейнесін» құру.
Экономикалық аудандастырудың негізгі түрлері – салалық және интегралдық. Интегралдық аудандастырудың салалық аудандастырудан айырмашылығы – барлық шаруашылықты біртұтас қамтуы.
Экономикалық ауданның басты белгілері – шаруашылықтың мамандануы мен кешенділігі және интегралдық аудандарды қалыптастыруда шоғырландырушы рөл атқаратын ірі орталықтың болуы. Мұндай орталық көптеген ғылыми зерттеулерде ядро деп аталады. Аудандастыру барысында төрт бірлік ажыратылады: аудан – аймақ – макроаймақ – экономикалық аудан
Қазақстан аумағын бес экономикалық ауданға бөлуді кеңестік эконом-географ Н.Н.Баранский ұсынған, олар: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан.
Инвестициялық тартымдылық – инвестордың қандай да бір нысан таңдауына әсер ететін белгілі бір шарттарының болуы.
2020 жылы “Doing Business” рейтингіне сәйкес, Қазақстан инвестициялық тартымдылық өлшемі бойынша әлемнің 190 елінің ішінде 25-орында болды. Нидерланд корольдігі Қазақстан экономикасына 77,9 млрд доллар инвестиция салған, екінші орында АҚШ, үшінші орында Швейцария.
Мемлекеттік аймақтық саясатты құру тәсілдері: Аймақтардың даму деңгейлерін «теңестіру саясаты» (Германия), «Өсу полюстерінің теориясы» (Франция)
1
Германиядағы «теңестіру саясаты» - басқа аймақтар есебінен жекелеген аймақтарды жедел дамыту мақсатында белгілі бір кезеңге республикалық бюджет қаражатын олардың пайдасына қайта бөлу.
Француздық «Өсу полюстерінің теориясының» мәні – өндірістің негізгі факторлары – капитал мен жұмыс күшіне әсер ете алатын «өсу полюстерін» құру.
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері адам дамуының индексіне әсер етеді. 2019 жылы АДИ бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 50-орынды алды.
Әртараптандыру мен мамандандару түрлері
-
Әртараптандыру
|
Мамандандыру
|
Тауарлық
|
Нарыққа әртүрлі өнімдер мен қызметтер
ұсыну
|
Нарыққа басым түрде бір өнім немесе
қызметтер ұсыну
|
Нарықтық
|
Бірнеше нарықта жұмыс жасау
|
Бір нарықта жұмыс жасау
|
Өндірістік
|
Бір мезгілде өндірістік қызмет пен қызмет
көрсетудің бірнеше түрін жүргізу
|
Өндірістік қызметтің немесе қызметтің бір
түріне басымдық беру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |