10
Американдық экономист Уолтер Айзард жетекшілік еткен ғалымдар тобы аймақтану ғылымының дамуына негіз салған болатын.
Мемлекеттердің географиялық жағдайы:
Географиялық жағдай – мемлекектті сипаттау жоспарының бірінші тармағы
11
Аумақтық қамтуы бойынша ЭГЖ-ның үш деңгейі ерекшеленеді: макрожағдай, мезожағдай, микрожағдай.
Азия жүрегіндегі Ұлы дала елі:
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан біршама қашықтықта орналасқан (Солтүстік Мұзды мұхитынан 1400 км, Үнді Үнді мұхитынан 1800 км, Атлант мұхитынан 3000 км, Қара теңізден 750 км, Тынық мұхитынан 2800 км)
Қазақстан аумағының 19,65 пайызы Еуропада, 81,35 пайызы Азияда, солтүстік және шығыс жартышарда орналасқан.
Республика аумағы батыстан – Каспий маңы ойпатындағы Еділ өзенінің төменгі ағысынан шығысқа қарай – Алтай тауларына дейін 3000 км; солтүстіктен оңтүстікке қарай – Батыс Сібір жазығының оңтүстігінен Қызылқұм шөліне дейін 1650 км-ге созылып жатыр.
Республиканың:
солтүстік шеткі нүктесі: 55°26 с.е. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Сумное елді мекені аумағында
Оңтүстік шеткі нүктесі 40°56 с.е. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Т.Жайлыбаев елді мекені аумағында
Батыстағы шеткі нүктесі 46°24 ш.б. Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Шоңай елді мекенінде
Шығыстағы шеткі нүктесі: 87°20 ш.б. Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданында орналасқан
Жерінің ауданы 2724,9 мың км2-ге тең. Қазақстан жер құрлығының 2%-ын, ТМД аумағының 12,1%
-ын, Азияның 6,1%-ын алып жатыр. Ауданы бойынша Қазақстан әлемде 9-орында, Еуразияда 4- орында, Азияда 3-орында, ТМД-да 2-орында.
Орта Азиядан Орталық Азияға дейін:
Орта Азия ұғымын 1843 жылы неміс географы Александр фон Гумбольдт әлемнің жеке аймағы ретінде енгізді.
1924-1925 жылдары мемлекеттер арасында шекара анықталғанша Орта Азия аумағы Түркістан деп аталып, кейін саяси себептермен Орта Азия деген атаумен ауыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |