2017 жылы дүниежүзінде аш адамдардың саны 821 млн-нан асты. 2018 жылы әлемде азық-түлік тапшылығынан шамамен 815 млн адам зардап шекті.
2030 жылға қарай аштықты жоюға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тамақтануды жақсартуға міндеттелген жоба – «Нөлдік аштық»
Аштықтан Орталық Африка Республикасы халқы көп зардап шегуде, онда саяси тұрақсыздық салдарынан ауыр жағдай қалыптасты. Африкадағы аштық әлем бойынша 21% құрайды.
Азық-түліктің жетіспеушілігінен төтенше жағдай қалыптасқан ел – Конго Демократиялық Республикасы.
Ашаршылыққа ұшырағандар саны 124 млн, олардың 32 млн-ы Сомали, Йемен, Оңтүстік Судан, Нигерия елдерінде тұрады.
Аштықтың ғаламдық индексі бойынша 200 млн-ға жуық ашаршылыққа ұшыраған адам тұрады – Үндістанда
Кедейшілік пен аштықтың ауқымын қысқартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – ауылшаруашылығына инвестициялар тарту.
Энерготиімді экономика бойынша америкалық кеңес (АСЕЕЕ) жыл сайын әлем елдерінің энерготиімділік рейтингін мына санаттар бойынша жасайды: құрылыстағы, өнеркәсіптегі, көлік саласындағы энергия шығыны, сондай-ақ жалпыұлттық энерготиімділігінің көрсеткіші.
Энерготиімділік рейтингі бойынша көшбасшы елдер – Италия, Германия.
Ауаның ластануына қарсы күрес жөніндегі Германия үкіметінің жоспары төрт стратегияны қамтиды: қоршаған орта сапасының стандарттарын белгілеу, қазіргі кезде ең жақсы технологияларды қолдана отырып, шығарындыларды азайту, өндіріс ережесі, зиянды заттар эмиссиясының шекті мәндерін белгілеу.
Биоалуантүрлікті сақтаудағы Қытайдың теңдесіз тәжірбиесі – Пандалардың популяциясын сақтап, жойылу қаупін сейілтті. Бұл үшін бамбук ормандарының көлемін қалпына келтіруге және оларды қайта өсіруге талпынды. Панданы атқандарға жазаның ең ауыр түрі – өлім жазамы тағайындалды.
Үлкен панданы сақтауда қытайлықтардың басты жасаған жұмысы – тіршілік ортасын қалпына келтірілуі. Арал теңізін зерттеу үшін түсірген әдіс – ғарыштық түсірілім
Арал теңізінің тартылуының басты себебі - суармалы егістің ұлғаюы
Түсірілім арқылы Арал теңізін мониторингілеу шарты – табиғатты қорғау және болжау Екіге бөлінген Арал теңізінің Қазақстан аймағындағы бөлігі – Кіші Арал
1998 жылы Амстердамда өткен Халықаралық конгрессте қаралған мәселе – Арал балаларының денсаулығы Арал теңізінің тартылуы әкелген қасірет:
құрғақ теңіз табанының ауданы 54 мың км2.
Бұрынғы теңіз түбіндегі тұздің мөлшері, 10 млрд т.
Атмосфераның шаңдануы үш есеге артты.
Арал маңындағы атмосферада тұздың мөлшері нормадан 6-7 есе артты.
туберкулез, анемия ауруы және ана мен бала өлімінің деңгейі жоғарылады.
Мұздық массасының балансы – жыл ішіндегі мұз массасының жинақталуы және еруі арасындағы айырмасы. Дезертификация деген – шөлейттену.
Шөлейттенудің негізгі себептері: адамның іс-әрекеті және ғаламдық климаттық өзгерістер.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап республика аумағында шөлейттену үдерісі жүріп, бүгінгі күнге дейін шамамен 10-12%-ға өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |