«Геометрия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет1/4
Дата18.02.2020
өлшемі284,25 Kb.
#58319
  1   2   3   4
Байланысты:
тжб 9 сынып геометрия 2 тоқсан

« Геометрия » пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

I-нұсқа


  1. А(-1;4) нүктесін параллель көшіргендегі бейнесі B(-2;6) нүктесі болса, онда дәл осы параллель көшіру кезінде C(5;-2)нүкте бейнесініің координаталарын табыңыз. [1]

  2. a және b-ның қандай мәндерінде P(3; a) және Q(b;-2) нүктелері M(0;1)нүктесіне қарағанда симметриялы болады? [1]

  3. ABC үшбұрыш төбелерінің координаталары A(-2;4), B(3;-2) және C(-1;-3). Егер ABC үшбұрышын параллель көшіргенде B нүктесі С нүктесіне көшсе, A-нүктесі бейнесінің координаталарын табыңыз. [1]

  4. Координаталық жазықтықта A, B және C фигуралары бейнеленген.

а) A фигурасын айналдыру арқылы B фигурасы алынды. Айналу бұрышын, бағытын анықтаңыз [1]

b) А фигурасын симметриялы көшіру арқылы C фигурасы алынды. Симметрия түзуінің теңдеуін табыңыз. [1]

5. PRS үшбұрышының PS қабырғасын RQ биссектрисасы PQ=1.5x+1 см және QS=2x+4 см болатындай кесінділеріне бөледі. PR=10см, RS=20см болса, PS табанын табыңыз.[3]





  1. ADEC трапециясының табандарының ұзындықтары 1,8см және 1,2см, ал бүйір қабырғаларының ұзындықтары 1,2см және 1,5см. Бүйір қабырғаларының созындылары В нүктесінде қиылысады. АВС үшбұрышының периметрін табыңыз.[5]



  1. Қандай да бір үшбұрыш алып, берілген гомотетия центріне байланысты оған гомотетиялы үшбұрыш салыңдар. Тапсырманы k=2 алып орындаңдар.

  2. Ұқсас екі үшбұрыштың аудандары 150м2 және 600м2-қа тең. Егер екінші үшбұрыштың бір қабырғасы 12 м болса, осы қабырғаға сәйкес бірінші үшбұрыштың қабырғасының ұзындығын табыңыз. [3]

  3. ABC және PQR үшбұрыштары ұқсас болса, PQ қабырғасын табыңыз. [2]

B

Q

6,4

A 12,8 C


P 18,8 R

Балл қою кестесі:



Дискриптор

жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Параллель көшіру түрлендіруі арқылы нүкте координаталарын анықтайды.

D(4;0)

1




2

Центрлік симметрия сәйкес нүктелердің арқашықтығын өзгертпейтітін қолданып, a мен b-ның мәндерін анықтайды

a=4

b=-3


1




3

Параллель көшіру түрлендіруі кезінде сәйкес нүктелердің арақашықтықтары өзгермейтінін біледі

(-6;3)

1




4a

Бұру түрлендіруі арқылы бұру бұрышы мен айналу бағытын анықтайды

Сағат тіліне қарсы, 900қа бұрылған

1




4b

Симметрия түзуінің теңдеуін жазады

у=1

1




5

қатынасы арқылы пропорция құрады



1




Теңдеуден белгісізді табады

х=2

1




PS табанын анықтайды

PS=12см

1




6

Ұқсас фигуралардың анықтамасын білу



1




Ұқсастық коэффициентін анықтау



1




Созындылары арқылы пайда болған үшбұрыштың бүйір қабырғаларын табу

DB=2,4

1




BE=3

1




Анықталған мәліметтер арқылы АВС үшбұрышының периметрін табу

P=9,9см

1




7

Берілген тапсырма бойынша гомотетия түрлендіруін қолданып сызба сызады. Центрін анықтайды




1




1




8

Ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын қолданады



1




k=2

1




Ұқсастық коэффициенті арқылы 1-ші үшбұрыштың сәйкес қабырғасын табады

x=6

1




9

Ұқсас үшбұрыштардың қасиеттері арқылы қатынасты жазады



1




Белгісіз қабырғаны табады



1




Барлығы:




20





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет