«Геометрия» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. «Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 3
4. «Геометрия» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері 4
5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандар бойынша бөлу 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
7. Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 20
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
«Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер
Білу:
қарапайым математиканың негізгі ұғымдарын;
қарапайым математиканың негізгі формулаларын;
жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін білу.
Түсіну:
аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын;
математиканың академиялық тілін;
жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын түсіну.
Қолдану:
практикалық есептерді шешуде математикалық білімін;
математикалық есептерді шешу алгоритмдерін;
түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны;
түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді;
геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін қолдану.
Талдау:
математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын;
геометриялық фигуралардың өзара орналасуын талдау.
Жинақтау:
аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді;
математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін;
геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу
тәсілдерін жинақтау.
Бағалау:
есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.
3
Достарыңызбен бөлісу: |