Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
үшбұрыш биссектрисасының қасиетін білу және қолдану;
ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын білу;
косинустар теоремасын білу және қолдану;
синустар теоремасын білу және қолдану;
іштей сызылған үшбұрыштың ауданын (S = abc, мұндағы a, b, c– сүшбұрыштың
4R
қабырғалары, R– сырттай сызылған
шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының ( S = p ∙ r, мұндағы r – іштей сызылған шеңбер радиусы,, p – көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;
шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану;
дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану;
шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану;
Деңгейді тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану;
үшбұрыш медианаларының қасиеттерін білу және қолдану.
Жоғары деңгей дағдылары
есептерді векторлық әдіспен шешу;
синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану.
Деңгейді тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалануұсынылады