Геометриялық нивелирлеу



бет4/19
Дата15.12.2021
өлшемі255 Kb.
#101090
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
введение в реферате образец

1.4 Нивелирлік рейкалар

Нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады.

Олар ұзындығы 3-4 см тұтас ағаш тақтайдан жасалынады. Алып жүруге қолайлы бүртемелі рейкалар да жасалынады. Тақтайлар ак майлы бояумен боялып, оларға оларға сантиметрлік бөліктер есеп алуды жеңілдету мақсатымен 5 см сайын топтарға біріктірілген. Мәселен, Е әрпіне сәйкес топ 50см-ді көрсетеді және оны санамай-ақ қойса да болады. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағында оны тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан жасалған табан қағылған.

Рейкалар бір жақты немесе екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл түспен белгіленген. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады да , ол негізгі жағы болп есептеленеді. Рейканың қызыл жағын тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың екі жағынан есептер алынса,онда қызыл жағынан есептер алынса,онда қызыл жағынан алынған есептен қара жағынан алынған есепті шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де,дұрыстығын да көрсетеді.

Жұмыс жүргізер алдында нивелирлік рейкалар тексерілуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет