1.2. Геометриялық нивелирлеу
Геометриялық нивелирленуде нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир деп аталатын аспап пен рейкалар арқылы аныкталады, нивелир горизонталь жазықтыққа келтірілген дүрбі арқылы рейкадан есеп алуға негізделген. Геометриялық нивелирлеудің “ ортадан ” және “ алға ” нивелирлеу деген әдісі бар.
Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир-нүктелер арасына, ал рейкалар сол нүктелерге орнатылады.
Содан кейін А және В нүктелерінде түрған рейкаларға кезекпен қарап, дүрбінің визир сіулесінің осы нүктелерден биіктіктері ″а″ және ″b″есептелініп алынады. Егерде А нүктесін артқы, ал В нүктесін алдыңғы деп белгілесек,онда ″а″ рейкадан алынған артқы есеп,″е″ -алдыңғы есеп болады. Содан В нүктесін А нүктесіне қарағандағы биіктігінің айырмашылығы былайша анықталады:
h=a-b (78)
мұндағы h-биіктік өсімшесі.
65-сурет.Нивелирлердің түрлері.
Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артқы және алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.
Ескере кететін жағдай, егер a>b болса, онда h-тың оң таңбалы, ал a
Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін осылайша анықтауды ″ортадан ″ нивелирлеу деп атайды.
Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық нивелирлеу жұмыстың дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты және де екі қашықтық бір-біріне тең болуы қажет.
Алға нивелирлеу әдісінде(65сурет) нивелир дүрбісінің оқулары мен
А нүктесі бір тіктеуіш сызық бойында орналасады да, есеп алынатын рейка екінші нүктеге орнатылады. Бұл жағдайда визирлік остің А нүктесінен биіктігін-i рулеткамен өлшеп, В нүктесі тұрған рейкадан ″ в″ есебін алады. Көрсетілген сіретке сай, биіктік өсімшесі былайша анықталады:
h=i-b , (79)
мұндағы i-аспап биіктігі.
Екі нүкте арасындағы өсімше белгілі болса, В нүктесінің биіктігін мына формула арқылы анықтауға болады:
hᵦ=Hₐ+h, (80)
яғни,келесі нүктенің биіктігі алдыңғы нүкте биіктігіне өсімшені қосқанға тең.
Деңгей жазықтықтан нивелирдің визирлік осіне дейінгі тіктеуіш сызықты аспаптың горизонты ГИ деп атайды. Аспап горизонты 63-суретке сай мынаған тең:
ГИ=Hₐ+a немесе ГИ=Hᵦ+b, (81)
Яғни,аспап горизонты ГИ нүкте биіктігіне Нₐ сол нүктеде орналасқан рейкадан алынған есепті ″а″ қосқанға тең. Аспап горизонты арқылы да нүктелер биіктіктерін анықтауға болады.
Мысалы, 65 – суреттегі екі пункт арасындағы С нүктесінің биіктігі Нᶜ төменгі формула арқылы анықталады :
Нᶜ=ГИ-с (82)
Мұндағы, с-С нүктесіне қойылған рейкадан алынған есеп.
Әдетте, аспап горизонты бір станцияда тұрып, бірнеше нүктелердің биіктерін анықтағанда қолданылады.
Егерде нивелирленетін екі нүктенің арасындағы биіктік өсімі жалғыз станциядан анықталады, мұны қарапайым нивелирлеу деп атайды.
Егер 66-суретте көрсетілгендей, А және N нүктелерінің арақашықтығы едәуір қашық болса, онда өсімшені һᵐᶰанықтау үшін нивелирді бірнеше станцияға орналастырып, күрделі нивелирлеу жүргізіледі, 64-суретке сәйкес нүктесінің А нүктесінен өсімшесі әр станциядағы биіктік өсімшелерінің қосындысына тең:
∑һᵃⁿ=∑һᵢ=∑ᵃᵢ-∑ᵇᵢ (83)
Мұндағы-∑ᵃᵢ -барлық артқы есептердің қосындысы;
-∑ᵇᵢ- барлық алдыңғы есептердің қосындысы.
66-сурет.Күрделі нивелирлеу
Ақырғы нүктенің абсолют биіктігі (83)формуласымен сәйкес былайша анықталады:
Нⁿ=Нₐ+∑һᵢ
Достарыңызбен бөлісу: |