Реферат
Жоспар
1 Геометриялық нивелирлеу
2 Нивелирлік жүрістерді рекогносцировкалау, жобалау
3 Нивелирлік реперлер және маркалар
4 Нивелир түрлері, оларды тексеру және түзету
5 Техникалық нивелирлеу
6 Қорытынды
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ
1.1.Биіктік өсімшелерін өлшеу әдістері
Жергілікті жердегі нүктелердің биіктіктерін немесе өсімшелерін анықтау мақсатымен жүргізілетін өлшеулерді нивелир деп атайды.Нивелирдің геометриялық, физикалық, механикалық, стереофотограмметриялық деген бірнеше әдістері бар.
Нивелирлеу — жер бетіндегі екі немесе бірнеше нүктелердің биіктігінің айырмасын анықтау. Нүктенің биіктігі мұхит деңгейінен (абсолюттік биіктік), немесе кез келген шартты деңгейден, мысалы, тау етегінен (салыстырмалы биіктік) анықталады. Нивелирлеу мыналармен жүргізіледі: 1) нивелирмен — топографиялық немесе геометриялық нивелирлеу; 2) бұрыш өлшеуіш аспаппен — геодезиялық немеее тригонометриялық нивелирлеу; 3) барометрдің көмегімен — барометрлік нивелирлеу.
Геометриялық нивелирлеуде екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығы (биіктік өсімшесі) горизонталь нысаналау сәулесінің көмегімен анықтауға негізделген. Мұнда дүрбісі горизонталь орналасқан нивелир деген аспап пен рейка қолданылады.
Тригонометриялық нивелирлеуде биіктік өсімшесін сол екі нүкте арасындағы қашықтық пен көлбеу бұрышты өлшеу арқылы анықтайды. Биіктік өсімшесін тригонометриялық формулаларды қолданып есептейді. Нивелирдің бұл әдісі көбіне тахеометриялық түсірісте тахеометр мен рейка қолданылады.
Физикалық нивелирлеу жергікті жердегі нүкте биіктігі мен атмосфералық қысымға негізделген барометрлік және бір-бірімен жалғасқан екі ыдыстағы сұйық зат деңгейінің тең биіктікке негізделген гидростикалық нивелирлеулер деген екі түрге бөлінеді.
Механикалық нивелирлеу велосипедке, автокөлікке орнатылған арнайы аспаптар көмегімен жүргізіледі. Мұндай аспап жылжығанда, атоматты түрде жүрген жол мен нүктелердің биіктіктері бейнеленген профиль сызылады.
Стереофотограмметриялық нивелирлеу биіктік өсімшесін бір жердің екі қос фотосуреті арқылы анықтауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |