71-сурет. Трассаның профилі
Мұнда және -жоба сызығының соңғы және бастапқы нүктелерінің профильден алынатын биіктіктері.
Трассаның басқа нүктелерінің жоба биіктіктері мына формула арқылы есептеленеді:
Мұнда dⁿ-бастапқы нүктеден трассаның n-нүктесіне дейінгі қашықтық і-жоба сызығының көлбеулігі.
5)жұмыстық биіктіктерді есептеу. Нүктенің жобалық және нақты биіктіктерінің айырмашылығын жұмыстық биіктік дейді. Оң таңбалы жұмыс биіктіктері жоба сызығының үстіне(үйінді), ал кері таңбалы астына(ойып алғандық) жазылады.
6)жұмыс істелінбейтін (нольдік) нүктелерді анықтау. Жоба сызығы (қызыл сызық) мен профиль сызығының (қара сызық) қиылысқан нүктелерін нольдік, не жұмыс істелінбейтін нүктелер деп атайды.
Яғни ол жерлерде жер қыртысын сызу не басқа жатқан топырақ әкеліп төгу жұмыстары жүргізілмейді, жер сол бастапқы қалпында қалады. Ол нүктелердің трасса бойында орналасқан жерлерін 0,1 м дәлдікпен өлшеп табады, өйткені жер қазу жұмыстары солардан басталады. Бұл нүктелер профильде көк тушьпен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |