Геометриялық нивелирлеу


Жер бетін квадраттар арқылы нивелирлеу



бет10/19
Дата15.12.2021
өлшемі255 Kb.
#101090
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
введение в реферате образец

1.9.Жер бетін квадраттар арқылы нивелирлеу

Күрделі инженерлік құрылыс жұмыстары жүргізілетін аудандардың, тау-кен өндіріс орны алаңдарының рельефін планды толық етіп бейнелу үшін және де суару, құрғату жүйелері т.б. жобалау жұмыстарын жасау үшін жер бетін квадраттар арқылы нивелирлейді.

Нивелирлеудің бұл тәсілі ашық алаңдарды 1:500- 1:5000 дейінгі масштабтарда түсіру және қазу жұмыстарының көлемін анықтау үшін жүргізіледі. Рельефтің қима биіктіктері 0,1-0,5м болып келеді.

Жердің рельефіне және бейнелеудің дәлдігіне байлансты квадраттардың қабырғалары 10м-ден 100м-ге дейін барады.

Квадраттар торын құру үшін екі теодолитің көмегімен бір-біріне перпендикуляр қабырғалары 200-400м бар үлкен полигон белгіленеді де, содан кейін ол қабырғалар кіші квадраттарға бөлінеді.

Егер масштаб 1:1000 болса,онда квадрат қабырғалары 20 м , ал масштаб 1:2000 болса-40м болады.

Жер бетін ниелирлеудің схемасы 42а суретінде көрсетілген полигонды төрт станциядан түсіруге болады, сондықтан осы станциялар арасын нивелирлік жүріспен қосып, биіктері анықталады. Нивелирлік жүрістің ішіне кейбір квадраттар төбесі байланастырушы нүктелері тұйық полигон кұрайды. Тұйық полигон нүктелерін де есеп рейканың қара және қызыл жақтарынан,ал аралық нүктелерде рейканың қара және қызыл жақтарынан, ал аралық нүктелерде рейканың тек қара жағынан алынады. Есептер квадраттарың төбесіне жазылады.

Түсірілген нүктелердің биіктіктері анықталған соң, берілген масштабта кврдаттар планға салынып, әр нүктенің жанына 0,01м-ге дейін жинақталған биіктіктер жазылады. Рельефтің қима биіктігіне сәйкес, интерполяциялау арқылы горизонтальдар жүргізіледі.

72-сурет.Алаңды квадратта арқылы нивелирле

Интерполяциялау екі нүктенің белгілі биіктіктері арқылы оның қима биіктігіне сәйкес аралық мәндерін анықтау. Интерполяциялау үшін мөлдір қағаз (калька) қолданылады. Калькаға аралары бір-біріне тең параллель сызықтар жүргізіліп (73-суретте), әр сызыққа қима биіктігіне сәйкес сандар жазылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет