73-сурет. Горизонтальдарды жүргізу
Мысалы, АВ сызығын һ=1м интерполяциялау үшін параллель сызықтарға 825,826,827,829 деп жазып алып, кальканы 73а суретінде көрсетілген планға саламыз. Планды калькамен беттестіргенде А және В нүктелері өз биіктеріне сәйкес параллель сызықтардың аралығына орналасуы қажет. Осы қалпында кальканы бекітіп, АВ түзуінің бойындағы параллель сызықтармен киылысқан нүктелердің үстінен түйнеп, із қалдырады, яғни А және В нүктелері арасынан 826,827 және 828 горизонтальдары өтеді. Осы әдіспен басқа нүктелер аралары да интерполяцияланады және бірыңғай нүктелер сызықтармен қосылып, горизонтальдар сызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |