Нивелирлік жүрістерді рекогносцировкалау, жобалау Түсіру жүйелерінің негіздеулерін геодезиялық жүйелерден және жиілендіру жүйелерінен теодолиттік (немесе микротриангуляция) тура, кері және кұрастырылған қиыстырулар, сондай-ақ техникалық нивелирлеу жүрістерін жүргізу арқылы құрады.
Егер үй салынған территорияда 1:5 000 –1:500 масштабтардағы түсірулер үшін түсіру негіздеулері нүктелерінің тығыздығы дәлме-дәл белгіленбей, тек рекогносцировка арқылы анықталатын болса, онда құрылыс салынбаған территорияда түсіру негіздеуінің нүктелері мен геодезиялық жиілендіру жүйесінің пункттер саны 1 км2 ауданға төмендегідей болуы керек:
Түсіру масштабы 1 : 5000 болғанда 4-тен кем емес
—«— 1:2000 —«— 12 —«—
—«— 1 : 1000 —«— 16 —«—
—«— 1 : 500 рекогносцировкалаумен анықталады.
Түсіру негіздеуі пункттерінің дәлдігі бастапқы пункттермен салыстырғанда пландық жағынан алғанда орташа қателіктер жасалынатын топографиялық планның масштабында барлық жағдайда 0,1 мм-ден артық болмауы керек: биіктік жағынан осындай пункттердің кателіктері план үшін қабылданған жер бедері қимасының биіктігінің нен артық болмауы тиіс. Жетуге жолы қиын орманды аудандар үшін пункттердің пландық және биіктік орындарын анықтау дәлдігі 1,5 есе төмендетілуі мүмкін.