Геометриялық нивелирлеу


Нивелир түрлері, оларды тексеру және түзету



бет19/19
Дата15.12.2021
өлшемі255 Kb.
#101090
түріРеферат
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
введение в реферате образец

Нивелир түрлері, оларды тексеру және түзету
Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып шығарылады:
Н-05 – оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, салыстырмалы биіктікті 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-ЗК, Н-ЗЛ нивелирлері – дәл, 1 км екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және III және IV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады.
Н-10, 2Н-10Л, Н-І0К, Н-10КЛ нивелирлері – техникалық, 1 км-лік екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар кұрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейдің көмегімен тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлардың көмегімен өзінен-өзі жасалады.
Нивелирлерді қоймадан алғаннан соң оны толық сыртқы байқаудан өткізеді, жиынтықтығын тексереді, дүрбінің, денгейдің, көтеру, элевациялық және жетекші винттерінің түзулігіне көз жеткізеді.
Далалық жұмыстарды бастар алдында аспаптың осьтер жүйелері мен нивелирді конструкциялаудың негізгі схемасына енгізілген геометриялық сәйкестікті келтіру мақсатымен тексерулер жүргізіледі. Нивелирлер мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1. Нивелирдің дөңгелек деңгейінің осі нивелирдің вертикаль-айналу осіне параллель болуы тиіс. Тексеру үшін деңгейді кез келген екі көтеру винттерінің аралығына қояды да, оларды әр жаққа бұрау арқылы деңгейдің үлбіреуігін ортасына келтіреді,. содан кейін үшінші винттің көмегімен оны нөл-пунктке тұрғызады. Егер нивелирдің жоғарғы бөлігін 180°-қа айландырғаннан кейін үлбіреуік деңгейдің ортасында қалса, онда осы шарттың орындалғаны болып саналады. Деңгейдің үлбіреуігі екі көтеру винтінің бағытында жылжып кеткен жағдайда, оның центрден ауытқуының жартысы деңгейдің түзету винттерімен реттелінеді, ал одан кейін үлбіреуіктің қалған жартысын көтеру винттерімен: нөл-пунктке келтіреді. Нивелирді 90°-қа бұрып, тексеруді үшінші көтеру винтінің бағытында қайталайды. Деңгейдің үлбіреуігі центрінен ауытқыған жағдайда, оның ауытқуының жартысын түзету винттерімен центрге жақындатады да, қалған жартысы тиісті көтеру винтімен теңестіреді. Тексеруді нивелирді ось төңірегінде айналдырғанда нөл-пункттен денгейдің үлбіреуігі ауытқымайтын болғанша бірнеше рет қайталайды.
2-сурет
2. Тордың вертикаль жібі нивелирдің айналу осіне параллель болуы тиіс. Нивелирді орнатып, оның айналу осін вертикаль жағдайға дөңгелек деңгей көмегімен келтіреді де, жіптер торының негізгі горизонталь штрихын нивелирден 15–20 м қашықтықта орналасқан жақсы көрініп тұратын нүктеге нысаналайды. Жетекші винтпен нивелирдің дүрбісін азимут бойынша ақырын айналдырып, горизонталь штрихтың бақыланып отырған нүктеден шығып кетпеуін қадағалайды. Егер осы кезде горизонталь штрих нүктеден 1 мм-ден артық шығып кетсе, онда торды орнатуды түзету керек. Түзету тордың диафрагмасын бұру арқылы оның вертикаль жібі тіктеуіштің жібімен беттескенше жасалынады.
3. Цилиндрлік деңгейдің осі дүрбінің нысаналау осіне параллель болуы тиіс. Тексеруді алға екі мәрте нивелирлеумен орындайды. 50–75 м қашықтықта екі қазықшаны немесе үлкен шегені қағады. Нивелирді (23 сурет) А нүктесінің үстіне орнатып, нивелирдің биіктігін і1 рейкамен 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшейді де, В нүктесіне қойылған рейкадан П\ есептеуін алады. Содан кейін нивелир мен рейканың орындарын ауыстырып, і2 және П2 өлшеулерін алады. Бұдан кейін деңгейдің осімен дүрбінің нысаналау осінің параллель шартының қателігінің сақталмауын (х) мына формуламен есептеп шығарады:

Нивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. Жер пішінін зерттеу, жер қыртысының вертикаль қозғалыстарының шамасын анықтау, теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы басқа ғылыми зерттеулерге қажет мағлұматтар береді. Нүктелердің биіктігі іргелес екі нүктенің биіктік айырымына қарай анықталады. Геометриялық және тригонометриялық Нивелирлеу топография түсірулерде биіктіктерді үлкен дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Барометрлік және механикалық Нивелирлеу түрлі экспед. зерттеулер кезінде пайдаланылады. Гидростатикалық Нивелирлеумен ғимараттардағы өзгерістер айқындалады. Бұлардан басқа астрономиялық немесе астрономиялық-гравиметриялық Нивелирлеу қолданылады.[1]


Нивелирлеу геодезиялық өлшеулердің саңдық көрсеткішінің бір түрі. Ол биік тірек геодезиялық торды (жер бетінің ойлы-қырлы өлшем көрсеткіштерін) құруда, топографиялық жер бейнесін түсіруде жер бетінің бейнесін кішірейтіп (масштабпен), сондай-ақ инженерлік ғимараттарды, темір жолдар мен тас жолдарды, каналдарды және т.б. жобалау, құру және оларды пайдалану мақсаттары үшін жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет