Германияның бірігуін орнықтыру жөніндегі Келісім
Германияның бірігуін орнықтыру жөніндегі келісімге 1990 жылы 31 тамызда Берлинде «Унтер ден Линден» сарайында қол қойылды. Договор көлемі жағынан үлкен өте түпкілікті жасалғян қүжат. Онда бірыңғай Германия мемлекетінің құрылғандығының барлық қүқықтық аспектілері реттелген. Сонымен қатар осы қүжатта жекелеген баптар мен ережелерде және көптеген қосымшаларда оның бірігуі жөнінде талдаулар, түсіндірулер беріледі. Келісімнің басында бірігудің мотиптері көрсетіледі, келісімнің мәні 1-бапта анықталады. Германия Демократиялық Республикасының Федеративке кіргендігі негізгі заңның 23-бабы [26].
3 қазан 1990 жылы Брандербург, Мекленбург, Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Анхальт және Тюрингия Германия Федеративтік Республикасының жері болып есептелінді. Осы бапта Берлиннің 23 ауданы Берлин «жері» дегенді құрады деп көрсетіледі. Бұл жер Германияның басты қаласы, астанасы болып табылады [27].
Өкімет пен парламенттің орналасу жөніндегі мәселе ерекше тәртіппен шешіледі. ГДР ФРГ-ға қосылған кезде шешуін табуы қиын болған мәселелердің бірі ГДР өмір сүрген 40 жыл ішінде қалыптасқан әлеуметтік институттарды жеке меншікке байланысты мәселелерді дүрыс та, әділетті де шешу болды. Әсіресе ГДР-дегі азаматтарға тыйым салынған мамандықтардың басын ашып алу қажет еді.
ГДР-дің ФРГ-ға бірігуі үзақ созылатын процесс еді. Бірақ ол үлкен пікір-таласқа қарамай 3 қазан 1990 жылы шешілді. 23 тамыз 1990 жылы елдің 3 қазан 1990 жылы бірігетіні жөнінде жарияланды. Алдын-ала келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер «2+4» формуласы бойынша ж\ юге асты. Бір жағында ФРГ және ГДР, екінші жағында-АҚШ, КСРО, Франция және Ұлыбритания. Олардың қатысумен біріккен елдің қауіпсіздік сыртқы саяса аспектлері талқыланды./28/. Қоғамның /экономикадан басқа/ қызметінің барлық салаларын қарастырса да, договор конститутция ережелерін, әкімшілік құқықтарды, қылмыстық қүқықтарды реттеген кезде оның кейбір мәселелерін естен шығарған. Мысалы қауым назардан тыс қалған, соңын салдарынан 1991 жылдың басына қарай жаңа жерлердегі қауымдардың көпшілігі банкроттық жағдайға ұшырады.
Бірігуді орнату туралы договор әкімшілік басқару органдарын тез қайта жабдықтау және қайтадан өндіріске кіргізу ] іәселелерін көтермейді. Бұл жерде мәселе финанстың жетіспеушілігінен омес, мамандаған персаналдың жетіспеушілігінен туып жатқан мәселе еді. Осы кезге дейін әкімшілік аппарат бұрыңғы кадрлардан тұратын. Оларға бақылауды батыстың «тәлімгерлері» жүзеге асырды. Жаңа кадрларды дайындау , сөссіз көп уақыт алатын.
1990 жылы 18 наурызда ГДР-де 1 «ерте сайлау» өткізілді. ГДР тарихында 18-інші наурызда өткен сайлау ГДР тарихында бірінші және соңғы болған ерікті сайлау болып есептелінеді. Оған 24 партия және бірлестік қатысты. Жеткілікті дауыс жинаған партиялардың Халық палатасына енуіне проценттік барьердің жоқ болуы. Сайлау өтпестен бұрын мынандай болжамдар жасалды. Көптеген зерттеу институттары мен соітиологиялық қызметтің болжамы бойынша СЕПГ-ның орнына құрылған ПДЗ 31% дауыс жинайды. «Штерн» журналы солшылдар жеңеді деген болжам айтылды. ГЕЗА-институтының болжамы бойынша дауыстар СДПГ, ПДС партиялар арасында шашырап кетеді. Осы сайлау кезіңде ХДС және ХСС онша көп дауыс жинамайды. Алайда сайлаудың қорытындысы күтпеген жағдайға үшыратты. Сайлаудың қорытындысы бойынша ХДС қолдайтын Германия үшін Альянс партиясы дауыстың 48%-ін, СДПГ-21,84%, ПДС-16,33%, ерікті демократтар одағы-5,3%-ін дауыс жинаған. Ал қалған партиялар мен қозғалыстар-5%-тен төмен дауыс жинағандар [29].
«Германия үшін альянс» партиясы парламентте жартысынан аз ғана орын алғандықтан, ол либералдармен ғана :мес социал-демократтармен де коалицияға баруына тура келді. Оның басты себебінің бірі конституцияны өзгерту үшін қажетті маман көпшілік қажет еді. Сайлаудың қорытындысы ГДР жеріндегі саясаткерлерді қатты таң қалдырды.
Экономикалық, валюталық және әлеуметтік одақтар туралы келісімдер
13 ақпан 1990 жылы ГДР-дің премьер-министрі Ганс Модров және ФРГ канцлері Гельмут Коль кездесті. Ол кездесу Бонн қаласында өтті. Екі ел басшыларының келіссөздер барысында экономикалық және валюталық одақтарды дайындау жөнінде біріккен коммиссия құру туралы келісті. ГДР мемлекеті өзіне 15 млрд марка тұрінде кредит беруді талап етті. Бірақ ФРГ бүған қарсы болды. Келіссөздердің барысына ГДР жағынан келген делегаттар наразы болды. Делегаттардың бірі Батыс Германиядан келген әріптестердің келіссөздері жүргізудегі қылықтары, сөйлеу манералары үнамады. Делегаттардың бірі Германияның біріккендігі үшін Бонннан келгендер бағасын өсірді деп көрсетеді. Батыс Германия валюталық одақты еңгізуді ГДР-дің халық палатасына дейін өткізіп жіберуді үсынды. Алайда ГДР мүны қабылдамады.
Шығыс Берлинде 19 -ші ақпанда сөйлеген сөзінде Ганс Модров былай деп түсіндірді: одақтың функциясының негізіне әлеуметтік кепілдік берулері қажет, оның құрылу мен нығаюы сайлаудан кейін.ғана мүмкін. 18 мамырда Боннда ФРГ мен экономикалық, әлеуметтік және валюталық одақтың құру туралы мемлекеттік келісімге қол қойылды. ФРГ канцлері Гельмут Коль келісімге қол қою жайында былай деді: «одақтың құрылуы бірігу жолында жасалған бірінші батыл қадам» [30].
Экономикалық, Әлеуметтік, Валюталық одақ 1990 жылы 1-ші шілдеде күшіне енді.
БеиІ8Ііе ВшкіезЪапк елдегі жалғыз ұлттық банкіге айналды. Валюталарды айырбастау мынандай қатынаста жүргізілді: жалақы, стипендия, пенсия, 1:1, ал қалған төлемдер 2:1 қатынасымен ауыстырылды. Экономикалық одақтың құрылуы мынандай себептерден туған еді: ГДР-де әлеуметтік рыноктық экономиканы дамытуға қажетті алғышарттар жасалану қажет. Оны жеке меншік қалыптастырады. Товардың, капитаі дың және жүмысшы күшінің еркін араласуы, жеке кәсіпшіліктің бостандығы. ГДР-де осылардың еркін дамуына жағдай туғызылуы қажет. ГДР-дің алдына әрекет етіп жатқан рыноктық экономикада салық алу, финанс бюджеті сестимасын құру міндеті қойылды. Европалық Одақ мүшелерінің-елдерінің ауылшаруашылық секторына аграрлық секторды ыңғайластыру негізгі міндеттерінің біріне жатты. Одақтың әлеуметтік аталуының басты себебі ГДР ФРГ-да қалыптасқан қамсыздандыру, пенсия, ауру бойынша көмектесу және жүмыссыздық, төтенше жағдайларда үлгісін алды. ГДР ФРГ-ның үлгісімен жүмысшыларға жүмысшылардың өзін-өзі басқару қүқын беруге міндетті. Сондай-ақ ГДР ФРГ сияқты ереуілдерге қатысуға рүқсат береді. Әлеуметтік қамсь здандыру жүйесін қаржыландыру үшін федералдық бюджеттен қаржы бөледі тағыда қосымша Біріккен Германияның арнайы қорынан 115 млрд ДМ көлемінде қаржы бөлдіртеді.
Одақ 1-ші шілде де күшіне енеді. Бұл келісім күшіне енген күні банктер, жинақ кассалары алдында ақша айырбастауға үмтылған адамдар санында есеп болмады. Оталық неміс банкіның ақша айырбастайтын 15 мың филиалы ашылды. Берлинде ақша айырбастайтын филиал түн жарымында жүмыс істеді. Соған қарамастан оның ашылуын мыңдаған адамдар ашылғанға дейін күтті. Күткен адамдардың күңіл-күйі жоғары. Бұл естен кетпейтін оқиғаны автотранспорт жүргізушілері және көшеце болған адамдар вино және шампанский ашып тойлады [31].
27-ші мамыр 1990 жылы ГДР сыртқы істер министрі Маркус Мекель және қорғаныс министрі Райнер Эппельман жақын арада жалпы сайлау жүргізуге қарсы шықты. Олардың пікірінше жалпы сайлау өтетін мезгіл 1992 жылдың соңы болуға тиіс.
1990 жылы парламентке сайлау өткізілуі тиіс. Атап айтқанда ФРГ парламентіне Герман бундестагының өкілеттілігінің мерзімі /11 легисхатура/ осы кезде бітетін. Ол парламент 1987 жылы қаңтарда сайланған болатын. Алайда тез және шебер құрылған валюталық, экономикалық және әлеуметтік одақ, ГДР территориясында қабылданған ФРГ заңдары тез арада бірігудің анықтайтын зор факторына айналды. ГДР-дің ФРГ құрамына ФРГ-нің негізгі заңының 23-ші бабы негізі бойынша кіруі 2-ші желтоқсанға алғашқы жалпыгермандық сайлауды тағайындатты. Ол бірігу процессінің жалпы қорытындысын шығарды. Сайлаудың ерекшеліктерінің бірі 5%-тік барьерді жеңе алған кез келген партия ФРГ территориясына және бүрынғы ГДР территориясына бөлек-бөлек жалпыгермандық бундестагқа кез келген жақтан өте алды. Сайлаудың нәтижесі біздің көзқарасымызша адам қызығарлық. Сайлаудың нәтижесі: Батыс сайлау бөлімі бойынша:
-
хдс/хсс
|
-44.3%
|
Жасылдар
|
-4.8%
|
СДПГ
|
-35.7%
|
пдс
|
-0.3%
|
СвДП
|
-10.6%
|
Қалғандары
|
-4.3%.
|
Сайлауға сайлаушылардың 78,5%-і қатысты.
Шығыс сайлау бөлімі бойынша:
-
хдс
|
-41.8%
|
сдпг
|
-24.3%
|
СвДП
|
-12.9%
|
Жасылдар-90
|
-6.0%
|
пдс
|
-11.1%
|
Қалғандары
|
-3.9%
|
|
|
|
|
Сайлауға сайлаушылардың-74.5%-ті қатысқан.
Жалпы қорытынды
|
ХДС/ХСС
|
-43.8%
|
СДПГ
|
-33.5%
|
СвДП
|
-11.0%
|
Жасылдар
|
-3.9%
|
пдс
|
-2.4%
|
Жасылдар
|
-1.2%
|
Қалғандары
|
-4.2%
|
Сайлауға сайлаушылардың - 77.8% қатысқан./32/
|
Бұл екі Германия біріккеннен кейінгі алғашқы сайлаудың қорытындысы болатын.
|
|
|
2.2.ГЕРМАНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
Сыртқы сауда-әртүрлі елдермен жасаланатын сауда. Ол товарларды экспорттаудан және импорттаудан, қызметтерден тұрады. Республикасының экономикасындағы жағымды өзгерістер, экспорттық түсімдердің өсуі сыртқы рынокта біздің кәсіпорындардың белсенділігінің артуына тиімді әсер етеді. Егер 1992 жылы 31 мемлекетпен байланыс жасаса, қазіргі кезде сыртқы сауда географиясы 90 нан астам мемлекеті қамтиды [33].
Біраз жылдар бойы Ұлыбритания, Нидерландия, Германия, Қазақстан, Қытай, Украина, Италия, АҚШ, Финляндия мен сауда қатынастары үнемі өсіп келеді. Аталған мемлекеттер республиканы жалпы товар айналымының 70%-ке жуығын құрайды. Оның үстіне сауданың көлемі өсе түсуде. Қазақстан Республикасын ірі сауда әріптесі болып Ұлыбритания есептелінеді. Ал екінші орында-Германия және Нидерланды. Сыртқы рынокқа товарлардың 700-ден астам тұрі экспортқа шығады. Жыл сайы і елде өңдірілген өнімнің 40%-ті республикадан тыс жерлерге шығарылады. Соның ішінде отын өнеркәсібінің өнімі 70%, қара металлургия 20-25%, химия және мұнайхимия-50%, машина жасау-20%. Республика отын-энергитикалық және мұнайхимия коплекстерінің өнімдерін экспорттаудан Ресей аймағында алғашқы ондыққа кіреді. Экспорттаудан түсетін валюталық түсімдердің тұрақты болуы республикада қажетті товарларды импорттауды қамтамасыз етеді. Башкортстанға өнім шығаратын негізгі импорт шығарушылар көп жылдар бойы Қазақстан, Германия, Украина, Италия, Франция болып табылады.
Елге импортқа әкеленетін товарлардың ішінде басым орынды машина жасау өнімі алады. Отандық тұтынушылар шетелде ауылшаруашылық техникасын, цифрлық және автоматтық телефон станцияларын, әртұрлі өндірістік құрал-жабдықтар, компьютерлер, азық-түлік өнімдерін, қолданылатын заттарды сатып алды.
Күз мезгілінде «неміс экономикасының күндері» атты шараны өткізу өзіңдік дәстүрге айналды. Германияның Қазақстандағы елшілігінің қамқорлығымен мұндай шараларды жүргізу жылдан-жылға қуана жалғасып келеді. «Рахат-Палас» қонақ үйінің конференс холлы залына адам лық толады. 2004 жылы 23-24 қыркүйекте төртінші көрме-конференция өткізілді. Конференцияның негізгі тақырыбы «Қазақстан, Германия және Европалық одақтың экономика саласында екі жақты және көп жақты қатынастарын дамыту және Орталық Азия республикалары және Европалық одақ интеграциясы». Биылғы жылы қатысқандардың ішінде Қазақстанда жұмыс істейтін неміс компанияларының өкілдері ғина емес, студенттер, дипломаттар, Қырғызстандағы неміс дипломаты болғаны байқалды. Қырғызстандағы неміс дипломаты осындай шараларды Қырғызстанда жүргізу үшін әдейі келдім деген пікір айтты. Аған жауап ретінде «біздің» немістер «шамасы залдағы шпион жалғыз сіз емес боларсыз» деп әзіл айтты.
Бір ескеретін жай Германияда парламенттік сайлау өткізілгеннен кейін конференция бірінші күні басталды. Осы жылы парламенттік сайлау шиеленіскен жағдайда өткен болатын. Конференция қарсанында Алматыда өткен түн ыстық болды. Оған қатысқандардың көпшілігі неміс елшілігінің резиденциясында өткізді. Ол жерде сайлаутылардың екі тобының бір-біріне қарсы екендігі қатты білінді. Аға үрпақ Ш| елдер үшін жаны ауырды, жастары Штойбер партиясына жаны ашыды.
Германиядағы елші Кертинг құттықтау сөзінде қанағаттанған сезіммен былай деп атап көрсетті «Шредер екінші мерзімге өтті, Германия үкіметінің сыртқы саясат бағыты ешқандай өзгеріссіз қалады және Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық қатынастар бүрынғысынша позитивті болып есептелінеді» [34]. Конференцияға Қазақстан жағынан Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың қатысуы ерекше леп берді. Сонымен қатар неміс елі жағынан «Аллианц» тобының бас экономисті-Клаус фридрих қатысып сөз сөйледі. «Аллианц» тобы Дрезднер банкының акциаларын иемдінеді. Клаус Фридрихтің халықарш ық финанс ісі саласында үлкен тәжірибесі бар. Ол үзақ жылдар бойы Халықаралық институттың Оңтүстік және Шығыс Европа бөлімін басқарды. К.Фридрих мырзаның осы конференцияға қатысуы оған ерекше мән берді. Доктор Фридрих Орталық Азияда бірінші рет болды. Алайда оған қазақ далаларымен таулары үлкен әсер қалдырды және ол Қазақстаның туристік бизнес саласында жоғары потенциалы туралы қорытынды жасады.
Германияның сыртқы сауда саясаты Шығысқа бағытталған. Өкімет басында қандай партия тұрғанына қарамастан, экономикалық саясат ашық болып қала береді деп атап көрсетті К.Фридрих мырза. Неміс қоғамының басты проблемасы жүмыссыздық. Ең алдымен О ы проблеманы шешіп алу қажет. Осы жағдайда Германиядағы жүмыс орындарының үштен бірі сыртқы экспортқа тәуелді. Неміс баспа сөзі алпыс үш жастағы экономисті евро үшін күрескер деп айдар тақты. Көптеген ғалым-экономистер евроның үзақ өмір сүретіне сенбейді. Евро 1998 жылы өз жолын бастады. К.Фридрихтің пікірі бойынша евро тек экономикалық емес, Ол саяси инструмент болып табылады. Ол өзінің баяндамасында Европаның бірігу тарихына кең тұрде тоқталды. Рим империясы уақытынан бастап Европаны біріктіру сәтсіз үмтылыстар мен тәсілдерге толы. Наполеон және Гитлер де біріктіруге әрекет етті, бірақ жүзеге асыра алмады.
Европадағы экономиакалық ситуатцияны өзгертетін кейбір себептерді талдай келіп доктор К.Фридрих мынандай позицияларды атап көрсетті: КСРО-ның қүлауы ФРГ-ның ГДР-мен бірігуі. Осы факторлар Германияны шығысында жаңа экономикалық жағдай туғызды. Соның бірі шығысевропалық мемлекеттердің Европалық экономикалық қауымдастыққа кіру мүмкіндігін туғызды. Американ доллары мен евро курсының айырмашылығына байланысты валюталық батыл шешімге барды.
Европалық қауымдастықтың мүддесіне қарай Германия өзінің тұрақты валютасы-маркасынан бас тартуына тура келді. Евроны енгізгені үшін дивидендтер алмады. Шығыс Европа мемлекеттерімен сауда қатынастарын дамытуға тиіс болды. Оның үстіне мынаны естен шығармау керек. Келешекте Евродақ шекарасы шығыспен жүргенде Европалық экономикалық қауымдастықтың тікелей көршісіне Ресей айналады. Осылайша, Жаңа Шығысқа қарай экономикалық қатынастардың жаңа беті ашылады. Жаңа Оңтүстік-Шығыс жаңа қатынастың аймағына айналады. Өмір сүру деңгейлері көтеріліп жатқан Орталық Азия елдері Германияның жаңа әріптестеріне айналады.
Доктор К.Фридрихтің баяндамасының біраз бөлігі жаһандану проблемасына арналған. Ол туралы түсіндіре доктор К.Фридрих айта-айта шаршаған. Оның пікірі бойынша жаһанданудың маңызды аспекті-еңбек бөлінісі. Қүқықтық қорғаушылық және тұрақтылық-осы маңызды екі мәселені шешіп алу қажет [35].
Григорий Марченконың баяндамасы Қазақстан Европалық экономикалық қауымдастықта интеграцияға қатыспайды дегенмен басталды. Г.Марченко мырза ескерту ретінде Қазақстанға қазақстан заңдарында жүргізілген реформадан кейін жаңа европалық компаниялардың келетіндіктері туралы берілген уәдені еске түсірді. Алайда уәде уәде күйінде қалып қойды. Европалық финанс институттары Қазақстан рыногында ықылассыз жүмыс істейді. Әсіресе олар қамсыздандыру саласына барғысы келмейді.
Григорий Марченко Қазақстандағы финанс рыногының болашағы туралы айта келіп инфляцияның төмен деңгейі туралы қамқорлық қажет екендігін атап көрсетіп, оның сол кезде 6% екендігін баса көрсетті. Мұнан кейінгі жылдары да инфлятция 4-6% деңгейінде болады. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда ең прогрессивті төлем системасы бар деп көрсетті. Сонымен қатар ол екінші деңгейдегі банктердің жақсы жүмыс істеп жатқандығын атап көрсетті және ТМД-да елдерінің ішінде Қазақстанда кредиттік және дебиттік карточкалар бар екендігін айтты. Осы карточкалардың 80%-і Қазақстан үлесіне тиесілі.
Г.Марченко валюта курсын айырбастауға байланысты американ доллары мен Қазақстан теңгесінің арасындағы айырмашылықтың өте тұрақты екенін айтты.
Алматыда Неміс Үйі деген мекеме ұйымдастырған. 4 қыркүйек 2004 жылы Неміс Үйінің үйымдастырғанына 10 жыл толған юбилейі тойланды. Бұл Неміс Үйі Қазақстанның жартылай конфессиональды және жартылай этникалық жағдайына өзіндік ерекшелігі бар мәдени орталық болып табылады. Бұл үйді үйымдастырудың мақсаты бейбітіғілікті қамтамасыз етуге көмектесу, этника аралық келісім, өзінің масштабы меі аясында экономикалық гүлденуге жол ашу болып табылады. Юбилейге келген қонақтар ішінде Александр Павлов және Төлеген Шукеев сияқты белгілі саясаткерлер, сенатор Виктор Кист, жазушы Героль Бельгер, академик Эрвин Госсен, академик Эрнст Босс, Қазақстан сыртқы істер министрігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Курбасов, Қазақстандағы ұлттық бірлестіктердің лидерлері және Германия ішкі істер министрігінің делегациялары болды. Делегацияны министериаль-директор Клаус Пеле, ГТЦ делегациясын доктор Байер басқарып келді. Бұл оқиғаға 120 қонақ шақырылды. Оның ішінде Қазақстандағы Неміс қоғамдық бірлестігі Ассоциациясының төрағасы Александр Дедерер болды. Ол өзінің қүттықтау сөзінде 10 жыл ішінде өткен оқи алар туралы айта келіп Александр Дедерер қорытындылады және өз өмірінен кішкентай мысал келтірді. Бұл юбилей осы адамның жігерінсіз, энергиясыз, шаршамай еңбек еткен арқылы үйымдастырылып еді. Егер бұл адам үлкен еңбек сіңірмегенде юбилей мүмкін өтпей қалған болар еді. 1993 жылдың басында Неміс Үйін құру жөнінде шешім қабылданғанда, немістердің жағдайы өте күрделі, ауыр болатын деп атап көрсетті Александр Дедерер. Германияға негізінен Қазақстаннан қоныс аударғандардың толқыны өте көп болатын. Сол уақыттағы қиындыққа байланысты Германияға келген немістер де сол қиындыққа ұшырады, төзді. Сондай қиын жағдайда Неміс Үйін құру барлық немістердің оптимизмінен туған еді. Германия үкіметі үйдің құрылуына үлкен көмек көрсетті. С,ондай-ақ Гермнаия үкіметі әртұрлі шараларды жүргізуге де көмегін аямады. ГТЦ аясында әлеуметтік көмектің әртұрлі жоб; лары жасалды. Соның ішінде ең бастысы Қазақстанның ұлттық саясатына қосылған үлес еді.
Достарыңызбен бөлісу: |