1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы
Егерде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия территориясы соғыс қимылдарынан ешқандай зиян шекпесе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел үгінді болып қалғандай көрінді. ('неркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінінің үштен біріне ғана жетті. Шығыс Пруссиядан Одерден Нейсеге дейін жатқан жерлерге қоныс аударылды. Бұл онсызда қиын тұрғын үй проблемасын шиеленістіріп жіберді. Одақтастар репарация төлемі үшін өнеркәсіп құрал-жабдықтарын әкете бастады. Елде өмір сүру деңгейі 3/1 –ге дейін қүлады, ақша қүнсызданды. Азық-түлік пайкалары физиологиялық минимумынан калориясы төмен еді. Оның үстіне Германия тәуелсіз мемлекет болудан қалды. Ол оккупацияланды. Оның территориясының біраз бөлігі тартып алынды. Көзімен көргендердің айтуынша «ашаршылық пен қорқыныштың арасындағы, үміті өлген мемлекет» [13].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзінің алып мемлекеттері АҚШ пен КСРО арасында туындаған «қырғи қабақ соғыс» соғыстан кейінгі Германия тағдырына тікелей ықпал етті. Басты державалардың Германия территориясы бойынша қарама-қайшылығы білінді. Бұл Германияның бөлінбей қоймайтындығын көрсетті. Сонымен бірге «қырғи қабақ соғыс» батыс державалардың оккупацияланған Германияның роліне басқаша қараудың жөн екенін байқатты. Жеңілген жаудан гөрі Германия не одақтасқа, не Батыстағы үміт артатын сүйнішке айналғаны дүрыс болып есептелінді. Оның экономикалық потенциалын барынша әлсіретуге ынтызарлық жойылды. Германиядан өнеркәсіптің 5%-тік қуаттылығы ғана әкетілді. Америкада Маршалл жоспары талқыланған кезде амер ікандықтар оған батыс зонаны да қосуды талап етті. Бас мемлекеттер үшін Германияда экономикалық ситуацияны сауықтыру қажеттілікке айналды. КСРО-ның қатысуымен мүндай саясатты жүргізу мүмкін емес еді. Олар тек ақша реформасын ғана жүргізе алды. Қүнсызданған рехсмаркадан немістер қүтылуға асықты. Рехсмарка неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонадағы әрбір тұрғын 60 ескі рехсмарканың орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Егер бүрын товарлар жетіспесе енді ақша жетіспейді. Инфлияция тоқтатылды, қара рынок жойылды. Экономикалық өмірде қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалды [14].
1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті. Ал 1949 жылдың соңына қарай ол соғысқа,дейінгі қалпына келтірілді. Батыс Германияда ақша реформасының жүргізілуіне қарсы КСРО Батыс Берлинге блокада жасады. Батыс елдері батыс зоналарда герман емлекетін тез құруға асықты. 1948 жылы қыркүйекте 1946 жылы қалпына келтірілген жер парламенттерінің Парламенттік кеңесі шақырылды. Ол Федеративтік Республиканың конституциясын жасады. Оны оккупациялық өкіметтер бекіткен соң 1949 жылы 23 мамырда :үшіне енді. Конституция неміс азаматтарының негізгі азаматтық және саяси бостандықтарын бекітті және Батыс Германияны Федеративтік Республика деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамында 11 неміс жері батен-вюлтенберг жерлері кірді. СААР жері 10 бөліктен тұрды. Оның әрқайсысының өз конституциясы бар, сонымен қатар олардың заң шығаратын, оны орындайтын және сот органдары бар. Басқару формасы жағынан ФРГ парламенттік республика. Веймар республикасының конституциясымен салыстырғанда ФРГ-дағы президент өкіметі шектеуліол неді жалпы сайлауда сайланбайды. Оның қарамағында заңдар үкімет басшысында нақтылануы қажет. Бундестаг федералдық канцлерді бекітеді.
1949 жылы тамызда Бундестагқа міғашқы сайлау болды. Жеңіске үмтылған үміткерлердің ішінде христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақ блоктары болды. Және Германияның социал-демократиялық партиясы да жеңістен үміткер болатын. Олар Бундестагта бірдей мөлшерде орын жинады. Алайда ХДР-ХСС және коалициясына ерікті демократиялық партия (СвДП) кірді. Ол осы партиялардың үкімет құру ие болу қүқына жол ашты. ФРГ-нің канцлері болып 75 жастағы тәжірибелі саясаткер христан-демократ Конрад Аданауэр сайсанды. Веймар республикасының жылдарында ол орталық партиясының мүшесі және Кельн қаласының бургом-мистр ол Черчилл сияқты саясатта үзақ айналысқан. Конрад Аданауэр 1963 жылға дейін канцлер болып қала берді. Оның мемлекет нің ішкі және сыртқы саясатында жүргізген еңбігінде баға жетпейді. Веймар республикасының күйрегенін көзімен көрген нағыз демократ Конрад Аданауэр ФРГ-да демократиялық институттардың нығаюына өз тигізді. Ол европалық идеяны жақтаушы, Германияның Европаның басқа істерінен аулақ болмауына қолдан келгеннің бәрін істеді. Ол европалық интеграцияны барынша жақтады. Сондықтан ол 1952 жылы Германияны біріктіру жөніндегі жоспарын қабылдамады. Германия бірігу үшін КСРО-да және Шығыс Европа елдерінде түбірлі өзгерістер болуы қажет. Сондай жағдайда ғана ФРГ мен ГДР біріге алады. Оның сөзі шықтан болғандығын тарихтың өзі дәлелдеді [15]. «Қырғи қабақ соғыстарында» ФРГ үкіметінің АҚШ-қа бағытталуы оны позициясын нығайтты. 1951 жылы оның территориясында оккупациялық режим алынып тасталынды. 1955 жылы ФРГ НАТО-ның мүшесі болды. 1957 жылы Европалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі. Франция Германиямен татуласты. ФРГ өзінің маңызды мемлекетке айналғанын түсініп Шығыс Германия туралы мәселені көтерді. Германия Шығыста социалистік елдерді мойындамады. Өзі де және одақтастары да Германия демократиялық республикасымен демократиялық қатынастар орнатпады.
1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері
ФРГ-нің халықаралық позициясының нығаюы көбіне оның экономикалық өрлеуімен тікелей байланысты. 1950-1964 жылдары ұлттық өнім 3-ке дейін өсті. Ол соғысқа Германиядан артық өнім шығара бастады. Европа «герман кереметі» туралы айта бастады. Оның себептері аздаған соғыс шығындары, отарларды басқару аппаратына ұстауға шығынның болмауы шығыста тұра алмаған қоныс аударушылардың жаңа жерде сіңісіп кетуі осы жылдары Германияның экспорты өсті. Экспорттан түскен табыстар қарыздармен есептесуге мүмкіндік берді. ФРГ-да жасалған өнімнің көпшілігі дүниежүзілік рынокқа шықты. ФРГ нацизм құрбандарына жәрдем ақы беруге және алтын валюттік резервтер жасауға мүмкіндік алды. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс герман демократиясын шайқалтса, 50-60 жылдардағы өрлеу оның нығаюын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ФРГ-ны Батыс елдерінің экономикалық қуаты жағынан зор елдерінің біріне айналуы сыртқы саясат саласында оның алдына жаңа міндеттер қойды. Өзіне жақын орналасқан Шығыс Европа елдерінің оны майындамауы ФРГ-нің дипломатиясын икемді етті. Әсіресе бұл дамып келе жатқан елдермен КСРО-ның қарым-қатынасында көрінді. 60-жылдардың соңында Шығыс елдерінде түбірлі өзгерістердің болмай қоймайтындығы айқын болды. Ол елдердегі басқарушы режимдер тұрақтанды, КСРО оларға қатаң бақылау қойды. Өмірде болып жатқан шындық оқиғаларды елемеу ФРГ-ның беделін одан әрі түсіру қаупін туғызды.
СДПГ сыртқы саясат бағытын өзгерту туралы болған пікір-таластың дем берушісі болды. Пікір-талас саяси күштердің қайта топтасуымен аяқталды. СвДП СДПГ-ны қолдады. Осы екеуінің бірін-бірі қолдауымен жаңа коалиция құрылды. Осы екі партия 1969 жылы үкіметті қалыптастырды. Елдің канцлері болып социал-демократ Вилли Брандт та айындалды. Елдің сыртқы істер министрі болып-еркін- демократ Вальтер Шеель қызмет атқарды./16/.
Брандт Вилли /1913-1992/ шын аты Герберт Карл Фрам Германия мен дүние жүзілік социал-демократияның көрнекті қайраткері. СДПГ-ға мүше болған Гитлер өкімет басына келген соң фашизмге қарсы қызмет жүргізеді. Швецияда эмиграцияда болады. Соғыстан кейін Батыс Берлинге қайтып оралады. 1957-1966 жылдары Батыс Берлиннің бургомистрі. 1964 жылы СДПГ-ың төрағасы болып сайланады. 1966-1969 жылдары сыртқы істер министрі және вице-канцлер. 1969-1974 жылдары батысгермандық үкіметті басқарады.
1976 жылдан бастап Социнтерннің төрағасы. 1971 жылы халықаралық қатынастарды жақсартуға қосқан үлесі үшін нобельдік сыйлықтың лауреаты.
Вилли Брандт үкіметі түсында ФРГ-ның жаңа шығыс саясаты жүзеге асты. Соғыстан кейінгі жылдарда Шығыс Европада қалыптасқан шекаралар танылды. ГДР мемлекетімен мемлекет аралық қатынастар орнатылды. Екі неміс мемлекетінің бірін-бірі мойындау олардың БҰҰ-на қабылдануына жол ашты. Екі мемлекет арасында Батыс Берлин статусы туралы келіссушілікке қол жеткізілді. Бұл екі мемлекет арасында осы қала маңайындағы шиеленісті бәсеңдетті. ФРГ 70- жылдары Шығыс Европа елдерінің Батыстағы экономикалық әріптесіне айналды. ФРГ жалпыевропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша өткен мәжілістің Қорытынды Актісін жасауда үлкен еңбек сіңірді. Осыған байланысты ФРГ-нің халықаралық беделі орасан зор өсті.
Елдің ішкі дамуында 70-жылдар түбегейлі өзгерістер жылдары болып есептелінеді. ФРГ-да валюталық инфляция а қарамастан басқа Батыс елдері сияқты дағдарыстарға үшырағанымен ФРГ-ның экономикасы дамыды. Солай бола тұрса да экономикалық дағдарыстың кейбір салдарлары байқалып қалды. Халықты мазасыздандырған проблемалардың бірі-саяси терроризм./17/. Бұл қүбылыс 60-жылдардағы жастар қозғалысынан туындаған. Осы жылдары жастардың біраз бөлігі революциялық үрандарды тікелей қабылдады. Мүндай үрандар көпшіліктен қолдау таппады. Сол кездегі батысгермандық қоғамда жастардың біраз бөлігі террор құралдары арқылы ФРГ-да капиталистік құрылысты қүлатуды ойлады. ФРГ-да әрекет еткен террористік үйымдардың ішінде жетекші рөльді «Фракция Красной Армии» атқарды. 70-жылдардағы террористердің құрбаны 41 адам болды./П/. Алайда 80-жылдардың басына қарай батысгермандық полиция террористердің басым көпшілігін түтқындай алды. Қудаланғандардың біразы ГДР-ге барып жасырынды.
Батыстың басқа елдері сияқты ФРГ-да да 70-жылдары экономиканы мемлекеттің реттеуі туралы мәселе талқылана бастады. СДПГ оны жүргізбеуді қалады. ХДС-ХСС инфляцияға қарсы қатал шаралар қолдануды және әлеуметтік программаның көптеген салаларын қысқартуды талап етті.
Осы дискуссияның барысында саяси қайта топтасу жүзеге асты. СвДП СДПГ коалициясынан шығып ХДС-ХСС-ты қолдады. 1982 жылы ФРГ-ның канцлері болып Гельмут Коль тағайындалды. СДПГ оппозицияға кетті/18/.
Коль Гельмут 1930 жылы туған. ФРГ-ның саяси және мемлекет қайраткері. 1946 жылы ХДС партиясына мүше болып кіреді. 1966-1973 жылдары христиан-демократтардың Рейнланд-Пфальц жеріндегі партия ұйымдарын басқарды. 1973 жылы ХДС-тің федеральдық төрағасы болып сайланды. 1976 жылдан бундестагтың депутаты. 1976-1982 жылдары бундестагтағы ХДС-ХСС фракциясының төрағасы. 1982 жылы ФРГ-ның канцлері болып сайланды.
Коль үкіметі Тэтчер Ұлыбританияда және Рейган АҚШ-та жүргізген шараларға ұқсас өзгерістер жүргізді. М.Тэтчер Ұлыбританияда және Рейган АҚШ-та мынандай саясат жүргізген болагын: салықтар және мемлекеттік шығындар қысқартылды; бизнесттің мемлекеттік регламентациясын азайту бойынша шаралары қабылданды. Сондай-ақ бәсекелестікке қолдау көрсетілді. Дәл осыған үқсас шаралар Батыс Германияда да жүргізілді. 1983 жылдан бастап экономикада өрлеу басталды. Басқарушы коалиция содан бастап ешқандай сайлауларда жеңіліс таппады.
ЕКІНШІ ТАРАУ: ҚАЗАҚСТАН-ГЕРМАНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ 2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы
1990 жылы 3-ші қазанда үлкен оқиға болды. Оның өзектілігіне, маңыздылығына ешкім де сол кезде ой жүііртіп терең қарамады. Ойлағандар Германияның болашақта бірыңғай Германия болмай қоймайтындығына сенді.
1990 жылдың басынан бастап елдің бірігу проблемасын жан-жақты сипаттап жазған көптеген зерттеулер, монографиялар, ғылыми мақалалар пайда болды. Сол жарық көрген еңбектердің ішінде көбісінің назар аударғаны 1989-1990 жылдардың күзі мен көктемінде болған оқиғалар еді. Кез келген тарихи оқиғаны немесе қүбылысты зерттеу олардың болу себептерімен алғышарттарын оқып үйренуден басталады. Бұл жағдай тарихи процесстің даму заңдылығын түсінуге мүмкін береді.
ГДР-де наразылықтың алғашқы көріністері 1989 жылы күзден бүрын-ақ басталған болатын. ГДР азаматтары елді басқарудың қатып қалған жүйесін өзгертуді талап етті. Алайда Шығыс Европа елдерінің ешқайссысы да, тіпті КСРО-да саяси реформа жасауға ұмтылмады. КСРО-да басталған қайта құру, демократизация, ашық пікір айту туралы айпақ түгіл, ойлауғада болмады. Саяси және партия құрылымындарында ешқандай өзгерістің үшқыны байқалмады. КСРО-да өкімет басына Михаил Сергеевич Горбачевтің келумен 1985 жылдан басталған өзгерістер туралы ешкім әңгіме қозғауына болмады. КСРО-дан келіп жатқан кез-келген баспасөз материалдарын үкімет қатаң цензурадан өткізді немесе кейде жариялауға тиым салды. Алайда мүны бүкіл елден жасырып қалу мүмкін емес еді. 1989 жылы ГДР-дің кейбір .алдыңғы қатарлы азаматтары өз материалдарын газет бетіне еш нәрседен үрікпестен жариялай алды.
1989 жылы күзде аласапыран оқиғаларға әкеліп соққан ГДР үкіметінің коммунальдық сайлаулардың қорытындысын бүрмалап көрсетілуі болып табылды. Коммуналдық сайлаулар 1989 жылы мамыр айында болып өткен. Осы сайлау кезіңде елдің үкіметі өз позициясын бергісі келмеді. Олар найзағай алдыңдағы бұлтты елде өмір сүрген тәртіпті өзгертуге қауіп төндіретін оқиғалар деп қарамады. Соның дәлелі ретінде 5-ші маусым 1989 жылы «Нойес Дойчланд» газетінің бетіне жарияланған мақаланы айтуға болады. Ол мақалада Пекинде қарсылық көрсеткен студенттер демонстрациясын қанмен басуды Пекин үкіметінің қастандық жасаушылардың экстремисттік тобының контрреволюциялық көтерілісін басу деп ақтап көрсетеді. Бұл КСРО-ның ықпалымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік бағытта құрылған. ГДР-ді аман-сақтап қалу әрекеттерінің бір көрінісі еді [19].
Қытай коммунистік партиясы өзінің қырық жылдығын тойлаған кезде ГДР үкіметі оған қүттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Сондықтанда ГДР өз халқын ондай бас көтерулерден сақтандырды. 1989 жылы жазда-күзде болған оқиғалардың дамуна қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үлкен үлес қосты. Әсіресе Шығыс Германдық интелллигенцияның қосқан үлесін атап айтуға болады. 1989 жылы 1-ші шілдеде қауымдастықтың өкілдері «отказ от практики и отмежевания» деген инициятива көтеріп, көпшілікті соған жүмылдырды. Олар едәуір талаптар қойған үкіметке ашық хаттар жазды. Олар коммуналдық сайлаудың нәтижесін бүрмалағандыққа наразы болды. Интеллигенттердің бір тобы сайлау реформасын жүргізуді талап етті. Ол сайлау реформасы ел азаматтарына мемлекет билігіне халық өкілдерін үсына алатын мүмкіндік беретін қүпия сайлау формасын енгізуді қалады. Сонымен қатар интеллигенттер бірлестіктер мен қозғалыстардың бостандығын қамтамасыз ететін және мүддесін көрсететін тәуелсіз оптарды құруды талап етті. ГДР азаматтарының қүқын теория жүзінде қамтамасыз ететін конституция болып есептелінді. 1989 жылы «жаңа форум» елде өзгеріс жасаудың үлгісі ретінде көрінді. «Жаңа форум» қоғам қайраткерлерінің мемлекет пен үкіметтің ресми бағытына қарсы оппозициялық көңіл-күйдегі үлкен тобын құрайды. «Жаңа форум» 1989 жылы 9 қыркүйекте шіркеу үйымдарының әр тұрлі тобының 30 өкілінен құрылған. 12 қыркүйек 1989 жылы қоғамдық қайраткерлердің 12 реформа құруға үмтылушылардың барлығын жаңа одақ құруға шақырды. Қоғамдық қайраткерлер ГДР-де демократиялық қайта құрудың негізгі концепцияларын қалайтындардың барлығын шақырды.
Осындай жағдайда «Бүгінгі демократия» деген азаматтық қозғалыс пайда болды. Ол қозғалыстың пайда болуына оппозициялық қозғалыстың екі тобының бірігуі, адам қүқын сақтаумен бейбітшілік үшін күресушілердің белсенді топтары кірген. Бұл топқа Шығыс Берлиннің интеллигенттерінің біразы да қатысты.
Жоғарғы партиялық және мемлекеттік құрылымның өкілдері елде саяси оппозицияның пайда болу тенденциясына қарсы шықты. Олар бұл қоғамдық қозғалыстар мен топтарды біркелкі емес және бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан олар қастандық жасаушылар болып есептелінеді. Қауіпсіздік министрлігінде елдегі саяси жағдайды, қоғамдық қатынастарды өзгертуді қажет ететін әрекет жасаушылардың бар екендігі мәлім болды. Қауіпсіздік министрлігінде оппозициялық өкілдер мен топтар және қозғалыстардың мүшелерінің саны екі жарым мыңға жетті.
Жоғарыда көрсетілген азаматтық бірлестіктің мақсаты мен талаптары қоғамдық деңгейде көрсетілген талап деп сипатталды. Олар демократиялық социализм диктатурасы кезінде азаматтық қоғамның пайда болуының алғы шарттары жасалады деп түсінді. ГДР-де өзгерістер жасауға үмтылғандардың ереуілдері кең өріс алды. ГДР үкіметінде жаздың соңында басқарушы топтың дағдарысы анық байқалды. Елдің халқы ГДР-де адам қүқы шектеулі деген наразылықтар жасады. Оның бір көрінісі ГДР азаматтарына ФРГ-ға баруға тиім салынды. 1989 жылы Венгрия, Австриямен өз ара мемлекеттік шекарасын ашты. Адамдар Венгриядан Австрияға ағылды. Сонымен қатар 150 ГДР азаматының визасыз Венгрияға барғаны ань қталды. ГДР-ден Варшава арқылы ГДР азаматтарының саяси баспана беруді сүрағандардың саны көбейді. Алайда ФРГ елшілігі ГДР азаматтарының кез келгеніне қарсылық білдірді. Соған қарамастан 1989 жылы ФРГ-ға кеткендердің саны екі мың адамға жеткен. Бірнеше ай өткен соң Лотар де Мезьер үкіметте ГДР-дің күйреуінің негізіне социалистік қоғамның елді басқарудың негізі демократиялық принципті ауыстырған диктаторлық централизм болып табылады деп көрсетті. Сонымен қатар ол біздер еркін адамдар болу үшін бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Адамдар арасындағы қатынаста адам өмірі үшін жауапты болуымыз керек [20] деген ой білдіреді.
1989 жылы 5-6 қазанда ГДР-дің өмір сүруіне 40 жыл толу мерей тойы тойланды. Онда елдің басшысы Эрих Хонпекер елдің жағдайын өте жоғары сатыда суреттеді. «Біздің қол жеткен жетістіктеріміздің бәрін халық жасады, бәрі халық үшін» [21]. Ол сондай-ақ өзінің сөзінде Батыс Германияның ықпалына қарамастан социалистік Германияның болашағы зор, сондықтан әр қашанда алға, алға деген сөзбен аяқтады. ГДР-дің 40 жылдығы тойланып жатқан күндерде Берлин көшелері вулканның нағыз атқылауындай еді. Қалада мыңдаған адамдар қатысқан демонстрациялар өтті. Халық басқарушылардың бағытына, басқарушы топқа қарсы шықты. Полиция қатаң жазалау қолданса да халықтар ағылған үстіне ағыла берді. Шығыс немістер үшін М.Горбачев жариялық пен жүзеге асырушы қүдай ретінде құрметтелетін болды. КСРО-да болып жатқан процестер мен қүбылыстар туралы ГДР-де ойлауға да тиім салынды. Елдегі жағдай елдің саяси өмірін жаңартуды қажет етті. Халық «Горби, Горби!» деп айқайлаумен болды. Тек 11 қазан күні СЕПГ саяси бюросы алғашқы тірлік белгісін көрсетті.Ол алғаш рет елдегі жағдайға алаңдайтынын білдірген мәлімдеме жасады [22]. Ол қабылдаған қүжатгы елдегі жағдайды терең түсінгендік деп айтуға бслмайды. СЕПГ үсынған қүжатты орталық қауіпсіздіктің Орталық Комитетінід басшылары жасаған. Оған Эрих Хонникер, Эгон Кренц қатыспаған. Қүжаттың авторы мынадай мәлімет береді: «Көп күндер бойы әр тұрлі түжырымдар талқыланды. Көпшілігі саяси бағытты өзгертуді талап етті». 17 қазан 1989 жылы Саяси Бюро мәжілісінде Эрих Хонникер СЕПГ бас хатшылық қызметінен кетірілді. Оның орнына саяси бюро мүшесі қауіпсіздік мәселесі бойынша орталық комитеттің хатшысы Эгон Кренц сайланды. Эгон Кренцті сайлаған топ азшылық болатын. Олар саяси бюроны өзгертуді талап етеді.
Ол Эгон Кренц Эрих Хонникердің ізбасары жақтаушысы болып есептелінді. Одан ешқандай батыл шешімдер жүзеге аспайтыны белгілі. Кейбір тарихшылар бірнеше апта өткен соң Эгон К >енц қабылдаған шешімдерді Эрих Хонникердің жақтастары қуана қарсы алды. Э.Кренц сонымен бірге тағайындалғаннан кейін шіркеу өкілдерімен кздесіп дискуссияға қатысты. 1988 жылдан бері тиым салынған «Спутник» журналына қайтып шығатын болды. Шекараны жасырын тұрде өтпек болғандарына амниссия жариялады. Амниссия саяси түтқындар жатпады. Э.Хонникерден кейін болған жаңа басшылық қолдан келгеннің бәрін істеді. 4 қараша 1989 жылы Берлинде Эгон Кренц теледидар арқылы кейбір өзгертулер мен жаңадан енгізілетін өзгертулерге тоқталып сөйледі. Сонымен бірге бұл қүжатта қылмыстық кодекстің 213 бабы алынып тасталынды. Онда елге кіруге кетуге жіне кіруге заңдар айтылған. Эгон Кренцтің сөйлеген сөздерінде мынадай уәделер беріледі:
жалпы көпшілік хабарлары туралы заңды қайта жасау;
екінші қоршаған орта жағдайы туралы мәлімдемені жариялау;
саяси жүйені реформалау;
4. экономикалық реформаларды кеңінен жүргізу;
Конституциялық орган сияқты органды қайта құру;
басқару жүйесін реформалау;/23/.
Осындай түбірлі өзгерістерді жариялағанмен билік басындағылар оны жүзеге асыруға асықпады. СЕПГ Саяси Бюросының 3-желтоқсанға дейін мәжілісі жабық тұрде өтті.
Оның нәтижесі Эгон Кренцтің отставкағг кетуі болды. Басқарушы апарат өз позициясын үстап қалуға тырысып, шегінбеді.
7-ші желтоқсаннан 8 желтоқсанға қараған түні СЕПГ-ның кезектен тыс съезді жүмысын бастады. Ол тарихқа Социалистік бірыңғай Германияның соңғы съезді ретінде кірді. Бұл партия енді Демократиялық социализм партиясы деп қайта құрылды. Бүдан бір ай бүрын 9-қарашада Берлин қабырғасы қүлатылды [24]. Бұл оқиға екі Германияның бірігуінің бастауы болды.
Желтоқсан айында өкіметті басқаруда қауіпті вакуум туды. Елдің ішіндегі әртұрлі реакциялық күштер осы дағдарысты бүрынғы тәртіпті қайта қалпына келтіру үшін мүмкіндік туып қаш ш жағдай еді. СЕПГ сияқты елді басқарған алыптың күйреуі үкіметтің саяси ықпалын жоғалту қаупін тудырды. Өз тарапынан оппозиция билік тізгінін алуға әлі уақыт туған жоқ деп есептеді. Дәл осы кезде елде дөңгелек стол өткізуге дайындық басталды. Оған дайындық желтоқсаннан бүрын қазан айында жасалған болатын. Алғашқы жеті саяси топ пен бірлестіктердің өкілдерінен қосылған топ қазанның басында қалыптасты. Олардың мақсаты саяси басқарушы топ өкілдерімен диалогты дайындау болып табылады. Дөңгелек стол үйымына: адамның қүқы және бейбітшілік үшін әрекет ететін инициативалық тобы, Жаңа форум, Бүгінгі демократия, Демократиялық таңдау, социал-демократиялық партия, жасылдар партиясы және солшыл күштердің бірлестігі [25] Дөңгелек столға бүрыңғы ел басшыларының өкілдерін шақыруды да есептеді. Алайда реформаға дайындалып жатқан элиталарды және жаңа элиталарды шақырып бір стол басына отырғызу өкіметте пайда болған вакуумды толтыру болып есептелінетін. Оның үстіне бұл жағдай елдің ішінде түсінбеушілік тудырып үлкен демонстрацияға айналып кету қаупін де мүмкін еткен болар еді. Дөңгелек столды жүргізу тәжірибесі ГДР-де талқылаушыларды толық қамтығанда ғана жүзеге асқан болар еді. Алайда дөңгелек столға өкіметтің көз қарасы бей-жай болды, бір сөзбен айтқанда өкімет мүнын жүргізілгенін қаламады. Өкімет оған қатысушылармен байланыс жасағысы келмеді, тіпті оларды елемеді. Олармен байланыс жасау үшін көп ойланып толғанды. Оның үстіне елде саяси жағдай шиеленісті. Бүкіл елдің халқы елдің басқару эшелондарында орын алған коррупция мәліметтері қоғамның барлық мүшелеріне әйгілі болды. Қоғам елдегі мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметінде де парақорлықтың, сыбайластықтың орын алғандығынан хабардар болды. Елдегі наразылық толқыны күнен-күнге өсе түсті, оны байқамау, елемеу және оған қүлақ аспау мүмкін емес еді. Осындай өкіметтің түғырыққа тығылған шағында дөңгелек столға қатыспауы мүмкін емес еді.
Достарыңызбен бөлісу: |