Гиперкортицизм бүйрекүсті бездері сыртқы қабаты гормондарының артық өндірілуімен көрінетін жағдай. Этиологиясы


Көмірсулары алмасуының бұзылыстары



бет5/13
Дата06.02.2022
өлшемі34,48 Kb.
#81016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Тиреоидит

Көмірсулары алмасуының бұзылыстары глюкокортикоидтардың әсерінен глюконеогенез күшеюімен көрінеді. Глюкозаны май, бұлшықет және лимфоидтық тіндер аз пайдаланады. Бауырда глюконеогенез және гликоген түзілуі артады. Осылардан ұйқыбезде бета-жасушаларының резервтік мүмкіншіліктері аз науқастарда стероидтық қантты диабеттің көріністері: гипергликемия, глюкозурия, полиурия және полидипсия дамиды. Стероидтық диабет инсулинмен емдеуге көнбейді және ол кетоацидозбен ушығады. Үйткені: глюкокортикоидтық гормондар майлардың аралық алмасуын бұзып кетондық денелер құрылуын арттырады.
Гиперкортицизмнің басқа көріністері гиперинсулинемия дамуы нәтижесінде байқалады. Диабеттің көріністері жиі айқын байқалмайды, бірақ глюкозамен сынама жасағанда оған төзімділік азаяды.. нәруыздар алмасуында көптеген жасушаларда ыдырау үрдісі күшейеді. Содан теріс азоттық баланс дамиды. Бірақ бауырда және мыйда нәруыздар түзілуі бұзылмай, кейбір нәруыздардың түзілуі тіпті артып кетеді. Ал, бұлшықеттерде, теріде, дәнекер тіндерде, сүйектерде, лимфоидтық ағзаларда оның ыдырауы айқын байқалады.
Бұл кезде байқалатын бұлшықеттердің әлсіздігі оларда нәруыздардың азаюынан және гипокалиемиядан дамиды. Глюкокортикоидтық гормондар глюкозаның аэробтық тотығуынан пайда болатын энергияға тәуелді шапшаң ет талшықтарының семуін туындатады. Содан аяқ-қолдың проксималдық бұлшықет топтары әлсірейді. Бұл гормондар фибробластарда коллаген өндірілуін тежейді. Сол себепті тері жұқарады, вазопатия дамиды, жараның бітуі нашарлайды, глюкокортикоидтардың әсерінен иммунитет тежелуінен теріде жұқпалар дамуы өршіп кетедіГлюкокортикоидтардың әсерінен дамитын гипертензия, қан тасуы, эритроцитоз бұл жолақтардың қоңыр-күлгін түске боялуын туындатады. Глюкокортикоидтық гормондардың әсерінен сүйектерде нәруыздар түзілуінің тежелуі және Д-витамині алмасуының бұзылуы нәтижесінде остеопороз дамиды, 58% науқас арқасы ауыратынына шағымданады. Бұл кезде гиперкальциемия, кальциурия байқалып, кейде несепте тас байлануы мүмкін. Осындай жағдайларда жас балалардың бойы өсуі бұзылады. Үйткені гиперкортицизм кезінде кортикостероидтардың әсерінен соматотропиннің, соматомединдердің және тиреоидтық гормондардың өндірілуі тежеледі, шеміршектерде нәруыздар түзілуі және гликозамингликандар азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет