Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады



бет3/18
Дата30.11.2023
өлшемі45,49 Mb.
#194348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Қос қыртысты аймағы бұл қыртысты затпен милы заттың арасында орналасқан паракортикальді немесе тимусқа тәуелді бөлігі. Мұнда көптеген Т-лимфоциттер бар. Бұларға микроқоршау болып макрофагтар мен Фагоцитоз қызметін жойған интердегитацияланған жасушалар топтары орналасқан бөлігі жатады. Бүл жасушалар бір-бірімен саусақ тәрізді өсінділер мен байланысады. Интердегитацияланған жасушалардың негізгі қызметі гликопротеидтерді синтездеп (бөліп), гуморальді лимфоцитогенезге қатысады. Интердегитацияланған жасушалар лимфа сұйығымен теріден келген деген болжам бар. Бұлар эпидермистің құрамындағы макрофагтар - Лангерганс жасушаларының бір түрі. Түйіннің бұл аймағында Т- лимфоциттер, оның ішінде Т-хелперлер басымырақ. Бұл зона тимусқа тәуелді. Сонымен, бұл аймақта Т-жасушалардың түрленуі мен көбеюі өтеді.
Түйіннің боз заты жұмсақ баулар түрінде түйіннің ортасында орналасқан бөлігі. Негізі ретикулярлы тін, құрамында В-лимфоциттер, плазмоциттер мен макрофагтары бар. Лимфа түйінінің бұл бөлігінде плазмоциттердің пісіп жетілуі жүреді. Плазмоциттер синтездейтін иммуноглобулиндерінің ең көбі "G иммуноглобулин" болып табылады. - Боз заттың құрамында көптеген қан тамырлары мен (синусоидты) синустар (сүзгі) болады. Синустар бірнеше топқа бөлінеді. Синустарды түйінге келген лимфа тамырларының жалғасы деп қарауға болады (лимфа сұйығы сұзілетін бөлігі). Синустар: капсула асты немесе шеткі және аралық (фолликулалар арасында орналасады), милы заттағы орталық синустар болып бөлінеді. Бұл синустардың құрамында макрофаггар мен лимфа тамырларының қабырғасын коршайтын эндотелиоциттер, олар бекінген базальді мембрана. Синустардын негізін ретикулярлы тінде түзеді. Синустардың құрылысы лимфа түйінінің аймақтарына ұқсас. Тек синустардан өткен лимфа сұйығы лимфоциттердің жаңа түрімен байытылып, толықтырылып отырылады. Осыған байланысты түйіндегі синустар корғаныс есебіндегі сүзгі қызметін атқарады. Синустардан өткен антигендердің біразы фагоцитоз әдісімен жойылады. Лимфа түйіндері сыртқы және ішкі факторларға өте сезімтал келетіндіктен, көптеген ионизациялық радиациялардың әсерінен лимфоциттер жойылып, түйіннің иммунды қызметі төмендейді. Біраз гормондардың әсерінен түйінде керісінше лимфоциттердің көбеюі, жалпы мүшелердегі лимфоидты тіндердің ісінуіне әкеліп соғады.
Клиникасы:Лимфаденопатия – лимфа түйіндерінің патологиялық процестерге (қабыну және пролиферация) байланысқан дәнекер тінді тері астында орналасқан беткей лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Қызметі:Қан түзуге қатысады, барьерлік қорғаныс, лимфаның қоры, зат алмасуға қатысады.
С ыртында іш пердесі, мезотелий мен қапталған дәнекер тінді капсуласы болады. Капсуланың қалыңдығы құбылмалы; ең қалың жері көкбауырға қан, лимфа тамырлары келетін какпасында. Көкбауыр-капсуласы құрамында фибробластар мен коллаген, эластин талшықтары бар тығыз талпықты дәнекер тіні. Бұл талшықтардың арасында миоциттер де баршылық. Сыртқы капсуладан көк бауырдын ішіне қарай көптеген трабекуллалар немесе перделер тарайды, мұндай перделердің мөлшері адам көкбауырында 5-7% тей болады. Көкбауыр екі бөліктен; ақ пульпа (pulpa liens alba) және кызыл пульпа (pulpa liens rubra) деп аталатын жұмсақ заттардан тұрады. Пульпалардың негізгі стромасын түзетін ретикулярлы тін болып табылады. Көкбауыр пульпасының құрылысы мен мөлшері (ак және қызыл), осы мүшенің атқаратын қызметінің белсенділігіне байла- нысты өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет