Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады



бет4/18
Дата30.11.2023
өлшемі45,49 Mb.
#194348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Көкбауырдың ақ заты немесе пульпасы лимфоидты фолликулалар - түріндегі шар тәрізді болып шоғырланған лимфоциттердің жиынтығы. Булар көкбауырдың 5 бөлігін құрайды. Мұндай лимфоидты түйіндердің диаметрі 0,3-0,5 мм, құрамында "Т және В" лимфоциттер мен, плазмоциттер, макрофагтары бар құрылым. Мұндай лимфоидты түйіндерде эксцентрлі орналасқан орталық артериясы, одан таралған радиальді бағытта капиллярлар торы болады. Лимфоидты түйіндердің күрамында анық көрінетін төрт түрлі аймақтары болады.Олар: артерия маңы, көбею орталығы, мантийлі және шеткі немесе маргинальді аймақтарға жіктеледі.
Артерия маңындағы аймағы негізінен мұнда қанмен келген "Т лимфоциттер мен интердигитральді жасушалар болып табылады. Интердиги- тральді жасушалар лимфоциттермен тығыз байланысып, келген антигендерді адсорбциялап, Т-лимфоциттерге хабар беріп отырады (антигендер жайында). 2-3 тәулік ішінде белсенділігі күшейген Т-лимфоциттері осы зонада көбейеді де, түйіннің синустары арқылы сүзіліп қан капилларларына өтеді. Көкбауырдың бұл зонасы, тимустың қосқыртысты зонасының аналогы болып табылады.
Көбею орталығы немесе герминативті аймағы көбею сатысындағы В-лимфобласттар, антидене түзетін плазмоциттерден тұрады. Макрофагтарда баршылық, макрофагтардың цитоплазмасында хромофильді денешіктер болып табылатын тіршілігін жойған лимфоциттердің фрагменттері де кездеседі.Мантийлы аймағының құрамында дифференцияланған плазмоциттер мен кіші В-лимфоциттер болады.
Шеткі немесе маргинальді зонасы бұл ақ пульпасының қызыл пульпаға ауысатын шекарасы болып табылады. Көлемі 100 мкм. құрамында Т және В-лимфоциттер мен аздаған ғана макрофагтары бар. Маргинальді аймақ алдыңғы аталған аймақтарды қоршап орналасады. Қаннан келген антигендер маргинальді аймақта сүзіледі де, макрофаггар арқылы жойылады.
Көкбауырдың қызыл пульпасы -pulpa rubra құрамында көптеген қан тамырлары бар (синусоидты) ретикулярлы тіні мен қаннын формальді элементтерінен тұратын құрылым. Түсі сондықтан қызыл. Қызыл пульпаның біраз бөлігі көкбауырдың пульпарлы тізбегінен тұрады (chordae splenicae). Бүл тізбек лимфа түйінінің жұмсақ бауларының аналогы, мұнда антидене синтездейтін ақ пульпадан келген плазмоциттердің дифференцировкасы өтеді. Қызыл пульпаның стромасы көптеген в мен Т- лимфоциттерімен толып, көптеген жерлерінде жаңа лимфоидты түйіндер де пайда болып отырады Көкбауыр тіршілігін аяқтаған эритроциттердің "зираты" болып саналады. Сондықтан көптеген эритроциттер көкбауырға келіп тіршілігін жояды (гемолиз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет