Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады



бет2/18
Дата30.11.2023
өлшемі45,49 Mb.
#194348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Қ ызметі: Гормондар түзуге, Т – лимфоциттердің аутоиммундық реакциясына қатысады. (Гассалль денешігі).
Сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Стромасы ретикулярлы тінінен тұратын түйіндер. Капсуласында көптеген коллаген, ғана эластин талшықтары болады. Капсуладан түйіннің ішіне қарай өте жіңішке дәнекер тінді перделер немесе трабекулалар тарайды. Мұндай трабекулалар түйінді бөліктерге бөледі. Түйіннің шеткі бөлігі-қою түске боялған қыртысты аймағы, құрамында көптеген лимфатикалық фолликулалары бар, ал ортаңғы бөлігі қос қыртысты аймағы, түйіннің ортаңғы бөлігі милы заты болып табылады. Милы заты жұмсақ баулар мен синустардан түзілген. Қыртысты зат пен милы затының көп бөлігі В- лимфоциттерден тұрғандықтан В-аймағы болса, ал қос қыртысты -аймағы, тимусқа тәуелді зона немесе Т-аймағы деп аталады, мұнда көбінесе Т- лимфоциттер болады.
Қыртысты заты. Мұнда көптеген лимфатикалық фолликулалар болады 4=0,5-1 мм. Фолликулалардың негізін ретикулярлы талшықтар тузеді. Осы талшықтардың арасында: лимфоциттер, лимфобластар, макрофагтар орналасады. Ал түйіннің шеткі жағында кіші лимфоциттер бар. Түйіннің құрамындағы ретикулоэндотелиальді жасушалар арасында "жиектік макрофагтар" көрінеді. Түйін ортасы ашық түсті, боялған лимфоциттері аз, мұнда лимфобластар, дендритті жасушалар болады, бұларға макрофагтардың бір түрі жатады. Мұндағы лимфобластар әртүрлі бөліну сатысында болатындықтан, түйіннің бұл ішкі бөлігі герминативті орталық немесе көбею орталығы деп те аталады. Кейде ағзаға көптеген инфекциялардың келіп түсуінен бұл орталық үлкейіп те кетеді, мұндай жағдайда реактивті орталық деп те атайды. Реактивті орталықтағы өсінділі "дендритті" жасушалары макрофагтардың бір түрі болып саналады. "Дендритті"(тармақталған) мұндай макрофагтар цитоплазмалық рецепторлы өсінділерімен иммуноглобулинді бөліп антигендерге қарсы иммунды қорғаныс кызмет атқарады. Морфологиялық құрылысы жағынан бұлардың цитоплазмасында рибосомалары мен лизосомалардың аздығымен сипатталады.
Лимфа түйіндерінің қыртысты аймағындағы лимфатикалық фолликулалардың пішіні мен құрылысы үнемі өзгеріп отырады, бұл жалпы ағзаның физиологиялық жай-күйіне байланысты өзгеріс болып табылады. Осыған байланысты, фолликулалардың төрт түрі ажыратылады.
І-түрі бастапқы кезендегі көбею орталығының біліне бастауы.
ІІ- көбею орталығының толық дамуы.
ІІІ- фолликулада күнгірт түсті шеткі аймағының анық білінуі, бұл жерде өте ұсақ лимфоциттердің жиынтығы пайда болады.
ІҮ-ашык түсті реактивті немесе көбею орталықтың кіші лимфоциттермен қоршалуы немесе тыныштық кезеңі деп аталады. Мұндағы кіші лимфоциттердің құрамында көбінесе В-еске сақтау жасушасы басымырақ болады. Әрбір 2-3 сағатта реактивті орталық өзгеріп отырады, кейде анық білінбейтін кездері де байқалады. Лимфа сұйығымен келген антигендерді макрофагтар рецепторлары арқылы В-лимфоциттерге информация береді. Осының нәтижесінде В-лимфоциттер иммунобластарға айналады да, пролиферацияланып (көбейіп) біразы плазмоциттерге, қалғаны еске сақтау жасушаларына айналады (ЕСЖ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет