Маратиопсидтер (Marattiopsida). Қазіргі кезде кездесетін папоротниктер, олардың геологиялық тарихи карбонға барып тіреледі (пермдік - карбонлық туысы псарониус және басқалары). Шамасы тікелей зигоптериопсидтерден шыққан болса керек. Көп жылдық өсімдіктер кішкентай формаларынан бастап аса үлкен түрлеріне дейін кездеседі. Бұл класс мараттиялар деп аталатын бір қатардан тұрады. Оған қазіргі кезде кездесетін бір ғана маратия тұқымдасы жатады.
Полиподиопсидтер (Polypodioрsida).Полиподиопсидтер лептоспорангиатты папоротниктердің тобын құрайды. Оларға шамамен 270 туыс 10 000 астам түр жатады. Полиподиопсидтердің басым көпшілігі көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер, тек қана ағаштар.
Полиподиопсидтер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі алайда олардың түрлерінің басым көпшілігі ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі.
Қоңыржай климатты облыстарда папоротниктердің рөлі онша жоғары емес. Бұл жерлердің олар негізінен күн сәулесі түсе бермейтін ылғалы аймақтарда өседі.
Полиподиопсидтер 3 класс тармағынан тұрады, Polypodiidae класс тармағына жер бетінде өсетін тең споралы папоротниктер жатады, ал Marsileadae және Salviniidae класс тармақтарына әр түрлі споралы және сулы-батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер жатады.