2) Эпикур жолы - өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3) Күш пен энергия жолы - өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.
4) Әлсіздік жолы - өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағыны на еріп өмір сүру.
Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп ойлаймыз. Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады, бірақ бұл жікте- удің өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамға ой тас- тары анық.
Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы ше- шеді: "Менің ойымша, өмірдің мәні - сенім. Сенім адамға күш береді". Сенім категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды. Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді, өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінінн біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті мақұлыққа айнала ды. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп қана қоймайды. Жануарларға құдай қажет
нәрсенің бәрін бере салған, ал ада көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған еңбекті жоғары бағалайды. Яғни, адам ең әуелі өзіне сенгені дұрыс, себебі бұл сенім өз бастауын ізгіліктен алады. Сенімнің тағ бір түрі - махаббатқа деген сенім: "Адам өмірінің барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім - махаббат, оны адамдардың бәрі біледі". Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге дейін көтереді: "...адам жанының ең басты қасиеті - сүю, басқа адамдардың бәріне бірдей жақсы болу үші сүю. Осындай махаббат - адам өмірінің мәні".
Бұл көзқарас адамдарды жақсы көру, олардың арман-мақсаттарын түсіне білу, өмірлерінің бақытты болып, армандарына жетуіне іспен, не болмаса сөзбен кемектесуді адам өмірінің мәні ретінде түсінген ежелгі Конфуций мен қазіргі заманғы Камюдің ойларымен үндес, бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу. Әрине, әрбір адам әуелі өз өмірінің жақсы болғанын қалайды. Адамның биологиялық
104
табиғатынан туындайтын бұл құбылысқа Толстой түсінушілікпен қарайды, бірақ өзінің ғана өмірінің жақсы болуына ұмтылған адамның өмірін зұлымдыққа толы мәнсіз бір нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы тиіс емес деп есептейді. Өмірдің мәнінің басқа жолын көрсететін адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты екендігін де жазушы дәл атап көрсетеді. Адам санасы оған жеке бастың ғана жақсылығы жалған екендігін көрсетіп, бір ғана жол қалдырады, ол - махаббат. Толстой адам қоғамынын өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне, сыйлауына негізделуі тиіс екендігін дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа қарсы қоюға шақырады. Осы пікірден мейірімділікке деген сенім туындайды. Мейірімділікті ұлы ойшыл адамның адамшылығын көрсететін бірден-бір қасиеті ретінде түсінеді, басқаға мейірімсіздік көрсеткен жанды бұл өмірдегі басты міндетін атқармаған деп есептейді.
Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді,
көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың "жануарлық өмір" сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік ағымына ермей, материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам ғана мәнді өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді, өмірден өз орнын таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы өтеді, сондықтан ол өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадагы өзгерістермен түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы өзгерістермен теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы "Тұрмыс сананы билейді" қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір таңсық керінуі де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы торбиелеудің маңызы зор екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-қайта ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал ету арқылы өзгерту жолын ұстануға ұмтылған екен.
Л.Толстойдың өмірдің мәнін адамгершіліктен іздеуін өз замандаста-рының көбі бағалай білмеді, бірақ оның ізденістері сол кездегі қоғамдық ойға. кейінгі Батыс экзистенциализміне мықты әсер етті. Жазушымен
хат алысып тұрған қазақ ойшылы Шәкәрімнің көзқарастарына да орыс жа-зушысының өмірмәндік толғаныстары әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ретте "Л.Толстойдың езі өмірдің мәнін тапты ма?" деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік мәселе философияда "мәңгілік", "шексіз" мәселелер қатарында аталады. Себебі, ол адамды өмір бойы мазалап, бір кезеңдерде күшейіп, енді бірде бәсеңдеп отырады, оның нақты, түпкілікті шешімін табу мүмкін емес. Ұлы жазушының бүкіл өмірі мәнді өмірдің үлгісі десек те, өз өмірі оны қанағаттандырмады. Өмірдің қиын кезеңдерін бірге өткізген жүбайы
105
Софья Андреевнаға да, балаларына да көңілі толмалды. Өмірін сараптай келіп, алаңсыз балалық шағынан басқа сәттерінен басқа мән таба алмай, өмірінің босқа өткеніне өкінеді. Бұл пікірімізге оның өмірінің соңғы кезеңдерінің оқиғалары дәлел бола алады. Өлімі жақын даған сайын өмірден түңіліп, көзі тірісінде бүкіл әлем мойындаса да, қоғам, дос-бауыр, жақын-жұрағат тарапынан түсіністік таба алмаған Толсой өзінің "Иван Ильичтің өлімі" әңгімесінің кейіпкері Иван Ильич сияқты тән ауруынан жан ауруы басымырақ болып, "Осы мен қалай өмір сүрдім?'' деп қиналды Оның өз отбасынан безіп, алыс бір станицаға сапар шегіп, бейтаныс адамдардың арасында өмірмен қоштасуы да соның айғағы. Өмірінің соңына дейін адамдарды жақсылыққа тәрбиелеуден танбаған ойшыл (оның соңғы туындысы "Өмір жолы" да осы мақсатқа арналған) еңбегінің еш кетіп, қоғам да, адам да өзгермегенін, адамзат жаралғаннан бері өмір сүріп келе жатқан зұлымдық әлі де үстемдік құрып отырғанын түсініп, шарасыздықтан жарық дүниеден түңілген де болар. Әлде өзі "Крейцер сонатасы" еңбегінде жазғандай, "Ешқандай мақсатың болмаса, өмір бізге өмір сүру үшін ғана берілген болса, тіршіліктің қажеті жоқ. Өмірде мақсат болған соң, сол мақсатқа жетісімен өмір тоқтауы тиіс деп шешті ме екен? Қалай десек те, Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сезбен айтсақ - Адамгершілікке шақырады.
Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900) - орыс халқының көрнекті философтарының бірі. Оның да көзқарастары әлі толық зерттелмеген. Шынын айтсақ, Соловьев философиясын жан-жақты зерттеу ісі қазір ғана қолға алынып жатыр, себебі оның идеялары Ресей үшін енді ғана түсінікті болуда.
В.С.Соловьев белгілі тарихшы, Ресей тарихы бойынша 29 том еңбек жазған ғалымның отбасында дүниеге келді, сондықтан оның рухани да-муына қажетті барлық жағдайлар жеткілікті болды. Соловьев жас кезінде
әр түрлі саяси-философиялық ағымдармен әуестеніп, материализнің әсерімен әуелі физика-математика факультетіне түскенімен, 2-курстан бастап тарих-филология факультетіне ауысып, философияны мықтап игеруге ден қояды және бұл жолда үлкен табандылық пен білімділік үлгісін керсетеді. Бір
ғана мысал келтіре кетсек, университет бітірген соң бір жылдан кейін магистрлік диссертациясын, ал 1880 жылы докторлық диссертациясын қорғап шығады. 1881 жылы ол университеттегі оқытушылық жұмысын тастауға мәжбүр болады, оған себеп - Александр II патшаны елтіруге қастандық жасаушыларға христиандық кешірім жасап, өлім жасынан
106
босатуды ұсынды. Бірақ, өзінің пікірі бойынша, оқытушылық жұмыстан кеткені ол үшін бір жағынан жақсы да болды, философия, дін, әдбиет, эстетика мәселелерімен тереңдеп, еркін айналысуға, бүкіл өмірін ғылым ісіне алаңсыз арнауға мүмкіндік алды.
В. Соловьев философиясының нсгізгі идеялары туралы айтсақ: 1) В. Соловьевті ең әуелі бүкіл, адамзат тағдыры мазалады десек, қателеспейміз. Оның философиясынан болашаққа деген алаңдаушылық, күйзеліс, толғаныс қатты сезіледі, ол: "Қазіргі адамзат ауру қарт секілді. Оның орнын кім басады? Негрлер ме? Қытайлар ма?" деп мазаланады.
Адамзат үшін жаңа жол табуға тырысқан В.Соловьев А.Блоктың сезімен айтсақ, "барлық жерде қолына үлкен қоңыр май шам ұстап жүрген секілді болды". Бұл жол ретінде Соловьев Шеллинг философиясының ізімен "жалпы бірлік" идеясын ұсынады, оны философияның жаңа түрі, ұнамды философия деп атайды. Бұл философия адамгершіліктік бастауды жоғары қояды, "жалпыбірліктің" жеке адамнан басталатынын жақсы керсетеді.
Жеке адамның адамгершілігі ұялу, аяу ризашылық секілді үш қасиеттен тұрады, олар адамның рухани өміріні байлығын ашады деп түсінген Соловьев ұятты өте жоғары бағалайды. Декарт "Мен ойлаймын, яғни мен емір сүремін" демекші, Соловьев "Мен ұяламын, яғни мен өмір сүремін" дейді. Ұят - адамның іс-қылығын, бүкіл өмірін реттеуші.
Кант этикасын қолдаушылардың бірі болған Соловьев оның парыз ка-тегориясын аса жоғары бағалады, адам қызметінің айқындаушы негізі -оның өзінің ата-анасы мен балалары алдындағы парызын орындау деңгейі деп түсінді. Ол отбасының рөлін ерекше атап көрсетеді. Ізгілікке қызмет етуге, жеке эгоизмді жоюшы күш - отбасы деп түсінеді. Соловьевтің ойынша, жеке адам үшін басқа жұрттың бәрімен бірдей адамгершілікті қарым-қатынас жасау ете қиын шаруа. Миллиардтаған адамға кіршіксіз қызмет етуді мақсат етіп қоюды жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да Соловьев адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға лайық шағын орта ретінде отбасын ұсынады, себебі оның әрбір мүшесі басқалар үшін нақты мақсат, нақты
мән. Бірақ отбасындағы туыстар тек өздерінің арасында ғана ізгілікті қарым-қатынас орнатса, бұл эгоизмнің тағы бір түрі болып шықпай ма? Соловьев бұл сұрақтың алдын алғандай болып, отбасы қанағаттандырылған эгоизм саласына айналмауы тиіс, керісінше, оның әрбір мүшесі үшін оны әлемдік адамгершілікке бастайтын
алғашқы басқыш болуы қажет деп ескертеді. ^<—'----V.
Орыс ойшылының пайымдауынша, адам ез ">"рЧ"і_'2ІІ"'"~А'~"'і "1?РН''п арқылы реттеп отыруы қажет. Оның үш қүрамдас болігі бар:
1) Өзіңнің моральдық жетілмегендігіңді сезіне білу;
2) Моральдық жетілгендіктің обьективті емір сүруі;
107
3) Адамның осы жетілгендікке жетуге тырысуы.
В.Соловьев моральдық жан-жақты жетілгендіктің үлгісі - Құдай, ол барлық жағынан адамға үлгі, яғни, адамгершілік дегеніміз Құдай деп түсінеді. Ол "жалпыбірлік" идеясының, немесе болмыстың барлық фор- маларының бірлігі принципінің негізі. В.Соловьевтің пікірінше, адая қоғамы Құдайды абсолют деп таныса, соған ұмтылуға, ұқсауға тырысса православие, католицизм, протестантизм діндерінен құралған "дүниежүзілік шіркеудің" көмегімен "құдайы адам" дәрежесіне жетеді.
Соловьев үшін маңызды тақырып болған адамзат пен жеке адамныи ғана емес, Ресей мемлекетінің де тағдыры. Ресей тағдырын Соловьев христиан дінін қабылдаған князь Владимир билік еткен уақыттан бастап христиан дінімен тығыз байланыстырады, орыс мемлекетінің еркіндігі дін мен шіркеу еркіндігінсіз мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пайымдауынша, енді Ресей діни әдеп-ғұрыптарды орындап қана қоймай, өзінің ісі мен өмірін
осы діннің негізінде қайта құруы тиіс. Соловьевтің бұл пікірі қазіргі
Ресей үшін аса маңызды екендігіне сөз жоқ. Ортағасырлық Аврелий Августиннің сөзімен айтсақ, Құдайға деген құр Сенім жеткіліксіз, бұл
сенім Ақылмен толықтырылмаса, Құдайға да ақылсыз, соқыр сенімнің жетегіндегі пенделердің қажеті жоқ.
Осы мәселемен бірге Соловьев Ресейдің ең үлкен бір қателігін атап көрсетеді. Ол – ұлттық эгоизм . Ұлттық эгоизмнің басқа ұлттарды өзіне өшіктіріп, қарсы қоятындығының мысалы ретінде Соловьев орыстар
мен поляктар арасындағы жауластықты көрсетеді. Шындығына келсек, бұл құбылыс біздің заманымызға дейін жалғасып келе жатыр. Ұлттық эгоизмді жоюдағы Петр І-нің рөлін Соловьев баса атап көрсетеді: "Петрдің реформасының терең христиандық сипаты бар, себебі ұлттың өзін-өзі кінәлауы - адамгершіліктік-діни акт". Соловьевтің ойынша, орыс ұлты
басқа ұлттарды өзімен тең деп қарастыруы, ар-ұят ұғымын ұлттық деңгейге дейін көтеруі тиіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Петр І-нің реформалары орыстардың тек басқа ұлттарға ғана емес, әрбір адамға деген көзқарасын өзгертті. Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл, тамаша идея. "Тек осылай жасағанда ғана Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге қатыса алады", - дейді Соловьев. Абайдың қазақ халқын сынағаны секілді, Соловьев те өз халқының жағымсыз қасиеттерін ашық айтып, оны түзетуге шақырады. Әрине, бұл қадам славянофилдерге ұнамады. Ең бастысы, олар орыс ойшылының өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін, жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін бағалай алмады.
Эгоизмге қарсы тұрар, адамды жалған өзімшілдіктен құтқарар күш ретінде Соловьев махаббаттты ұсынады. Оның түсінігінше, махаббат па-
108
асатты санадан үлкен, бірақ сананың көмегімен ғана жекелік ерекшелікті төмендетпей, керісінше, биіктете түседі. Адам парасатты сана арқылы ғана өзінің жекелік ерекшелігін эгоизмінен бөліп қарастырады, махаббатка беріле отырып, эгоизмінен арылады. Яғни, махаббат эгоизмді құртып, жекелік ерекшелікті нығайтады. Бұл ретте Соловьев махаббаттын ғажайып жасампаз күшін дәл сипаттайды, оны жалпы адамзаттық денгейге дейін көтереді.
Қазіргі Ресейде Соловьевтің идеялары қолдау таппай, мемлекеттік идеологиядан оның теориясына орын табылмай отыр. Жалпы, Соловьевтін идеялары орыс мемлекетінің болашақ дамуына қажетті идеологиялық,
қару болуға әбден лайық. Себебі, қазіргі Ресей әлемдік деңгейдегі беделін қайта қалпына келтіру бағытында көптеген жұмыстар атқаруды, бұл
өте күрделі, қарама-қайшылықты іс. Соловьев те өз отанының болашағына аса зор үмітпен қарап, Ресейді түбінде Шығыс пен Батысты татуластыратын жаңа мәдени-тарихи тип, оның негізі - христиан дінін ұстанатын дүниежүзілік шіркеу деп жариялаған еді.
Өз философиясының зерттеу объектісі туралы Николай Александрович Бердяев 1931 жылы Парижде жарық көрген "О назначеңии человека" еңбе- гінде былай дейді: "Адам мәселесі - философияның негізгі мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам өзін-өзі танып білгенде ғана философиялық ойлауды бастайтынын түсінген болатын. Болмыс жұмбағының шешімі адамның өзінде".
Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: "Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям экзистенциалистік тип". Экзистенциалистерден өзіне Достоевский, Толстой, Ницше жақын екендігін ескертіп, Бердяев жалпы орыс философиясы экзистенциалдық сипатқа ие деген қорытынды жасайды. Бұл пікірмен келісуге болады.
Экзистенциализмге жан сырын ақтару (исповедь) тән болса, ол Бер-дяевте де бар, бірақ оның жан сырын ақтаруы ерекше. Мысалы, Толстойдың "Жан сырында" уайым мен өзін-өзі қамшылау көп болса, Бердяевте уағыз айту, басқаны үйрету басым, ол езі туралы ащы ирониямен айтады, сол арқылы басқаларға ой салуға тырысады, "өмірдің мәні туралы ойланудың
өзі - өмірдің мәні" дейді.Бердяев философиясының басты категориясы
109
Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады. Ең басты құндылық - жалпы қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыға арналған мораліне қарсы өзінің қайтал бас-индивидуальдік моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды. " Самопознание" ("Өзін-өзі танып-білу") еңбегінде ол былай дейді:
"Жалпыға бірдей міндетті адамгершілік заңға сәйкес келмеген адамды мен бақытсыз, қуғындалушы демес едім. Керісінше, жалпыға бір занды орындаушы адам - адамгершіліктен жүрдай. Менің түсінігім солай, мені қабылдамайды емес, мен қабылдамаймын".
Бердяевтің өзі осы принцип бойынша өмір сүрді, жеке адамды жалпы қоғамнан биік қойды, өзінің өмірін де осылай түсіндіреді: "ешқандай философиялық мектептерге қосылмай, индивидуальдік философияны
ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы күрестім. Менің философиям персоналистік, конфликт философиясы".
Бердяев тұлғаның ең басты сипаты - Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғдры қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға" деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығарма-шылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: "Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық жән саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. Ұят коллективтік категор" емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты".
Бердяев тұлғаның революция кезеңіндегі тағы бір өзгерісіне тоқтал ды. Ол Ресей большевизмнен міндетті түрде өтуі тиіс еді, большеви қажеттілік, орыс халқы тағдырының ішкі моменті, экзистенциалдық дилектикасы
деп есептеді. Революция, сол арқылы келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше, адамдарды қатты өзгертті. Кешегі қарапайым адамда билік, еркіндік
қолына тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның жаңа антр пологиялық типі, бұрынғы орыс интеллигенциясына мүлдем ұқсамайты типі пайда болды. Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық деген жоқ еді. Осыдан келіп, Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық ұғым емес, аристократиялық ұғым деген тұжырымға келді. Бұл пікірмен келісу қиын.
110
Бердяев орыс революциясын орыс интеллигенциясының ақыры деп
астырады, себебі орыс революциясы осы революцияны әзірлеген ин-теллигенцияны қуғындады, орыс мәдениетін жоқ қылды. Біздің ойымызша аталған ойды қазақ интеллигенциясына байланысты да айтуға болады.
Бердяевтің Тұлга мен Еркіндік туралы ілімі Құдай ұғымымен тығыз байланысты. Дүниенің негізі туралы оның пікірі - дуалистік. Канттың этикалық көзқарастарын қабылдамағанымен, оның "өзіндік зат дүниесі" және "құбылыстар дүниесі" идеясын мақұлдайды. Бұл идея ақиқат дүниенін құдай сипатын түсіндіруге ыңғайлы еді. Объективті дүние – зұлымдық. Шын өмір сүретін тек қана субъектілер, яғни еркін рухтар ғана. Адам өмірінін мақсаты - еркін рухтардың көмегімен дүние мен заттар үстемдігінен азат болу. Бердяевтің пайымдауынша, зұлымдық үшін Құдай жауап бермейді. Дүниені өзі жаратқанымен, әрі қарай өз күшін Еркін адамға береді, адам арқылы дүниені басқара береді. Құдайсыз адам әлсіз, сондықтан адам Құдаймен
бірге қызмет етіп, өмір сүруі керек. Идеалды Құдайы патшалықты адам мен Құдай екеуі біріге отырып қалыптастырады. Осылайша, Бердяевтің діни философиясы Құдай туралы ілім ғана емес, адам туралы антропологиялық ілім. Бірақ бір ескертетін нәрсе, Бердяев өзі де, жалпы адам да Құдайдың құлы емес деп есептейді.
Бердяевтің пайымдауынша, Құдай - адам шығармашылығына дем
беруші. Шығармашылық - адамның жер бетіндегі мақсаты, Құдай оны
сол үшін жаратты. Құдайдың ісіні адам жалғастыруы қажет, сол үшін
Құдай адамға шығармашылық қабілет, немесе өз бейнесін берді. Шығармашылық сәтсіздікті орыс ойшылы эсхатологизм деп атайды,
бірақ бұл уақытша құбылыс. Құдай, Бердяевтің пікірінше, шығармашылықты құтқарады, адам оны тарихтан тысқары Құдайы патшалықта жалғастырады.
Еркіндікті дәріптеген Бердяев экономикалық еркіндіккс қарсы. Пара-докс! Әрине, социализм экономикалық еркіндікті тежеусіз Мүмкін емес, себебі оның басты принципі - Теңдік. Бірақ Бердяев басқа жол іздеуге тырыспайды, экономикалық билікті түгелімен мемлекетке бере салады.
Өмірде де, философияда да еркін болуға ұмтылған Бердяев өз көзқа-растарын талай өзгертті. Осындай бір парадокс оның өмірінің ақырында болды. Соғыс кезінде ол Ресейге жылы ықылас көрсетеді. Бұл құбылыстың себебі Отанына деген сағыныш, оның тағдырына деген аландаушылық пен аяушылық болды ма деп ойлаймын. Саналы өмірінде Ресей туралы
ой кешкен философ шет жерде жүргенде өз халқының бұрын байқамаған ерекшеліктерін тереңірек түсінген секілді. Не десек те, тағдыры
да, философиясы да күрделі де қызықты, өзгермелі Бердяев адам мәселесін, Ресей тағдыры мәселесін зерттеуші, интеллектуальдік жағынан өте бай, терең
111
философ ретінде әлі де талай философиялық ізденістерді объектісі болып қала беретіні сөзсіз.
Осы пікірді жалпы орыс философиясы туралы да айтуга болады. Бугінгі талдау 19-ғасырдыц соңы мен 20-ғасырдың басында Ресейде терен мазмұнды, философиялық мәні жан-жақты, жүйеліліктен гөрі эмоция толы, соған қарамастан орыс адамының, Ресейдің гана емес, бүкіл адам
зат дамуын болжауга багытталган, тұлгалық сипаты мол, оны объективті зерттеу қазіргі Ресей галымдарының басты міндеті болып табылатын ерекше философия қалыптасқанын дәлелдейді.
12-ТАҚЫРЫП
ОНТОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Болмыс категориясы. Болмыстың түрлері.
2. Материя категориясы. Қозгалыс. Қеңістік және уақыт.
3. Сана. Сананың генезисі.
4. Қогамдық сана, оның түрлері.
Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардың арасын-дағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс - бар болып отыр-ғанның (сущее). өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін - бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде "космос", "дүние", "табиғат" ұғымдарын атауға болады, бірақ "болмыс" категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория - "болмыс емес" (небытие) немесе "болмау" (кейбір ғалымдар қазақтіліндегі фило-софиялық әдебиетте "биболмыс" ұғымын да қолданып жүр).
Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Ре-алды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құнды-лықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмыс деп таниды.
Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам бол.мысы; әлеуметтік бол-
112
рухани болмыс; материалдық заттар мен олардың тусінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.
Тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Онын санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны қабылдайтын -адам.
Екінші табиғат - адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол
табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс, адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы түрде тәуелсіз.
Адам табиғаттың бөлшегі, сондықтан адам денесінің болмысына да болмау, пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның рухани болмысын, ішкі жан дүниесін де қамтиды. Тәнін ғана емес, көне гректерадам болмысының басты керсеткіші ретінде қарастырған жанын
күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі. Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді.
Болмыстың түрлері саналуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз бай-ланысты және бірлікте. Бұл тұжырымды соңғы кезде қарқынды дамып огырған синергетика (sупеrqеіа - ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету) гылымы немесе ашық жұйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр.
Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы онтология зерттейді.
Болмыс, оны құрайтын заттар, құбылыстар, процестер сантүрлі бол-ғанымен, осьшың бәрін біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген
мәселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды плюрализм, дуатлизм, монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін оейнелейтін философиялық категория субстанция деп аталады.
Плюрализм - дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәу-елсіздігін мойындайды. Дуализм - дүниенің екі, материалдық және
113
идеалдық бастауы бар дейді, ал монизм бір ғана бастау туралы тұжы- рымдайды. Монизм идеалистік және материалистік монизм болып бөлінеді. Алғашқысы дүниенің негізі ретінде идеалдықты таниды. Мысалы, Платон барлық нәрселердің негізі ретінде идеяны, ал Гегель абслюттік идеяны жариялады. Ортағасырлық христиан және мұсылман ойшылдарының да басым көпшілігі осы монистік көзқарасты ұстанды, бірақ дүниенің негізі құдай деп пайымдады. Материалистік монизм дүниенің бастауы материалдық дейді. Бұл көзқарастың өкілдеріне көне гректердің
Милет мектебінің ойшылдарын, Ренессанс ғалымдар Н.Кузанский ме Дж. Бруноны, марксизм философиясын жатқызуға болады.
Ғылымның дамуы дүниенің бір, материалдық негізі бар екендігін дәлелдеді деуге болады.
Антика философтары материя (лат. mаtегіа - зат, материал) ретінде барлық нәрселер одан пайда болып, кейін оған айналатын затты түсінді. Мысалы, мокрит материалдық және идеалдық дүниедегі өмір сүруші нәрселердің бәрі бөлінбейтін, өте кішкентай бөлшектерден - атомдардан тұрады деп түсіндірді. Гераклит барлық нәрселер оттан жаратылған деген пікірді ұстанды.
Дүниенің атомистикалық бейнесі материяны атомдардан тұратын, ке-ңістікте өмір сүретін, мызғымайтын, қозғалысқа ие және тағы басқа қаси-еттері бар зат деп қарастыратын түсінікті орнатты. Бірақ ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар, атан айгқанда, электронның ашылуы, оның материалдық бөлшек емес, энергия ретінде қарастырылуы, рентген сәулелерінің, радиоактивтіліктің ашылуы материяны дүниенің негізі деп тануды жоққа шығарғандай болды. Ғалымдар материя жоғалды, энергия ғана қалды, яғни субстанция деп энергияны тану қажет деген пікір айта бастады. Бұл қателік материяны оның құрылымы мен қасиеттері арқылы ғана, яғни, физикалық шеңберде ғана түсінуден туындаған еді. Шындығында материяның философиялық ұғымы өзгерген жоқ. Осы мәселенің басын ашып айтқан В.И.Ленин болды. Өзінің "Материализм
және эмпириокритицизм" еңбегінде ол материяның жан-жақты анықтамасын берді, және, біздің ойымызша, бұл анықтама (казір біз В.И.Лениннің көптеген идеяларынан бас тартып отырғанымызға қарамастан) өзінің маңызын осы күнге дейін жойған жоқ. Материяның лениндік анықтамасы мынадай: " Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз
өмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқыл көшірілетін, суреті түсірілетін, бейнеленетін объективті реалдылық белгілейтін философиялық категория ".
Осы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге боладьи материя жалғыз субстанция, өзінің себебі, ол жаратылмайды және жой-
114
ылмайды, оның қасиеттері - қозгалыс, кеңістік,уақыт, жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру және сана (соңғы қасиет адамға ғана тән).
Материяның басты қасиеті - қозгалыс, материясыз қозғалыс, қозға-лыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді.
Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сырт-қы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ-ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың меха-никалық, физикалық, химиялық. биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.
Кеңістік және уақыт - материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік - материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.
Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты көрсеткіші. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем-координаталар (ұзындық, ең, биіктік) арқылы си-патталады. Салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем - уақыт қосылады. Уақыт - әр түрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және занды формасы.
Уақыт бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, үнемі өткеннен бо-лашаққа қарай жүреді.
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге
қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында "сана", "жан", "бейсаналық" ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда.
Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:
материалистік - сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну;
115
2) идеалистік - сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға - адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.
Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің "ізін", бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары:
1) қарапайым бейнелеу - бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу - бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студентгің сана-сында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
3) әлеуметтік бейнелеу - қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана ма-терияның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:
1) тітіркену - өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы.
2) сезімталдық - жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биоло-
116
ық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе
қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз.
3) психикалық бейнелеу - нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект пен объектінің бір-біріне әсері негізінде психикалық образ (бейне) қалып-тасады. ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады.
4) адам санасы - бейнелеудің ең жоғарғы түрі.
Өзіндік сана - адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия -тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларына үңілуі. Адам реф-яексиясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне алмайды. Рефлексия деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Рефлексиясы жоғары, өзін танып-білуге, өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді.
Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық - адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның
іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті.
Бейсаналылық (бессознательное) - адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларғабиологиялық түрде тұқым қуалау ар-қылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гип-нотикалық күйлер және т.б жатады.
Қоғамдық сана. Қогамдық сана - қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсеңді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.
Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жекемен тутастың арақатынасы ретінде қарастыруға бо-лады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдык сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық не-
117
гізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр.
1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қогамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды.
2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың қоғамдық санасының біршама "тұлғалық", жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, қогамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады.
3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын себебі - ол қайшы-лықты. Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды.
4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні -қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай
бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық сананы жалпының жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді.
5) Жеке сана қоғамдық санаға толыгымен кірмейді.
6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады.
Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құры-лымында қарапайым және теориялық, қогамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, гылым және философияны атап көрсетеді.
Қарапайым немесе әдеттегі сана - адамның қоршаған ортаны бейне-леуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырган адамдардың, қогамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлганың екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қогамдыц тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым уаиым-
118
қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтыгы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде "қогамдық психология " ұғымын қарастырған дұрыс.
Қоғамдық психология дегеніміз - белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері
мен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері.
"Қоғамдық психология" терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол "қоғамдық сана" терминін "қоғамдық психика" және "таптық идеология" деп бөліп, коғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихың, мәдениеттін, әдебиеттін, философияны сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезенде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан.
Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық сана - маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқ-ылы қоғамдық идеологияның мәнін түсінуге болады. Философиялық әде-биетте идеология теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастыры-лады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады.
Идеология - саяси, құқықтық, эстетикалық, діни, көркемдік және басқа идеялар мен концепциялардың жүйесінен тұратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, іс-әрекет багдарламаларын, идеологиялық ұста-нымдарды көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым.
Қогамдық психологиямен қогамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі:
1) Идеология қоғамдық психологияны өзгертетін белсенді фактор;
2) Қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пас-сивті негіз емес, ол идеологиялық құрылымдарды сұрыптап-таңдайды, кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді;
3) Идеология жүйелі түрде идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы жасалады.
Қазіргі уақытта "идеология" термині қайта жаңғырып отыр деуге бо-
119
лады. Кеңестер Одағы дәуірінде ұзақ уақыт тым асыра идеологияланды-рылған қоғамда өмір сүргеніміз белгілі. Ол қоғам ыдыраған соң, идеоло-гиялық вакуум пайда болды, тіпті қоғамтанушы ғалымдардың өзі бұл терминді айналып өтуге тырысты, "қоғамды идеологиясыздандыру" мәсе-лесі де кеңінен талқыланды. Әрине, бұл көзқарас дұрыс емес, себебі әрбір мемлекеттің өзіндік құндылықтар жүйесі, қоғамның барлық мүшелерінің көзқарастарын бейнелейтін белгілі бір ұстаным-бағыты міндетті түрде болуы тиіс, қоғам онсыз өмір сүре алмайды. Осы күрделі жұмыс қазір белсенді қолға алынып, дамуда. Мемлекеттік, жалпыұлттық идеологияның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми-теориялық еңбектерінде, Қазақстан халқына 2006 жылғы Жолдауында белгіленген. Оларды жалпы қорытсақ:
1) ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету;
2) ішкі ұлттық бірлікті нығайту;
3) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
4) қоғамда жоғары тіл мәдениетін орнықтыру;
5) тұрақтылықты, азаматтық келісімді қалыптастыру және тағы басқа. Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары
мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль (адамгершілік), гылым және философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да айтып жүр.
Қоғамдық сананың формалары ішкі ерекше қатынастары бар күрделі жүйе, бірақ олардың қай-қайсысының да негізі адам қызметі, нақты өмірлік процесс. Қоғамдық сананың формалары бір-бірімен тығыз байланысты,
бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды.
Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық керініс табады, сондықтан да саяси
сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді.
Саяси сананың құрылымы екі деңгейден тұрады: қарапайым-практи- калық; идеологиялық-теориялық. Қарапайым саяси сана стихиялық түрде өмір сүруді, еңбек етудің эмпирикалық жағдайларының бейнесі ретінде практикалық қызметтен тікелей туындайды. Ол ұжымдық-әлеуметтік
шығармашылық жемісі. Оның құрылымында рациональдік пен эмоцис-
нальдік, пайымдаулар мен эмоциялар, дәстүрлер мен қазіргі заманғы құбы-
120
лыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық элементтер араласып жатады. Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық ұғым-категорияларға емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті тәжірибеге негізделген, ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға деген реакциясын бейнелейді, өмір драматизміне толы. Сондықтан да мемлекеттің, әр түрлі партиялардың саяси қызметі қарапайым сананы терең зерттеп алмай, жеңіске жетпейді.
Саяси идеология - белгілі бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін біртұтас теориялық пайымдау жүйесі.
Саяси идеологияны адамдардың арнайы топтары идеологтар және идеялар өндірісімен, әлеуметтік технологиялар мен санаға ықпал етудің идеологиялық әдіс-тәсілдерін жасақтаумен арнайы айналысатын идео-логиялық институттар қалыптастырады. Қазіргі заманда саяси күрестің неше түрлі тәсілдері пайда болды.
Саяси идеология әлеуметтік саладағы өзгерістер жасаумен қатар жүрген-де ғана табысты болмақ. Көптеген партиялар осы факторға баса назар ауда-рады, бұл 2004 жылдың күзінде өткен Парламенттік сайлауға, 2005 жылдың 4-желтоқсанында өткен Президентті сайлау дайындық барысында анық байқалды.
Саяси сана моральдық факторлармен де тығыз байланысты, яғни саяси сана және мораль салыстырмалы түрде тәуелсіз болғанымен, бір-біріне әсер ету дәрежесі зор. Саяси қайраткердің моральдық тазалығы, ісі мен сөзінің бірлігі, шынайылығы, адамгершіліктік келбеті оның саяси қызметіне, халықтың арасындағы беделіне едәуір ықпалын тигізеді.
Құқықтық сана - адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:
1) практикалық құқықтық сана - адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер.
Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза
Құқықтық дағдылар - адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер
жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді.
121
Құқықтық әдеттер - құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі.
Құқықтық білімдер - құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы.
Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
2) Теориялық құқықтық сана - құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі.
Мұндай ой қызметінің міндеті - құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды.
Құқықтық сана әр түрлі функциялар атқарады:
1) танымдық - құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі.
2) бағалау функциясы - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па - субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет.
3) реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы.
Мораль немесе адамгершіліктік сана - адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, нормалардың жиынтығы.
Мораль қоғамдық сананың ең коне формаларының бірі. Өзін сақт қалу үшін қоғам адамдардың бәрі үстануға тиіс ережелер қалыптасты рып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардь арасындағы қатынастарды реттеп отырды.
Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар.
1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі.
2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, та- рихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.
3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға әуелден, генети калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске
122
көп ұшырамайды және адамдардың индивидуальдік сапаларына байланысты әрбір адамда әр түрлі.
Моральдің ұлттық, таптық және жалпы адамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық моральға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық моральдық құндылықтарды жаңғырту - ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, моральдың жалпы адамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда мораль ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.
Эстетикалық сана - адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбы-лыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы.
Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эсте-тикалық құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала - өнерде көрініс табады. Өнердің қоршаған дүниені бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: "Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін", - деген болатын.
Өнердің функциялары:
1) танымдық - өнер туындыларының көмегімен адам өрісін кеңейтеді, дүние, табиғат, адам туралы білімін толықтырады.
2) тәрбиелік - эстетикалық идеал арқылы өнер адамның жан дүниссіне, мінез-құлқына, түсініктеріне зор ықпалын тигізеді.
3) эстетикалық - өнер эстетикалық талғам қалыптастырады, адамның шығармашылық рухын, шығармашылық бастауын оятады.
4) гедоникалық - өнер туындылары адамға ләззат береді.
123
Өнер тұлғалық сипатқа ие, оны жасайтын да, қабылдайтын да, қолда- натын да тұлға, сондықтан енер туындысының мазмұны, оны түсініп-бағалау деңгейі тұлғаның ерекшеліктерін бейнелейді. Өнер қоғамды сананың басқа формаларымен, әсіресе саясатпен тығыз байланысты. Бірақ нағыз өнер саясаттан жоғары түруы тиіс, ал өнер саяси тапсырмаларды орындаушыға айналғанда, өзіндік құндылығын жоғалтады.
Тақырыпты қорытындыласақ, онтология - философияның күрделі де маңызды салаларының бірі. Болмыс, материя, қозгалыс, сана, қогамдық сана мәселелері философияның классикалық мәселелері болып табылады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалгасып келеді және бұл багыттагы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады.
13- ТАҚЫРЫП
ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері. Ғылымды зерттеу аспектілері.
2. Ғылым динамикасы. Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар.
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды" дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым - табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта - табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылыми
124
түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де - адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, клас
123
сикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған "нағыз ғы- лымға" дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.
Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді.
Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр - адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) - ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) - әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) - Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады.
126
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар - атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды.
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі - ғылымның басты мақсаты - жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.
Ғылымды зерттеу аспектілері
Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу
аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.
Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым со-циологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам
арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе
әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам.
Ғылым психологиясы ХХ-гасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, гылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тыгыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шыгармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психо-логиялық факторлардың гылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы галымның білім
127
өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, гылым психологиясы индивидуальдік-шыгармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдагы тұлғааралық қатынас- тардың гылым процесіне, галымдардың интеллектуалъдік қызметіне әсері. зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі ке- зеңде гылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр.
Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі
ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық
шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе - ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары.
Ғылым тарихы ғылым тарихын оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің - ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы, ғылым экономикасы жөне тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады. Ғылым тарихы бойынша жазылған Джон Берналдың "Қоғам тарихындағы ғылым" еңбегі осы ойымыздың жақсы мысалы бола алады және бұл еңбектің жазылғанына жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Ғылым тарихында ғылыми ойдың дамуының барлық байлығы жинақталған, сондықтан да оны зерттеу аса қажетті. Ғылым тарихының мақсаты тарихи-ғылыми оқиғаларды
128
хронологиялық жағынан тізбелеп сипаттап қою емес. Оның мақсаты - ғылым мен техниканың даму заңдылықтарын ашуға ықпал ету.
Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға
бағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстурге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады.
Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше
білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі.
Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін "ғылыми қоғамдастық" және "парадигма" (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек "дисципли-нарлық матрица" деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек.
Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.
Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.
Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.
Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бер-месе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады: 1) матема-тикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар; 2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері; 3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі
129
өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар.
Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарасты-руға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалып-тасып үлгермеген) және гылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең).
Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдай екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жагдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған,
ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен методтарын қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі.
Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі - ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты - "жаңылтпаштарды шешу", немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдай-ында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан
бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады.
Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми рево-люция деп атайды және, Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. "Ғылым логикалық емес, психологиялық" дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны.
Ғылым динамикасының "кумулятивтік теориясының " авторы,
француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы - осы ғылым ғимаратының, оның
130
теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған.
Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы
ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми ре-волюциялар деген теорияны ұсынады.
Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі дәстүрлерге сүйене отырып дамитын-дығы күмән тудырмайды.
Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін-текст түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс.
Көрінбейтін білім ( философиялық әдебиетте бұл білімді сипаттауға
-жасырын", "имплициттік", "перифериялық", "үндемейтін", "менталитет"
және тағы басқа терминдер қолданылады) назардан тысқарырақ, көбіне практикалық білім саласында кездеседі. Ғалымдардың әдеттерінде, мінез-құлқында кездеседі, оларды ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі химик-философ Марк Полани химик студенттердің
практикалық сабақтарға кеп уақыттарын белу ерекшелігін практикалық білімдердің ұстаздан шәкіртке ғылыми дәстүр ретінде берілу деп есептейді. Олар ғалымнан оның ғылыми кадрларына ауызша емес, тек жеке үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты.
Көрінбейтін ғылымның бір түрі - ғылыми мектеп, ғалым мен оның шәкірттерінің белгілі бір географиялық мекеңде орналасқан қауымдастығы. Ғылыми мектеп шеңберінде ғалымдар арасында тығыз байланыс-араласу орнайды, тәжірибе алмасу, теориялық пікірталас-дискуссиялар үнемі жүріп отырады.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну - қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми
131
субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.
Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның тарихы құрайды деп есептейді.
Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі
бар, оны практика көрсетіп-анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі олар көп және жан-жақты, себебі ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін, әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын. Біздің ойымызша, ғылым нормалары туралы әр түрлі концепциялардың арасында ағылшын социологы Р.Мертон ұсынған вариант назар аударарлық. Оның пікірінше, ғылым нормалары мынадай төрт құндылықтың төңірегінде топталады:
1) универсализм - ғылыми тұжырымның ақиқаттылығы ғалымның жасынан, жынысынан, беделінен, ғылыми дәрежесінен тәуелсіз бағалануы керек.
2) жалпылық - ғылыми білім оның авторының жеке меншігіне ай-налмай, жалпыға ортақ, сынға ашық болуы қажет.
3) жеке бастың пайдасын көздемеу - ғылыми ақиқат жолындағы ізденіс ғалым үшін басты мақсат болуы тиіс, атақ-даңқ, жеке бастың пайдасы, ма-териалдық марапат ғылыми қызметтің мақсатына айналмағаны жөн.
4) ұйымдасқан скептицизм - ғалымнан өз әріптестерінің ғылыми қызметін сыни, объективті бағалау талап етіледі. Олардың ғылыми
нәтижелерін ғалым-ізденуші өз қызметінде пайдаланған болса, жақсы жақта-рын атап, еңбегіне құрмет көрсете білуі тиіс, бірақ жіберілген қателіктерге де автормен бірдей жауап береді. Сонымен бірге ғалым өз тұжырымдарын, қол жеткізген жетістіктерін батыл қорғап, өз қателіктерін мойындай білуі қажет.
Бір жағынан алып қарасақ, нормалар қорғаныс белдеуінің рөлін атқарады, ғылымды шектен шығып кететін нәрселерден сақтандырып отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, нормалар ғылым дамуында өте қажет. Екінші жағынан алғанда, нормалар ғылымның бұрынғы кезеңінің жемісі, олар ғылымының болашақ дамуы үшін көбіне жарамай жатады. Нормалар консервативті, ғалымнан өзінің қызметін белгілі бір қабылданған ере-желерден, инструкциялардан, бұйрықтардан ауытқымай ұйымдастыруды талап тетеді. Бұл жағдайда ғалымның еркіндігі шектеулі, ол ғылымның мығым ядросы шеңберінде ғана қызмет ете алады.
132
Ал ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымның жағдайы мүлдем басқа.
Ол нормалар-үлгілер шеңберінен шығып, еркін қызмет ете алады, бұрын қалыптасқан құбылыстардан тыс жаңа идеяларды, ғылыми жаңалықтарды дүниеге әкеледі. Ғылыми жаңалықтар ғылымның алғы шебі мен мығым ядросының арасында шекістер туғызады, бұл занды процесс. Оны шешудің бірден-бір дұрыс жолы - ғылыми жаңалықтарды негіздеу және дәлелдеу. Сонда ғана ғылыми жаңалық ғылымның алдыңғы шебінен мығым ядроға көшеді. Ойымызды тұжырымдасақ, ғылымның дамуы – дәстүрлер мен жаңалықтардың диалектикалық бірлігі процесі болып табылады. Ғылым бұрыннан келе жатқан дәстүрлерге сүйеніп және оны жаңалықтармен то-лықтыра отырып дамиды. Бұл күрделі процесс. Ескінің жаңаға орын беруі қашан да қиын жүреді. Бірақ қоғамның дамуы ғылымнан оның жаңалықтық сипатта болуын, жаңа идеялар арқылы қоғам сұраныстарына жауап бере білуін талап етеді, онсыз ғылымының өзі мәнсізденеді.
Тақырып мазмұнын жалпы қорыта айтсақ, гылым философиясы ғылымның қалыптасуын, даму динамикасын, гылыми танымның ішкі механизмдерін, әдістері мен принциптерін, гылымның адам мен қогам өміріндегі рөлін зерттейді.
14- ТАҚЫРЫП
ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Техниканың анықтамасы және тарихы.
2. Техника фшософиясы, оның статусы.
3. Техника және адам.
4. Технология және информатика.
"Техника" терминінің тамыры грек және латын тілдерінде,
алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде teshne және ars терминдерінің мағыналары бірдей болды. Оларды жеті artes mechanicai және жеті artes IiberaIes деп бөлді: механикалық өнерлер: жер өндеу, аң аулау, теңізде жүзу, тоқымашылық ісі, қару жасау ісі, дәрігерлік, театр ісі; еркін өнер: грамматика (логика мен ойлау өнері де кіреді), диалектика, риторика, геометрия, ариф-метика, астрономия, музыка. Кейінірек техника мен өнер адам қызметінің екі жеке түрі ретінде беліне бастады: техника адам қызметінің рациональді
133
түріне, ал өнер интуитивтік, шығармашылық процеске айнадды. Мысалы, құрылыс өнері - құрылыс техникасы, фотография өнері - фотография тех-никасы және тағы басқа. "Техника" термині қызметтің осы саласында қол-данылатын құралдар (инструменттер, приборлар, машиналар) мен білімдер-ге (ережелер, теориялар, әдістер) байланысты да айтылады.
Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қол-данылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, ягни артефактілердің жиынтыгы ретінде. Екіншіден, терминнің алгашқы магынасына сәйкес - жасай білудің, әдістердің жиынтыгы ретінде. Со-нымен, техника -құралдармен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде - құралды қолдану тәсілі.
Біздің ойымызша, техника ұғымы адам және адам қоғамы ұғымдарымен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс, сонда ғана оның философиялық мәнін түсінуге болады. Осы тұрғыдан талдағанда, техника - адамның өзін қоршаған ортада, табиғатта оны өзгерту арқылы өмір сүре білу және өмірінің сапасын жақсарту кабілетін көрсететін мәндік сипаты. Техника адамды табиғаттағы басқа тірі организмдерден ерекшелендіретін өмір сүру тәсілі деуге болады, ал адамның өзгерту қабілеті оның қызметінің материалдық құралдарында көрініс табады. Техника ұғымының бұл екі түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты.
Техниканың тарихы. Техниканың пайда болуының алғы шарты -табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақ-саты - адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру, жақсарту. Техниканың алғашқы түрі - адам еңбегінің құрал-аспаптары мен әдіс-тәсілдері ұзақ уақыт бойы қарапайым деңгейде болып келді.
Техниканың жалпы мәні мануфактуралық өндіріс дами бастаған XIX-ғасырда өзгерді. Бұл кезендерде механикалық машиналар дүниеге келіп,
олар адам қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады, техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді. Техника бірте-бірте өндіріс саласын ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын да қамти бастады, автоматтандырылған машиналар пайда болды және бұл процесс өте тез қарқынмен жүре бастады. Бұл тұрғыдан алғанда ХХ-ғасырдың екінші жартысының ерекше болғандығын атап көрсеткен дұрыс.
Техниканың дамуы бүкіл адамзаттың өмірін өзгертті деуге болады. Оның жағымды жақтарын атап көрсетсек:
1) Техниканың дамуы рациональді ойлауды, дәлдікті, еңбек құралдарын үнемді қолдануды қалыптастырды;
134
2) Ғылыми-теориялық білім ұсынған жаңа технологиялардың өндіріс процесінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылуы әлемдегі көптеген мемлекеттердің экономикасын өркендетті;
3) Техниканың өндіріс процесіне енуі адам еңбегін айтарлықтай жеңілдетті;
4) Техника мен ғылымның антропогендік сипаты адамның күнделікті тұрмысын да түбегейлі өзгертті, бұрын қолмен атқарылатын жұмыстың басым кепшілігін тұрмыстық техника атқара бастады. Бұл өзгеріс адам үшін жалпы алғанда оң өзгеріс болды.
5) Байланыс, араласу салаларында жаңа технологиялардың пайда болуы бүкіл адамзатты бір-біріне жақындатып, өзара түсіністіктің пайда болуына ықпал етті.
Техника дамуының жагымсыз жақтары туралы айтатын болсақ, олар ете маңызыды және жагымды жақтарынан басымырақ десек те болады:
1) Техниканың өндіріс процесінде қолданылуы шикізатты, табиғат бай-лықтарын аяусыз пайдалануды ұлғайтты;
2) Адамның сұраныстары мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді, тех-ника, әсіресе, әскери техника саясат саласында күшті құралға айналды;
3) Жеке адамның құндылығы төмендеп, оның орнын техника жасаған құндылықтар басты;
4) Техникаға табынудың нәтижесінде қоғамның механизациялануы күшейіп, тұлғалық сипаты жоғала бастады;
5) Рациональданудың, біржақты мамандандырылудың нәтижесінде адамның жатгануы пайда болды, адам орасан зор технологияны жалпы басқару қабілетінен айрылып, жеке функцияларды атқарумен шектелуге мәжбүр болды;
6) Техникалық прогресс өркениет критериі ретінде қабылдана бастады, мәдени, ұлттық, діни құндылықтардың маңызы төмендеді;
7) Қорытып айтқанда, адам қолымен жасалған техника адамның өзіне қарсы тұрып, оның өміріне қауіп туғыза бастады, ол адамның ырқынан шығып, өзіндік, адам дүниесінен бөлек дүние қалыптастырды. Техника адамды озімен санасуға мәжбүр етіп отыр.
Осындай күрделі мәселелердің пайда болуы осыдан шамамен 100 жыл-дан астам бұрын философияның жаңа бағыты - техника философиясын қалыптастырды. Техника философиясының статусы туралы әр түрлі
көзқарастар бар. Ғалымдардың бір тобы техника философиясын жеке философиялық ғылым ретінде, келесі тобы оны ерекше философиялық мектеп деп бағалайды, ал зерттеушілердің үшінші тобы техника философиясын жаңа, басқа философиялық бағыттарды жоққа шығаратын бағыт деп қарастырады. Біздің ойымызша, техника философиясы жалпы философия ғылымының жеке саласы, оны тым әсірелеу немесе төмендету дұрыс емес.
135
Техника философиясының қазіргі заманғы философиялық бағыттар шеңберінде дамуын қарастырайық.
Позитивизм. Оның дамуының бірінші кезеңінің өкілдерінің, негізінен алғанда теориялық физика, математикалық логика, машиналар теориясы, техника тарихы салаларының ғалымдарының пікірінше, техника
философиясының негізгі міндеті математика, механика, физика, химияның принциптеріне сүйене отырып, көптеген техникалық әдіс-құралдарды реттеу және классификациялау, техниканы жасаушылыр мен пайдаланушыларға арналған ұсыныстар дайындау. Э. Махтың тұжырымдауынша, техника философиясының пәні техникалық тәжірибені зерттеу, техниканың қара-пайымдылығына, көрнектілігіне және тиімділігіне басты назар аудару.
Неопозитивистер "рациональді техника" немесе " ғылыми технология" сциентистік концепциясын ұстанады. Бұл концепцияның көрнекті өкілі сыни рационалист, француз философы Г. Башлар (немесе Башляр 1884-1962) рациональділік пен эмпирикалықты қарама-қарсы қоймайды, керісінше,
олар бір-біріне үнемі әсер етіп отырады деген принципке сүйене отырып, идеялардың ғылымдағы маңызын және білімнің қоғамда алатын орнын зерттейді. Оның пікірінше, білімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады:
таза эмпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми кезең - рациональдік абст-рактылық ойлау кезеңі және жаңа "ғылыми рух" кезеңі - ол тексерулер мен теріске шығаруға, жаңа ғылыми нәтижелерді қорыту мен білімнің әр түрлі салаларының арасында байланыстар орнатуға ашық кезең. Бұл ғылым таби-ғаттан алшақтайды, себебі оның мақсаты техниканы құрастыру.
Ағылшын позитивисі Б.Рассел (1872-1970) осы ойды жалғастыра оты-рып, «техника дүниесі мен ғылымның идеалды дүниесі екеуінің құрылымы бірдей, техника ғылымнан туындайды және ғылым техниканы басшылыққа алады, яғни ғылым мен техниканың байланысы өте тығыз» деген пікір айтады. Б.Рассел, сонымен бірге, қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістігінің адамзат үшін аса қауіпті жағдай (ядролық соғыс) жасап тұрғанын қатты ескертті, оны болдырмау үшін бүкіл адамзатты бірігуге шақырды.
Иррационализм бағыты антисциентистік сипатта, ғылыми прогреске, дүниені танып-білудің және өзгертудің ғылыми методтарына қарсы. Олардың пікірінше, техникаландырылған қоғамда тұлғаның жаттануы пайда болады. Бұл көзқарас "Өмір философиясының өкілі", француз философы А.Бергсонның (1859-1941) философиясынан анық байқалады. Бергсон адамның рухани дүниесі болмыстың ерекше саласы, оны ғылыми таным арқылы танып-білу және техникалық деңгейде танып-білу мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, Өндірістің машиналық-механикалық сипаты, ғылымның дамуы адам қызметінің рациональдік-технологиялық
136
мазмұн алуына әкеліп соқты, адам жаттанды, оның бойында қарама-қайшылықтар пайда болып, ішкі дүниесі екіге бөлінді. Бұл дағдарыстан шығудың жолы ретінде Бергсон адамның өзін-өзі моральдық жағынан жетілдіруге ұмтылуын, өнер, қолөнер және тағы басқа шығармашылық түрлерімен айналысуын атайды.
О.Шпенглер тарихты мәдениеттердің пайда болуы, дамуы, құлдырауы, құруы процесі деп қарастырады, бір мәдениеттің орнын екінші мәдениет ауыстырып отырады, құрып бара жатқан мәдениет техниканың көмегімен өркениетке айналады дейді. Оның ойынша, техникалық өркениет Батыс мәдениетін дағдарысқа ұшыратып отыр, себебі бұрынғы құндылықтардың орнын техника басты.
Экзистенциализм философиясы да техниканы қатты сынға алды. Олардың пікірінше, техника қазіргі заман адамының әлеуметтік өмірінде, рухани өндіріс саласында белсенді рөл атқарып отыр, бірақ адам
бұрынғыдан бақытты болып кеткен жоқ. Керісінше, адамның жаттануы, қоғамнан бөлектенуі, жалғыздығы, уайым-қайғысы, үрейі күшейіп отыр. Адам өз болмысын түсінуге дәрменсіз, оның нағыз болмысы одан тыс дүние емес, ақиқат болмыс - адамның дүниедегі болмысы, оның мәні - экзистенция деп аталады. Экзистенция шекаралық жағдайларда, адамның өзімен озі, озінің мәнімен жалғыз қалғанда ашылады. Экзистенциалистердің пікірінше, техника дүниесі қазіргі уақытта өте зор, оны толық меңгеру, басқару мүмкін емес, адам оның қасында кішкене ғана нәрсе, абстрактылық индивид. Техниканың үстемдігінің кесірінен адам өзінің тұлғалық ерекшелігін, өзіндік қайталанбас руханилығын жоғалтты, сол себепті адамды өзіне-өзі көңілі толмаушылық билейды. Бұл дағдарыстан шығудың жолы, экзистенциалис-тердің пікірінше, адамгершілік, дін, өнер және тағы басқа адамға рухани күш беретін нәрселер.
К.Ясперстін пікірінше, техника - адамдардың материалдық
өмірін жеңіддету мақсатымен табиғатты ғылыми меңгеру тәсілі, адам қызметінің "заттық" саласы, ол тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық дүниесіне қарама-қарсы, бірақ олар бірін-бірі толықтырады. Техникалық ойлау тәсілі, Ясперстің ойынша, қоғам мен адам қажеттілігінен емес, экзистенцияның өз болмысын қанағат етпеуінен туындады. Ғылыми-техникалық білім дүниені діни -мифологиялық және керкемдік тұрғыдан сезінуді ығыстырып шығарды, дүние мен табиғат бірте-бірте белгісіз затқа, технологиялық қызмет объектісіне айналды. Адам табиғатпен бірлігін жоғалтты, еңбек процесінің өзі де механикалық, еш қызығы жоқ нәрсе бола бастады.
Неофрейдизм бағыты да адамға техниканың типзіп отырған зиянды әсерін атап көрсетеді. Олардың ойынша, техника адамның неврастениялық
137
ауруларының басты себебі, бұл ауруды жеңу үшін адамға психоана-литикалық көмек қажет.
Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзеге асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән "табиғи технологияның" іске асуы деп қарастырады. Олар техниканың зиянды жақтарын да ескереді, бірақ бұл құбылысты жеңу үшін адам техниканың мәнін, даму зандылықтарын ұғынуға тырысып, адамгершіліктік-ұлттық құндылықтарын дамытуы тиіс деп есептейді.
Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда
өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.
Техника және адам. Бұл мәселе туралы техника философиясының негізгі ұстанымдары мынадай: Адам техника жүйесінің басты элементі. Техника қаншама күшті дамығанымен, оның қызметі адамның қатысуынсыз жүзеге аса алмайды, техниканы қозғалысқа түсіретін де адам. Адам өзінің еңбегі арқылы техниканы жасаушы және материалдық-техникалық даму тұтастығын қамтамасыз етуші. Техника ешқашан өздігінен дамитын жүйеге айналмайды. Техникалық прогрестің басты заңдылығы адамның техно-логиялық функцияларын алмастыру болғанымен, бұл процесс салыстыр-малы, ол адамды толық ығыстырып шыға алмайды. Техника дамудың қандай сатысына көтерілсе де, оның мүмкіндігі адам мүмкіндігінен төмен, себебі адамның мүмкіндігі мен қабілеті шексіз, физикалық, психологиялық, интеллектуальдік потенциалы жоғары. Әрине, техниканын адамға да, табиғатқа да тигізіп отырған теріс әсері жеткілікті. Соңғы уақытта адамзаттың қаупі тіпті күшейіп отыр. Дегенмен де адам ақылды тіршілік етуші, сондықтан да бұл қайшылық оң тұрғыдан шешіледі деп үміттенуге болады.
Технология және информатика. Технология қазіргі уақытта өркениет
пен мәдениетті дамытатын, қоғамының қызметтік құрылымын сипаттайтын, жалпы адамзаттың қазіргі даму деңгейін және болашақта дамуының көкжиектерін анықтайтын феномен. Қазіргі заманғы экономикалық ойлаудың басты ұғымы болып есептелетін "технология" ұғымы ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік экономикалық ой жүйесі үшін жат болып келді. Шындығында, тағы бір іргелі ұғым "информациямен" бірге технология қоғамның тарихы мен нақты қызметін түсінудің концептуалды негізін құрайды.
Технология мен техника бір нәрсе емес. Техниканың көне
заманда калыптасқан екі мағынасының (бір нәрсені жасауға қажетті инструменттер, машиналар және құралдар жүйесі; өнер, жасай білу) соңғысы технология ұғымына жақынырақ. Технология техниканы қамтиды,
бірақ онымен шектеліп қоймайды. Қазіргі заманғы мағынасында технология дегеніміз инструментальдік жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық және транстпорттық коммуникациялар жүйесі), операциялық әрекеттер
жиынтығы және инструментальдік жүйеге байланысты туындаған және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық, информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ технологияны динамикалық қызметтік жүйе ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып тұр.
Технологияның аппараттық және операциялық құрамдас бөліктерімен бірге маңызды компоненттері болып технологиялық менталитет және технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуы үшін аса қажетті инфор-мациялық ресурстар есептеледі. Егер бұлар болмаған жағдайда технология азып-тозып, тез күйрейді. Оның жақсы мысалдары біздің елімізде, бұрынығы Кеңестер одағы кеңістігінде өте көп. "Болмыс алғашқы, сана оның
бейнесі "принципі бойынша жұмыс істеп дағдыланған, еңбек процесінен адам санасы түгелдей ығыстырылып шығарылған елімізге көптеген жаңа технологиялар әкелінгенімен, осы технологияны қолданып, іс жүзінде қолдана білетін интеллектуалдардың жоқтығынан әлемдік үлгіде жасалған технологиялар аз уақыт ішінде істен шығарьшып, қыруар қаржы желге ұшты.
Елдің мәдениетін, жалпы менталитетін, қоғамдық санасын экономи-калық және технологиялық дамудың екінші факторы ретінде қарастыру өте қауіпті екені қазір айқын байқалып отыр. Бұл дағдарыстан шығудың жолы қандай?
Қазіргі дағдарыс технология, өркениет және мәдениет арасындағы шиеленіспен байланысты. Өркениет күрделі, әлеуметтік маңызы зор тех-нологияларлың негізінде пайда болды. Мұндай технологиялар материалдық еркениет саласын ғана емес, билікті, әскери істі, ауыл шаруашылығын, транспорт, байланыс және интеллектуальдік қызмет салаларын қамтиды. Өркениет технологияның ерекше социогендік функциясынан туындайды. Технология өзіне қажетті нормативті-реттеу ортасын қалыптастырады.
Осы орта "өркениет" ұғымы арқылы бейнеленеді. Яғни, өркениет белгілі
бір технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Өркениет біртипті технологиялардың негізінде қалыптасқан қоғамдардағы жалпыны көрсетеді.
139
Мәдениет болса, әрбір қоғамдастықтың, әрбір социумның индивиду-альді бастауының көрінісі. Мысалы, қазақ мәдениеті қазақ халқының
этнотарихи индивид ретіндегі болмысының,тілінің, тарихи тағдырының, дінінің ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір мәдениеттің мызғымас, ғасырлар бойы қалыптасқан ядросы және оны қорғаушы белдеулері бар. Белдеулер - әрбір ұлтқа тән адамгершіліктік, әлеуметтік, интеллектуальдік реакциялар, олар ядроға сыртқы ортаның терәс әсерін тигізбеуге тырысады. Белдеулері мықты мәдениет өзін сақтап қалады. Өркениет, технология, мәдениет бір-бірімен үндестік тапқан кезде қоғам бірқалыпты дамиды, ал бір-бірне ықпалдасу болмаған кезде дағдарыс-шиеленістер пайда болады. Сондықтан да тәуелсіздік жолына түскен біз үшін жаңа технологияны қабылдайтын менталитетті қалыптастыру, оның теріс жақтарынан қорғайтын мәдени белдеулерді күшейту аса маңызды. Бұл ретте көп нәрсе адамның өзіндік санасын - адамның өзі, өзінің терең болмысы, өзінің кемшіліктері мен
теріс қасиеттері туралы білімін нығайтуға байланысты. Өзіндік сана мәдениеттің ядросын үңіліп, ондағы тарихи мұраны тануға қабілетті, ал мәдени-ұлттық құндылықтарды дұрыс қолдана білу арқылы технологияның басымдығына қарсы тұруға болады.
Дамыған елдерде ХХ-ғасырдың ортасынан бастап информация рево-люциясы басталды, бұл құбылыс 70-жылдардың соңына таман күшейе түсті. Қогамның информатизациясы дегеніміз - қогамдық және әлеуметтік маңызы бар, экономикалық, құқықтық, саяси, әлеууметтік және басқа міндеттерді шешуге қажетті информацияны өте тез өндіру және тарату әлеуметтік-тарихи процесі.
Информатизацияның нәтижесі - информациялық қоғамның құрылуы. Информациялық қогам - қоғамдық жүйе, ол:
1) әрбір индивид, әрбір ұжым, әрбір мекеме өзінің қызметіне қажетті барлық информацияны ала алуына мүмкіндік береді;
2) бұл информацияны, ең бастысы, ғылыми, саяси, экономикалық, тех-нологиялық білімдерді экспоненциалдық (ашық түрде дегенді білдіреді) есу заңдары бойынша өндіреді;
3) алдыңғы екі мақсатты жүзеге асыруға қажетті (бұған есептегіш ма-шиналар мен коммуникация құралдары да кіреді) қазіргі заманғы инфор- мациялық технологияларды өндіреді және қолданады;
4) материалдық өндіріс, транспорт, байланыс, технологиялық процес тер, басқару, білім, ізденістер мен жобалау, сервис, адамдардың қызмет саласы бойына және жеке араласуының негізгі салаларын толық немесе жартылай автоматтандыруды қамтамасыз етуге қабілетті.
140
Информатизация индустриальдік қоғамның жалғасы және оның қон-дырмасы. Информация құндылығы қай уақытта да жоғары болды, біздің заманда бұрынғыдан да күшейе түсті. Қазіргі уақытта жер бетіндегі
материалдық ресурстар (ауыз су, таза ауа, құнарлы жерлер, энергия, қазба байлық көздері және тағы басқалары) азая түссе, информация, керісінше, шексіз ресурс. Бірақ оны дамыту үшін бұрын қалыптасқан информациялық технологиялар - телефон, пошта байланысы, жазу, ауызша жеткізу - жеткіліксіз, компьютерлік және коммуникациялық технологияға негізделген жаңа информациялық технология қажет. Онсыз экономиканы, қоғамды дамыту мүмкін емес. Өндірістің кейбір салалары информация көлемін бірнеше есе арттыруды қажет етеді, бірақ бұл шығындар түбінде жемісін береді. Бұл тұжырымның тамаша дәлелі ретінде Жапонияда 1969 жылы ресми түрде жария етілген информатизацияландыру мен информациялық қоғамға көшудің мемлекеттік концепциясы мен моделін айтуға болады. 1971 және 1973 жылдардағы экономикалық дағдарыстардың алдын алу мақсатымен жасалған дағдарысқа қарсы бағдарлама ретінде жасалған және жүзеге асырылған бұл шара керемет нәтижелер берді. Жапондықтар дағдарыстан мейлінше аз шығындармен шығып қана қойған жоқ, сонымен бірге әлемге әйгілі "жапон ғажабының" әлеуметтік және технологиялық негіздерін жасады. Бұл мысал біз үшін даму үлгісі бола алады. Бұл жол өте қиын, адамдардан білімді жасай білу өнері мен интеллектуальділікті кәсіби шеберлікпен, инновациялық технологиялармен үштастыруды талап етеді, бірақ өркениеттің жаңа сатысына көтерілудің бұдан басқа жолы жоқ, өзге жолдар тек құлдырауға апарады.
Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені таби-гатын, оның пайда болужәне даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамга, жалпы қогамга тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы гылыми болжамдар жасайды.
141
15-ТАҚЫРЫП
ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ
(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)
1. Дінді философиялық тұргыдан зерттеудің ерекшелігі. Дін қоғдық сананың формасы ретінде.
2. Діннің элеуметтік және гносеологиялық тамырлары. Діннің функциялары.
3. Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандыгы мәселесі.
Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын ала ды. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерт телгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда
діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағьптағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқ ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:
1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды:
2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себеп терін талдайды;
4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;
6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді.
7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.
Діннің анықтамасы: mеlеgо - қасиеттілік, құдайылық - Абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйке мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі.
Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қаты- настарды және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сез- імдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін - бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді; 2) зандық сипаттағы дін - діни қағидлар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; 3) ақталу діні, о Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.
Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, құдайга деген сенімен
142
туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтыгы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсінікгердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе,
дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.
Діннің паііда болу себептері мен мәні туралы мәселе философия та-рихында көптеген философтардың зерттеу объектісі болды. Дін туралы ғылым - дінтануда діннің тамырлары деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннін пайда болу себептерін, әлеуметтік, гносеологиялық және адам-гершіліктік мәнін ашады.
Діннің басты, анықтаушы тамыры немесе себебі регінде кептеген галымдар әлеуметтік себептерді атайды. Бүл себеп алғашқы қауымдық қоғам адамдарынан жақсы керінеді. Кездейсоқтық үстемдік еткен алғашқы қауымдық қоғам адамдары табиғаттың дүлей күштеріне қарсы тұруға дәрменсіз, оларға тәуелді болды. Стихиялық табиғат күштерін билеуге, өзіне бағындыруға, қоғамдық қатынастарда күнделікті туындап отырған мәселелерді шешуге қажетті практикалық құралдары жоқ адамдардың сүйенгені өзінің санасының, қиялдауының жемісі - фантастикалық күштерге деген сенім болды. Діннің пайда болуының осы әлеуметтік себептерін қазіргі заманда да көруге болады. 90-жылдардың басында бүкіл посткеңестік кеңістікте діннің оте тез қарқынмен дамуы байқалды. Бұрынғы жүйе күйреп, жаңа бағыттар, жаңа қоғамдық қатынастар әлі анықталмаған сол кезеңде адамдардың бойын шарасыздық, қорқыныш, үмітсіздік биледі, өмірлік
бағыт-бағдарын жоғалтқан адамдардың көпшілігі өздеріне қажет күш-қуатты, сенімді діннен іздеді.
Діннің гносеологиялық тамырлары болып адамның танымдық және психологиялық қызметі негіздерінде қалыптасу мүмкіндігі жағдайлары, алғышарттары, мүмкіндіктері есептеледі. Таным процесі екі жақты - та-нымның объективті мазмұнын және оның субъективті формаларын (түйсік, қабылдау, елестету, ұғым, пікір және т.б.) қамтитыны белгілі. Діни санада осы процестің екінші жағы басымырақ. Елестетуге, логикалық аналогиялар
143
мен абстракциялар жасауға қабілеттілік тым әсіреленіп, танымдық бейнелердің нақты заттардан ажыратылу қаупі пайда болады. Рациональдік танымға көбірек назар аударудың нәтижесінде ұғымдарда дүние субъективті бейнеленеді.
Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырларымен қатар психо-логиялық тамырларын да атап кеткен дұрыс. Бұрын белгісіз, жаңа әлеуметтік өзгерістер, қатынастар, жағдайлар жеке адамның бойында да, қоғамда да жағымсыз эмоциялар тудыратыны күмәнсіз. Әрине, адамдардың бәрі бірдей дінге бас ұрмайды. Бірақ психологиялық-эмоциялық жағынан алғанда тұрақсыз, абстрактылық ойлауға, қиялға, әсірелеуге елестетуге көбірек бейім адам дінді тезірек қабылдайды. Діннің функциялары:
1) әлеуметтік функциясы - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.
2) адамгершіліктік функциясы - дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.
3) компенсаторлық - адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.
Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихын да үш көзқарас бар: 1) Сенімді, діни сенімді ақыл-ойдан жоғары қою оны "Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат" деп түсіну
2) сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді-
3) "екі ақиқат" - сенім мен ақыл-ой қатар әмір сүре алады деп мойындау
Бірінші көзқарас Ортағасырлық христиандық және мұсылман фил" софиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақы адастырады, сондықтан құдайды және ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді. Тертуллиан: "Сенемін, себебі абсурдты". Сенім мен ақылдың арақатынасын түсіндіруде Аквинаттың релі ерекше. Ол сенімді жоғары қоя отырып, оны біржақты қолдамай, ақыл м сенімнің арасындағы ортақ жақтарын да талдауға, олардың таны объектісіннің бір екендігіне
және таным тәсілдер бірін-бірі толықтыра алатынына назар аударуға ұмтылды. Кейінірек оның ілімін жалғастыру шылар неотомизм бағытын қалыптастырды, 1879 жылы папа Лев ХИ бұл бағытты христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіретін жалғыз философия деп жариялады. Бірақ қазіргі заманғы томизм антропологиялық сипатта, құдайды ғана емес, адамды да қүндылық деп таниды, "адамның өмір сүруі",
144
"экзистенция" ұғымдарын енгізді.
Екінші көзқарас Қайта Оркендеу, Жаңа Дәуір кезендеріндегі ғылыми-техникалық революциядан бастау алып, ХХ-ғасырда, әсіресе кеңестік қоғамда ерекше дамыды. Бұл құбылыс діни сенімнің төмендетілуіне, дінге сенушілердің қудалануына әкелді.
Үшінші көзқарас Жаңа Дәуір ғылымының өкілі Ф.Бэконның еңбекте-рінде кездеседі. Менің ойымша, осы "екі ақиқат" принципін құптауға болады. Қазіргі заманғы қоғам осы ұстаным бойынша өмір сүріп отыр десек, қателеспейміз. Ақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің гармониясынан, бір-біріне түсіністікпен қарауынан қоғам ұтпаса, ұтылмайды. Жеке адам деңгейінен қарастырсақ, құдайға соқыр сеніп, діни салт-дәстүрлерді орындап, сол арқылы өзін діндар адам ретінде көрсетіп, мақтану, ал күнделікті
өмірде зұлымдық жасау, өзіңнен басқаны ойламау, яғни сенімді ақылмен үштастырмау мүлдем қате.
Діни сенім бостандығы - адамның ңегізгі және ажырамас құқықта-рының бірі. Біздің қоғамымыз ұзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының "Адам және азамат" деп
аталатын екінші белімінің 19-бабының бірінші тармағы және 22-бабының бірінші және екінші тармақтары Қазақстанның әрбір азаматы діни бос-тандыққа құқылы екендігін заң түрінде бекітеді.
Сонымен қатар, әрбір адам басқа дінді ұстанган адамга да, құдайга сенбейтін адамга да тусіністікпен, шыдамдылықпен қарауы тиіс. Сонда гана адамдардың арасында достық, сыйластық, ынтымақтастық қалыптасып, қоғамдагы тұрақтылық сақталады.
145
ГЛОССАРИЙ
1. АБСОЛЮТ ( лат. аЬsоІutus - шартсыз, шексіз) - идеалистік филон софияның ұғымы, барлық бардың (сущее) біртұтас, жалпы, бастаусыз; және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді.
2. АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ - Гегель философиясының негізгі катего- риясы, универсумды толық күйінде, шартсыз, нақты және тұлғалық жал-пылық күйінде білдіреді (яғни, субъектіні де, субстанцияны да).
3. АБСОЛЮТТІК РУХ - Гегельдің философиялық жүйесінде абсо-люттік идеяның өзіндік санасын жүзеге асыратын рух дамуының қорытынды звеносы.
4. АКСИОЛОГИЯ - құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің ба-ғытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |