Патрилокальді отбасы – жас жұбайлардың ұлдың ата-анасымен, солардың үйінде тұруы
Полигамия — бірнеше адамдардың арасындағы неке.
Полиандрия – бір әйелдің бірнеше ер адаммен некесі
Полигиния – бір ер адамның бірнеше әйел адаммен некесі, яғни көп әйел алушылық
Эгалитарлық отбасы - демократиялық қарым-қатынастарға, әйел мен еркек арасындағы теңдiкке, әрiптестiкке негiзделген.
12-тақырып. Білім және дін
Ақпарат – қандай да бір білімнің, нәрсенің жиынтығын, қандай да бір мағлұматты білдіретін ғылымның жалпы, ортақ ұғымдарының бірі.
Білім әлеуметтануы – білімді әлеуметтік институт ретінде, оның мекемелерін әлеуметтік ұйым ретінде қарастыратын, сонымен қатар білім аумағындағы әлеуметтік саясатты зерттейтін әлеуметтану ғылымының бір саласы.
Білім – адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе (күнделікті тіршілікте, қарым-қатынаста, ғылымда, саясатта).
Достарыңызбен бөлісу: |