Коалиция (лат.тіл. - бірігу) – жалпы мақсатқа жету үшін мемлекеттер мен партиялардың, қоғамдық ұйымдардың бірлігі.
Конвенция (лат.тіл. - еркін, ерікті) – халықаралық келісім.
Көппартиялылық - мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі.
Легитимділік - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті заң жүзінде мойындалуы.
Либерализация(лат.тіл. - ырықтандыру) – мемлекеттік реттеудің қатаң бақылауынан босану.
Локаут (ағылш.тіл. - есікті жабу) – жұмысшыларды көптеп жұмыстан шығару.
Маргиналдар - белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Меморандум - дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
Можаритарлық жүйе - сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.