Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі
Прагматизм - алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Приватизация (лат.тіл. - жекешелендіру) – мемлекетті к меншікті жекешелендіру үдерісі.
Постиндустриализм (лат.тіл. - соң, соңында) – Батыс Еуропалық елдерден шыққан саяси-әлеуметтік тұжырымдама. Қоғамның даму тарихын үш кезеңге бөледі:индустрияға дейінгі индустриалдық, постиндустриалдық (индустриядан кейінгі).Бұл аталған жаңа қоғамда даму негізі ғылымға тірелмекші. Қоғамда ғылымның теориялық және зерттеу мекемелері ерекше орын алмақшы.
Путч (нем.тіл. - бүліншілік) – мемлекеттік төңкеріске ұмтылған шағын топтың әрекеті.
Радикализм (лат.тіл. - түбірлі) – терең батыл шаралар қолдану әрекеті. Мәмлеге келмейтін саяси ұйымдар тобы.
Реваншизм (фр.тіл. - кекшілдік) – бұрын соғыста жеңілген елдердің кек қайтару мақсатымен жаңа соғысты дайындау идеологиясы мен саясаты.
Репарация (лат.тіл. - төлем) – жеңілген елдің женген мемлекетке соғыс зиянын (шығындарын) түгел,не болмаса жартылай төлеуі.
Тоталитаризм(лат.тіл. - жаппай) – адамның жаппай саяси билікке, қоғамның жаппай мемлекет билігіне бағынуы. Тоталитаризм азаматтық қоғамның барлық жағын бір орталыққа бағындырып, мемлекеттік органдардың шырмауын барынша күшейту тәртібі.
Фашизм (итал.тіл. - буда, байлам,шоқ) – ашықтан-ашық демократиялық бостандық пен прогрестік қоғамдық ұйымдардың әрекетін террорлық-диктатура әдіспен басып-жаншу саясаты.
Элита (фр.тіл. - бекзат) – қоғамның,партияның мемлекеттің таңдаулы топтары.
Шовинизм (фран.тіл. - француз солдатының аты, есімі) – ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі. Бір ұлттың мүддесін басқа ұлттардың мүддесінен жоғары қою.