Глоссарий
Абулия - ми патологиясында пайда болатын iс-әрекетке итермелегiш күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.
Агглютинация - алғашқы ойдың сақталуында, әртүрлі сөздердің мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.
Агрессия - адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе
нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет.
Агрессивтік мінез-құлық - адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай
мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.
Аккомодация - көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.
Антропогенез - адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық
типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология - адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы
туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы,
антропогенез, нәсілтану туралы ілім.
Апатия - сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі.
Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады.
Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос
қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық
сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.
Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы
дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.
Аралық ми - барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі.
Ол алдыңғы ми көпіршіктерінің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта
мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды.
Арман - психологияда: адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем
деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық сатысы деуге болады.
Арнаулы психология - адам дамуының бір қалыпты даму жолынан
ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін
және осы саладағы әртүрлі аурулардың себептерін қарастырады. Оның
тармақтары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология,
патопсихология
Ар-ұят - ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты
6білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-
әрекет пен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет.
Ассоциация - психикалық құбылыстар арасындағы байланыстар. Бұл
байланыста психикалық құбылыстардың бірінің (қабылдау, елестету)
басымдылығы екіншісінің пайда болуын ілестіре жүреді. Ассоциацияның
психофизиологиялық негізі - шарты рефлекс.
Астения - өте қатты шаршап-шалдығу, жүдеу, көңіл-күйдің
тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезінде байқалатын
жүйкелік-психологиялық әлсіздік.
Аутизм – ойлау логикасының дұрыс дамымауынан немесе психотроптық
құралдар әсерінен адамның ойлауының қалыпты жағдайының бұзылуы,
адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға
салынған кездегі көңіл-күйі.
Аутогендік жаттығу - емделушіні бұлшық еттік релаксацияға, өзін-өзі
иландыруға, адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір
көріністерді көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды
іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой
белсенділігін бақылай білуді оқытып-үйрететін психотерапевтік әсер ету
әдістемесі.
Ауызша сөйлеу - естіп қабылданатын тілдік құралдар арқылы
вербальдық (сөздік) тілдесу. Ауызша сөйлеуге тән сипат - сөйленген
хабарламалардың жекелеген құрамдастары бірінен соң бірі туындайды және
қабылданады.
Ауытқыған мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерді
қайталап бұзудағы, тұрақты сипаттағы мінез-құлық; белгілі бір қоғамда
қалыптасқан дерек, балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау
шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасау,
қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттердің орындалуы.
Афазия (сөйлеудің бұзылуы) - жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің
зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы.
Аффект - адамның көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен
бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі (долдану, ызалану, торығу, т.б.).
Афференттеу - сыртқы (экстерорецепция), сондай-ақ ішкі
(интерорецепция) тітіркендіргіштерден қабылданған ақпараттың сезім
органдарынан орталық жүйкеге келіп түсетін жүйкелік импульстарының
тұрақты тасқыны.
Афференттік синтез - функциялық жүйе теориясында шешім қабылдау
мақсатымен қоршаған орта және іске қосылатын стимул жөніндегі есте
сақталған материалды, мотивацияны, ақпараттарды жинақтау.
Әдептілік - белгілі бір моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау.
Әдептілік өте қажет қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі.
Әдет - жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып
7үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде
қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.
Әділдік - моральдық сана ұғымы. Әділет қоғам өміріндегі жекелеген
адамдардың атқаратын ролі мен олардың әлеуметтік орны арасындағы, қылмыс
пен жаза, адамдардың абыройы мен оның сыйақысы, құқықтар мен міндеттер
арасындағы арақатынасты бағалайды.
Әлеуметтік психология - адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан
туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың
өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.
Әлеуметтік стереотип - әлеуметтік объектің (топ, адам, оқиға, құбылыс
және т.б.) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Әлеуметтік
стереотип индивидтің жеке тәжірибесін талдап қорытудың нәтижесі және күні
бұрын кесіп-пішілген түсінік, пікір ретінде ақпараттың тапшылығы жағдайында
қалыптасады.
Әңгімелесу, әңгіме - мақсатты бағытталған сұрақтар нәтижесінде,
адамдармен қарым-қатынас негізінде ақпарат алудағы эмпирикалық әдіс.
Әрекет - іс-қимыл бірлігі (единица); саналы түрдегі мақсатқа жетуге
бағытталған тікелей жасалатын еркін, ниеттік белсенділік.
Әрекет, амал - адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі.
Әрекет қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан туындайды. Адамның әрекетке
ұмтылуына негізгі түрткі болатын ниет. Ниетті мақсаттан бөліп алып қарауға
болмайды. Ойға алған ниетті іске асыру үшін адам алға мақсат кояды да,
мақсатты іске асыру үшін іс-әрекетке кіріседі. Іс-әрекет арқылы мақсат, ниет
орындалада.
Әрекеттену - іске адамның өздігінен кірісуі. Ол өзіндік ниеттен
туындайды және адамның өзіндік белсенділігін қалыптастыруда үлкен қызмет
атқарады.
Әсемдік - зат пен табиғат құбылысында, қоғамдық өмірде, адамның
моральдық және сымбаттық көркінде, көркемөнер шығармаларында көрініп,
көркемдік ләззат беретін эстетиканың негізгі категорияларының бірі.
Әсемпаздық - адамның өзінің жеке басына қатысты түрде алғандағы
әсемдікке көзқарасы мен талғамындағы қиғашық; ол оның киінуі, сыланып-
сипанып, күтіну машығынан көрінеді.
Әуесқойлық - психологиялық күй, ол субъектінің сараланбаған,
аңғарылмаған немесе жеткілікті түрде аңғарылмаған қажеттілігін білдіреді.
Әуесқойлық өтпелі құбылыс болып табылады. Өйткенді онда көрініс
тапқан қажеттілік не бәсеңсіп өшеді немесе аңғарылып, нақты тілекке, ниетке,
арманға т.б. айналады.
Әуестену - адамның еркімен, жан қалауымен бір затқа қызығып, онымен
айналысуы, содан қанағат сезіміне бөленуі.
Бағдар - субъектінің дайын, пейілді болуы; белігі бір объектінің пайда
8болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты
іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді.
Бағдарлау - алдағы әрекеттің бағытын, мөлшерін сезім және ой жүгірту
арқылы анықтау.
Бағдарлау рефлексі - ми жұмыс мүшелеріне хабар жіберіп қана қоймай,
ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Осындай екі жақтан
хабарлаудың арқасында ғана ми айналасындағы құбылыстар туралы дұрыс
мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. И. П.
Павлов бұл рефлексті: "Бұл не?" деп атады.
Бағыттылық - қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғаның
қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамның дүниетанымын білдіретін
мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатгалады.
Байқағыштық - заттың, құбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам
қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына,
кәсібіне де байланысты.
Байсалдылық - адамға тән жағымды қасиет; синонимдері - төзімділік,
шыдамдылық, табандылық.
Бақылау әдісі - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту
ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің,
алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп
отыру.
Бала психологиясы - баланың психикалық дамуының заңдылықтарын
зерттейтін психологияның саласы.
Басқару психологиясы - басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды
зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі міндеті
- басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында
басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау
жасайды.
Бейне - танымды объективтік болмыстың туындысы деп материалистік
тұрғыдан түсінуге негіз болатын ұғым. Психологияда дүниедегі заттардың,
соның ішінде жануарлар мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап
қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі).
Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін
ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы.
Бейресми топ - заңдық тұрғыдан статусы жоқ, мүдделер, достық пен
симпатиялар негізінде не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы
түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық.
Бейімделу (адаптация) - организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына
бейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік - адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік
нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай
дами түседі.
Белсенділік - адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының
9нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек)
кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті.
Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.
Бинокулярлық көру - қашықтықтағы объектілерді бақылау арқылы
көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру.
Биографиялық әдіс - адамның хаттары, күнделіктері, өмірбаяны,
шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі
Бихевиоризм - XX ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты.
Бихевиоризм психологиясының мақсаты - мінез-құлықты зерттеу болды.
Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның
әсер етуіне организмінің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр.
Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол
бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми
қалыптасуына В. М. Бехтерев пен И. П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920
жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.
Білуге құмарлық - адамның санасы мен іс-әрекетіне, көңіл-күйіне із
қалдыратын тұрақты, әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген қоғамы, оның
қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті зор әсерін тигізеді. Білуге құмарлық -
ұнамды қасиет.
Біліктілік - қызметкердің іс-әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігі
белгілі бір дережедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндей
қабілеттерінің даму деңгейі.
Біріккен топ - бірлік нышаны, мүдделер кірігуі мен қоғамдық пікір
бірлестігінің нышандарын білдіретін топ. Біріккен топтың жоғары дамыған түрі -
қарым-қатынас, құрылымы, тұлғаның ондағы нақты орны айқындалса
кооперацияға айналады. Оған сынып, түрлі үйірмелер және тағы басқалар жатады.
Бірінші сигнал жүйесі - сыртқы және ішкі ортадан келетін белгілі
тітіркеніс рецепторларға әсер ету нәтижесінде адамның және жануарлардың ми
қыртысында қалыптасатын шартты рефлекстік байланыс жүйесі. Сыртқы
ортадағы заттар, құбылыстар, өзгерістер организмге түрлі сезім мүшелері (есту,
дәм сезу, иіс сезу және т.б.) арқылы тікелей әсер етіп, түрліше түйсіктер
тудырады. Мұны академик П. Павловтың ұсынысы бойынша, сыртқы және ішкі
өзгерістерді хабарлаудың бірінші жүйесі деп атайды.
Вебер-Фехнер заңы - түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физикалық
қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = k 1оgP + с, мұндағы k мен с
осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті
Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының
субьективтік теңдігі туралы қосымша ұйғарымның негізінде неміс психологі
және физиологі Г.Т. Фехнер тұжырымдады.
Галлюцинация - перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген
сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды.
Генетикалық психология - әдетте, даму психологиясы деп аталатын
10терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Генетикалық психология
көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз
болатын даму процестерін зерттейді.
Геронтология - қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу.
Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас
жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.
Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе
кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық
жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету
шараларын зерттейді.
Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға
беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Данышпандық - бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек
етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән
психологиялық қасиет.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі.
Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір
түріне туа бейімділігі.
Дедукция - жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы.
Дефектология - аномалиялы балалардың дамуының психологиялық-
физиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары
туралы ғылым.
Джеймстің - Лангенің эмоциялар теориясы - америкалық философ
және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің XIX ғасырдың 80 -
90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша
эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ жүрек,
қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы
әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен
байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша,
«жылағандықтан мұңданамыз, дірілдегендіктен қорқамыз, күлетіндіктен
қуанамыз». Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен
байланытырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен - иннервация күйімен және
тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның
салдары деп қарастырылатын перифериялык, органикалық өзгерістер олардың
себебі деп жарияланды.
Динамикалық стереотип - үнемі қайталанып отыратын
тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында
қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы
Дисфазия - мидың зақымдануынан қалыпты сөйлеудің бұзылуы.
Синонимі – афазия.
Диффузиялық топ - құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын,
11қатысушыларының қатынастарын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті
жоқ қауымдастық.
Егіздік әдіс - біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық)
егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Егіздік
әдіс адамның психологиялық қасиеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің
қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми
тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Елестету, елес - бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар
мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық
карекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, проблемалық жағдай
белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті
бағдарламай, алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің
бейнелерін жасаудан көрінеді.
Еліктеу - басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті
және еріксіз болуы мүмкін. Адамның өз әрекетін басқаның үлгісімен
модельдеуге тырысуы.
Еңбек психологиясы - еңбек қарекетінің нақты нысандарының және
адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ерік - адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі
детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі
функциялары: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы
жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу,
психикалық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіп
ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаятта
физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып,
қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Еске түсіру - ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына
келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың
ырықты нысаны ретінде көрінеді.
Есте сақтау, есте қалдыру - материалдың жадта сақталуын қамтамасыз
ететін процестердің жалпылама атауы. Есте сақтаудың нетижелілігі, ең
алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру
мүмкіндігіне қарай анықталады. Есте сақтау процестерінің іс-әрекет
құрылымындағы орнына байланысты ерікті және еріксіз есте сақтау болып
бөлінеді.
Жалпы психология - неғұрлым жалпы психологиялық зандылықтарды,
психологияның теориялық принциптері мен әдістерін, оның негізгі ұғымдары
мен санаттық құрылысын анықтайтын теориялық және эксперименттік
зерттеулер.
Жан - адам мен жануарлардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп
12отырған көзқарасты бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік философия мен
психологияда жан материалдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным
бастауы. "Жан" ұғымының шығуы ұйқы, естен тану, өлім және тағы басқа
жағдайларды қарадүрсін-материалистік тұрғыдан ұғынған алғашқы қауымдық
адамның анимистік түсініктерімен байланысты.
Жас дағдарыстары - онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен
сипатталатын, уақыты жөнінен біршама, ұзақ емес ерекше кезеңдері. Жас
дағдарыстары жас тұрғысындағы бір сатыдан екіншісіне өтумен байланысты
пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынастар, сана саласындағы
жүйелі сапалық түрленумен байланысты.
Жас психологиясы - адам психикасының дамуын және оның жас
тұрғысынан әртүрлі кезеңдерге ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.
Жас психологиясы бала психологиясын, ересек адамның жекелей даму
психологиясын және геронтологиялық психологияны (қарттық психологиясын)
қамтиды.
Жасқа қатысты сензитивтілік - белгілі бір психологиялық қасиеттер
мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән
оңтайлы ұштасуы.
Зейін - адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан
құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарын
тұрақтатуы.
Зеректік - адамның белгілі бір ақпаратты қабылдау, санасына сіңіру және
қорыту қабілетінің жоғарылығы. Зерек адам дамудың логикалык
қағидаларының жетегімен бұрын жүріп көрмеген жолмен нысанаға жете алады,
шығарып көрмеген есепті шығарады, шешіп көрмеген түйінді шешеді.
Зиялылық - адамның мәдениетке, парасатқа, түсінуге ден
қоюшылығынан, мәдениеттің құндылығы мен қажеттілігін түйсінуінен
көрінетін қасиеті.
Зият, парасат (интеллект) - индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама
орнықты құрылымы. 3ият ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге,
оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. 3ият
функциялары: оқуға деген қабілеттілік; символдармен операция; қоршаған
болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Зият тестілері (тест интеллекта)- индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға
арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің
көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан
құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген
логикалық топтастыру, ұқсастыру, қорыту және тағы басқа қатынастарды
анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не
бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Тестілер
есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының
ойдағыдай өткені анықталады және зияттылық коэффициенті шығарылады.
Зоопсихология - жануарлардың психикалық процестерінің онтогенездегі
13қалыптасуын, психиканың эволюция процесінде пайда болуын және оның
дамуын, адам санасының биологиялық алғышарттарын және оның туылу
тарихын зерттейді.
Идентификация – бір нәрсені, біреуді тану барысында субъект
объектінің сыртқы мінез-құлық нысандарын, басқа адамның ойларын,
сезімдерін, әрекетін өзіне көшіруі.
Идеомоторика - идеялармен берілген сыртқы әрекет. Бұлшық ет
қозғалысының сол қозғалысты орындауға өтуі (немесе қозғалысты қамтамасыз
ететін жүйке серпіндерінің пайда болуы). Идеомоторика қимыл мүшелерінен
түсетін кері байланыс сигналдарымен басқарылады.
Икемділік - субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы
арқылы іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. Икемділік жаттығу
арқылы қалыптасады және іс-әрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сонымен
қатар өзгерген жағдайларда да орындауға мүмкіндік жасайды.
Имандылық - ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық,
инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі.
Импульсивтілік - адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда
мінез қыры); сыртқы ықпалдық әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету.
Индивид - жекелей табиғи тіршілік иесі. Ноmо sаріеns түрінің өкілі
филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің
біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам;
адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып
шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің
мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Индивидтің өз бетімен дамуы - адамның іс-әрекеттік және басқа да
тұлғалық сапаларын оның тұтас мақсатты қызметінің алуан түрлері барысында
байыту процесі. Ол түрлі іс-әрекет барысында әлеуметтік тәжірибені игеру мен
мәдениетке қол жеткізудің негізі болып табылады.
Индукция – жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы.
Инженерлік психология - адам мен машина арасындағы ақпараттық
өзара әрекеттестік процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы.
Интериоризация - сыртқы әрекеттің ішкі психикалық әрекетке айналу
процесі.
Интерио(ре)цепторлар - ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы
жүйкенің аяқталған бөлігі. Интероцепторлар ішкі мүшелер мен жүйкелердің іс-
әрекетін рефлекторлы реттеуге және гомеостаздың тұрақтылығын ұстап тұру
үшін маңызды роль атқарады.
Интроспекция - тұлғаның өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі
жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі
әлемін зерттеу.
Иіс талдағышы - мұрын кеңістігіне әсер ететін иісі бар заттарды
талдайтын нейрофизиологиялық жүйе. Иіс талдағышы перифериядан (иіс
рецепторларынан), арнайы өткізгіш жолдардан (иіс жүйкелері), ми
14қыртысындағы жүйке құрылымдарынан тұрады.
Кәрілік психологиясы - қартайған адамға тән психологиялық
ерекшеліктердің жиынтығын қарастыратын психология саласы. Кәрілік
психологиясына тән нышандарға мыналар жатады: уайымшылдық,
мақтаншақтық, өткен өмірінің мәнсіз кезеңдеріне өкіну; жастарды, шуды
жақтырмау; тыныштық іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз болу; сөздері мен
істерін қайталай беруі, белгілі деңгейде пессимизм, түңілу.
Кинестезиялық (қозғалыс) түйсіктер - адамның өз мүшелерінің
орналасуын, қозғалуын және бұлшық еттерінің күшін түйсінуі. Кинестезиялық
түйсіктер бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда болатын арнайы рецепторлық
құрылымдардың қозуы нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық психология - медициналық психологияның аурулардың
пайда болуы мен барысының психикалық факторларын, аурулардың тұлғаларға
ықпалын, емдік, шипалық ықпал әсердің психологиялық аспектілерін
зерттейтін сала.
Когнитивтік диссонанс теориясы - америкалык, психолог Л.Фестингер
ұсынған (1957) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер,
пікірлер, құндылықтар, ниеттер жөне т.б.) жүйесінің ықпалын түсіндіретін
батыс әлеуметгік психологиясы тұжырымдамаларының бірі.
Когнитивтік психология - қазіргі шетелдік психологияның жетекші
бағыттарының бірі. Когнитивтік психология XX ғасырдың 50-жылдарының
аяғында АҚШ-та үстемдік етіп тұрған бихевиоризмге тән психикалық
процестердің ішкі ұйымдастырылуы ролінің теріске шығарылуына реакция
ретінде қалыптасты. Когнитивтік психология бихевиоризм мен психоанализді
интеллектуалдық немесе менталдық позициядан сынайтын барлық бағыттарды
қамтиды.
Конвергенция - бақыланатын объектінің бейнесі екі көзге бірдей
мейлінше жақсы көрінетін алаңға келетіндей етіп көздердің қиысуы.
Бақыланатын нәрсе неғұрлым жақын болса, конвергенция да көз остерінің
қиысуы соғұрлым айқын болуы, демек, екі көз объекті тұрған нүктеден бірдей
қашықтықта болып, бірдей конвергенцияланады.
Конвергенция теориясы – неміс психологі В.Штерн енгізген баланың
психикалық дамуы туралы теория. Психикалық даму туралы екі теорияның -
преформизм (нативизм), баланың дамуындағы ішкі жағдайларға - тұқым
қуалаушылыққа және сенсуалистік теория (эмпиризм), біржақтылығын
болдырмауға тырысудан туған.
Конформдылық - адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне
берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес
өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.
Корпорациялық топ – тұлға-аралық қарым-қатынас топ мүшелері үшін
өзара жеке мәнді сипатта жүзеге асырылатын топ.
Коррекциялық әдіс - психодиагностикалық әдістер негізінде психологтің
15тұтынушы немесе баланың нақты күйзелістерін, тілектерін, танымдық
процестеріннің даму ерекшеліктеріне түзету жұмыстарын таңдау және жүргізу.
Көңіл-күй - индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе
құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама
ұзақ, орнықты психикалық күй.
Көңіл-күйге ортақтасу - субъектінің эмоциялық күйінің басқа бір
тұлғаның (не әлеуметтік топтың) көңіл-күйіне ұқсауы; бұл орайда субъектінің
индивидумдық санасында басқа адамның (не әлеуметтік топтың) ол тап болған
оқиғаларға қатынасы бейнеленеді.
Көрнекі – бейнелі ойлау - ойлау түрлерінің бірі. Жағдаяттарды және
олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы
заттың іс жүзіндегі әртүрлі сипаттамаларының бүкіл сан алуандығы неғұрлым
толық қалпына келтіріледі. Көрнекі-бейнелі ойлаудың маңызды ерекшелігі
заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттен тыс, «ерекше» ұштасуларын анықтау
болып табылады.
Креативтілік тестілері - тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін
зерттеп, бағалауға арналған әдістемелер жиынтығы.
Күй - ең жалпылама түрінде кез келген жүйенің оның ортаның
координаттық объектілеріне қатынасты жағдайын бейнелейтін сипаттама.
Адамның күйі қоршаған орта мен жағдаятқа бейімделудің реттеушілік
функциясы болып көрінеді.
Күйгелектік - белгілі бір істің, оқиғаның, құбылыстың байыбына бармай,
оның келеңсіз салдарын үлкейте көрсетіп, оған қатысты өзінің жасауға тиісті
әрекет жасай алмай, негізсіз абдырауы.
Кішіпейілдік - адамгершілікті көрсететін мінез-құлық; үлкенге,
айналасындағы адамдарға иманжүзділік сыйласым көрсетудің көрінісі.
Қабылдау - сезім органдарының рецепторлық беттеріне физикалық
тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар
мен оқиғалардың тұтас бейнесі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида
тұтас бейнелену процесі. Қабылдауда заттардың түсі, дыбысы, исі, дәмі, түрі
және т.б. қасиеттері тұтас күйінде қабылданады. Қабылдау - ми қабығының
күрделі анализдік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде
бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың өзара әрекетінен пайда
болған уақытша байланыс жатады.
Қабылдаудағы иллюзиялар – түрлі себептерге байланысты
шындықтағы объектілерді қате қабылдау немесе қабылданатын затты, оның
қасиетін барабар емес бейнелеу. Қазіргі уақытта неғұрлым зерттелген,
иллюзиялық әсерлер: екі өлшемді контурлы көріністерді көру қабылдауындағы
иллюзиялық эффектілер. Олар «оптикалық-геометриялық иллюзиялар» деп
аталады. Енді бір түрі: контраст айқындылығының феномені. Мәселен: сүр
жолақтың ашық түсті аяда күңгірт, ал қара түсті аяда жарық болып көрінуі.
Қабілеттілік - белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты
16болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабылдау тұлғаның
жалпы бағыттылығымен, адамның белгілі бір әрекетке бейімділігінің
орнықтылығымен тығыз байланысты. Қабілеттің түрлері: жалпы қабілеттілік,
арнайы қабілеттілік, потенциалдық қабілеттілік, актуалдылық қабілеттілік.
Қабілеттілік тестілері - жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің
әлеуеттік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы,
жалпы қабілетерді және көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған
түрлері құрастырылады.
Қажеттілік - адамның дамуы мен өмір жағдайындағы белгілі бір
нәрселерге мұқтаждануы; қажеттіліктердің түрлері: биологиялық, әлеуметтік,
материалдық, рухани, аффилиациялық (бірігуге), жақындасуға, жетістік, таным
және тағы басқа қажеттер.
Қажу - организмнің дене және ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер
еткенде қалыптасатын және жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталатын
күйі. Организмнің әрекетті қамтамасыз ететін психофизиологиялық жүйелері
жұмысының үйлесімсізденуінен білінеді. Бұл қан айналысының, тыныстаудың,
терморегуляцияның және тағы басқа теңдес емес өзгерулерінен, ал ой еңбегінен
қажығанда зейіннің босаңсуынан, ойлау процестерінің баяулауынан, жадтың
(қайта жаңғыртудың) қателесулерінен көрінеді.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар
арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс.
Адамдардың танымдық хабарлар алмасу, өзара түсінусі, бір-бірін қабылдауы.
Қарым-қатынастың үш жағы бар-интерактивті, коммуникативті, перцептивті.
Қарым-қатынас деңгейлері – микро, мезо, макро. Қарым-қатынас түрлері -
рухани, іскерлік, манипулятивтік, премитивті және тағы басқа.
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - ақпарат алмасу және оны
түсімен анықталады. Қарым-қатынас барысында адресант пен адресат ортақ
белгілер жүйесін пайдалану арқылы қарым-қатынас серіктестері бір-бірімен
ақпарат алмасады.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы - бірлескен әрекетті
ұйымдастыруымен оны орындаудағы серіктестердің қарым-қатынастарында
анықталады. Адамдардың жұмысты өзара бөлісу, келісім бойынша жұмыс
істеуі. Зерттеулердің нәтижесінде өзара әрекеттесулердің түрлері анықталған:
достық, бәсекелестік және қақтығыстық (конфликт).
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым-қатынас серіктестері
бірін-бірі қабылдап, түсінуімен сипатталады. «Әлеуметтік перцепция» термині
алғаш рет 1947 жылы Дж.Брунердің «Қабылдауға арналған жаңа көзқарас»
деген еңбегіне енгізілді.
Қиял – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән
психикалық процесс.
Қозу - тірі организмдердің қасиеті, қозатын ұлпаның тітіркендіруге
17беретін жауабы. Жүйке жүйесі үшін қозу – негізгі функция. Қозу процесі сырқы
стимулдың берілген органға тән абсолюттік қозу табалдырығынан асып түсетін
белгілі бір қарқындылығында ғана пайда болады.
Қозудың шоғырлану заңы – мидың тар шектелген жерлерінде жүйке
процестерінің жинақталуы. Бұл заң бойынша жүйке процестерінің таралуы
жүйке жүйесінің функциялы ұйымдасу ерекшеліктеріне байланысты. Мұнда
барлық жүйке клеткалары бір-бірімен өздерінің талшықтары арқылы
байланысқан.
Қолданбалы психология - психологияның теорияларын, жаңалықтарын,
принциптерін тәжірибеде іске асыру саласы.
Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын
күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады.
Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық,
бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз дейміз.
Қызығушылық - дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен
танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі.
Адамның өзіне тартып, құмарттыратын нәрсенің бәрі қызығушылықтың
объектісі болып табылады.
Қылмыстық психология - құқық бұзушылардың психологиялық
механизмдері мен олардың психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстық
топтардың құрылуы, құрылымы, іс-әрекет жасауы және ыдырауы мәселелерін
зерттейді.
Лидер – көшбасшысы, жетекші. Топтағы бірлескен іс-әрекетті
ұйымдастыруда және топтағы өзара қатынастарды реттеуде шынайы орталық
ролді атқаратын беделді тұлға.
Локализация - стимулдың кеңістіктегі орнын анықтайтын
перцептивті әрекет.
Медициналық психология - аурулардың пайда болуы және өту барысы,
белгілі бір аурулардың адамның психикасына ықпалы, сауықтыру амалдарының
оңтайлы жүйесінің қамтамассыз етілуі, ауру адамның микро әлеуметтік
ортамен қарым-қатынасының сипаты және олардың басқа жағдайлармен
байланысының психологиялық заңдылықтарын қарастырады.
Меланхолик - темперамент типі. Жүйке жүйесі әлсіз, сәл нәрсеге реакция
білдіретін, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жайбасар адам.
Темпераманттердің әрқайсысы жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен
туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті.
«Мен» тұжырымдамасы - әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан
көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым.
Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстарды ішкі мағынасын
түсінбей жай қайталау арқылы еске сақтау.
Мнемоника - мүмкіндігінше көбірек мәліметтердің есте сақталуын
18оңайлату үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы, жасанды
байланыстар арқылы есте қалдыру әдісі.
Монокулярлық көру - бір көзбен қарау арқылы қашықтықтағы объектіні
дұрыс анықтай алу.
Монолог сөз - белгілі бір жоспарға сәйкес, логикалық жағынан сөздің
мағыналығы мен мәнерлігінің үйлесімді болуындағы баядамашының,
лектордың сөйлеуі.
Моральдық сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адам
сезімдерінің бірі. Оларға: жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық,
ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, ұлттық мақтаныш және т.б. енеді.
Мұрат (идеал) - адамның өмірден өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып
қастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат – кісінің алдына қойған аса ардақты,
ең асыл мақсаты.
Мүдде - алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мүдде -
тұлғаның іс-әрекетің мақсатын ұғынуға бағыттылығын қамтамассыз ететін
танымдық қажеттіліктің көріну нысаны.
Мінез - адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы
тұрақты және тұрлаулы жеке дара қасиеті.
Мінез бітістері - өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез
ерешеліктері. Адамның айналасына, басқаларға қатынасын білдіретін:
адамгершілік, қайырымдылық, адалдық, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық
және тағы басқа жағымды және жағымсыз мінез бітістері кездеседі.
Мінез-құлық - адамның генетикалық ерешеліктеріне байланысты болып,
өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын
тұрақты психикалық ерекшеліктердің жиынтығы.
Мінезтану – адам мінезін зерттейтін психология ғылымының бір саласы.
Оның негізін салушы ежелгі грек оқымыстысы Феофраст.
Нақты топ - бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай
отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен
адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа және ұзақ мерзімді
болуы, сонымен қатар оған кіретін адамдардың саны аз не болмаса көп болуы
мүмкін.
Негативизм - субъектінің басқа индивидтердің немесе әлеуметтік
топтардың талаптары мен күтулеріне әдейі қарама-қарсы іс-әрекеттерінен
көрінетін мотивацияланбаған мінез-құлық.
Нышан - қабілеттіліктің қалыптасуының алғы шарты болып табылатын
организмнің анатомиялық-физиологиялық және негізінен орталық жүйке
жүйесінің ерекшеліктері. Баланың ата-анасына ұқсап туылуы анатомиялық
нышан, ал жүйке жүйесінің ерекшеліктері физиологиялық нышан деп аталады.
Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің
мазмұндылығына қарай түрлі қабілеттіліктер қалыптасады.
Ой қорытындысы - бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығарудағы
19ойлау формасы. Оның түрлері: дедукция, индукция, аналогия.
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.
Олигофренопсихология - миының жетілмегендігі ауыр нысандағы
адамдардың психикалық дамуын және оны түзеу мүмкіндіктерін зерттейтін
арнаулы психологияның тарауы. Олигофренопсихология - адамдардың
психикалық ақыл-ой мешеулігінің себептерін (жүйке жүйесінің туа біткен
кемістігін, аурудың не жарақаттанудың салдарын) анықтайды, психологиялық
ерекшеліктерін, кемістіктің білінуінің нысандары мен дәрежесін зерттейді.
Онтогенез - жеке организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға
дейінгі даму процесі. Бұл терминді 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель
ұсынды.
Ореол (құрметтік) эффектісі - адам туралы ақпарат тапшы болған
жағдайларда ол жайындағы жалпы бағамдаушылық әсердің оның қылықтары
мен тұлғалық сапаларын қабылдауға тарауы. Адам туралы бірінші әсерді
қалыптастырып, даму кезінде құрметтік эффект позитивті жағымды бағалау
немесе негативті теріс нысанында болады.
Өзін-өзі бағалау - адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз
мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын
түйіндеу қабілеттілігі.
Өнер психологиясы - суреткерлік әрекеттің психологиялық
механизмдерін және адам өнер туындыларын жасау және ұғыну кезіндегі
тұлғалық көрінісінің ерекшеліктерін зерттейтін психологиядағы бағыт.
Парапсихология – адамдардың психологиясы мен мінез-
құлықтарындағы ғылыми негізі беймәлім гипноз, елестету сияқты айрықша
құбылыстарды зерттейтін психология саласы. Парапсихология –
экстрасенсорлық қабылдау, телепатия, түс көру сияқты табиғи айқындалмаған,
функциялық қызметті тиянақсыз психикалық құбылыстар туралы
мәлеметтердің жиынтығы. Парапсихологиялық көріністер XIX ғасырдың соңғы
кезінен бастап арнай ғылыми объек ретінде зерттеле бастады.
Патологиялық психология - ауырған адамның психикалық қызметі мен
қасиетінің, мінез-құлқының ауытқу заңдылықтарын зерттейтін медициналық
психологияның тармағы.
Педагогикалық психология - адамда оқыту мен тәрбиелеу барысында
оның болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен
қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология ғылымының саласы.
Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф.Каптерев енгізген.
Педагогикалық психологияның тармақтары: тәрбие, оқыту және ұстаз
психологиясы
Практикалық ойлау - мақсат қоюмен, жоспарлар, жобалар жасаумен
20байланысты және көбіне уақыт тапшы жағдайда өрістейтін, ойлаудың түрі.
Проприорецептивті түйсік - дененің кеңістікте орналасу мен қозғалыс-
тірек аппараттарының күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін түйсік түрі
Психика - объективті шындықты психикалық процестер арқылы белсенді
бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті. Психика сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Психикалық детерминизм - барлық психикалық актілер мен
көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің
күйіне тәуелді дейтін біржақты көзқарас.
Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
мидағы бейнесі.
Психикалық қасиет - тұлға ерекшеліктері, бір адамды екінші бір
адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы (мінез,
темперамент, қабілет, дүниетаным, сенім, талғам т.б.) ерекшеліктер.
Психикалық қылып (күй) - адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты
компоненттері. Психикалық қылып-психикалық процестің динамикалық
көрінісін және индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан кезі мен
көрінісін айқындайтын ұғым.
Психодиагностика - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми
дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық
түрғыдан талдайтын, адамның психологиялық ерекшеліктері туралы дұрыс
мәлемет беретін ізденіс аумағы.
Психолингвистика - адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасу мен бір
қалыпты өтуін зерттейтін психология мен лингвистика аралығындағы ғылым
саласы. Психолингвистика терминіне америкалық ғылымдар Ч.Осгуд пен
Т.Сибеок ғылыми мағынасын енгізді.
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және
қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Психологияның зерттеу салалары сан
алуан, олар психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология,
педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы,
патопсихология, инженерлік, спорт психологиясы және т.б. «Психология»
терминін ғылымға енгізген Х.Вольф.
Психофизиология - психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен
бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның
тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 жылы француз философы
Н.Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология
аралығынан орын алады.
Пікір - бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан
мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ой формасы.
Регрессия - психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген
түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессия психикалық даму сатысының белгілі
бір күйін ұйымдастыратын шарттың жетіспеуінен немесе бұзылуынан
21қалыптасады.
Реминесценция - алғаш есте қалдырған материалды кешігіп еске түсіру.
Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
Ресми топ – бұйрық, жарлық, штат кестесі және тағы басқа ресми
құжаттар негізінде құрылады. Ресми топ заңдық тұрғыдағы статусы бар,
мүшелері қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында олардың еңбегін
ұйымдастыратын әлеуметтік тапсырысты іс-әрекетпен біріккен нақты не
шартты әлеуметтік қауымдастық.
Ретикулярлық формация - импульстерді таратып, тежеп, күшейтіп,
оларды ми қыртысына жіберіп отыратын нерв ткані
Референттік топ - нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық; индивид
онымен өзін эталон ретінде қатыстырады және өзінің мінез-құлық мен өзін-өзі
бағамдауында оның пікірлерін, құндылықтары мен бағалауларын бағдарға алады.
Рефлекс - организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи
физиологиялық реакция. Пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріліп, бұған ол
да қозу арқылы жауап береді, қозу эфференттік жүйкелер арқылы әр түрлі органдарға
беріледі. Рефлекс терминінің ғылыми мағынасын ағылшын ғалымы Т.Виллис пен чех
ғалымы И.Прохазки негіздегенімен, ми қызметінің рефлекторлық қағидасын олардан
бұрын француз философы Р.Декарт анықтады. Рефлекстің шартты және шартсыз
болып бөлінеді. И.П.Павлов шартты рефлекстің жойылатынын және қайта
қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеп берді.
Рецепторлар – жүйкенің қозу барысында энергияның қуатын
тасымалдайтын талдағыш, сезімтал жүйке ұштары. Рецепторлар сезімтал жүйке
ұштары ретінде сырттай әсер ететін энергияны қабылдайтын, түрлендіретін
және оны жүйке орталығына бағыттайтын динамикалық, икемді функциялық
құрылым.
Рухани қажеттіліктер - адамның жеке тұлғалық шығармашылық-
тәлімдік және мәдени-әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға
ынталылық. Рухани қажеттіліктер жеке адамның өз мақсат мұратына жеткізетін
саналы іс-әрекеттің бағдары мен жиынтығын көрсетеді, адамның өмірін
тұтастыратын және заман талабымен ұштастыратын идеялық және әлеуметтік
әрекеттердің саналы, субъективтік арнасы.
Салыстырмалы психология - адам психикасының шығу тегі мен
дамуының, адам санасының қалыптасуының биопсихологиялық алғы шарттары
мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі
жалпылық пен айырмашылықты зерттейтін психология саласы.
Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең
жоғары деңгейі. Бұл белсенділікке тән ерекшелік - шындық болмысты сезімдік
және ойша бейнелер нысанында бейнелеу адамның практикалық іс-әрекетінен
бұрын болады және осы іс-әрекетке мақсатқа лайықтылық сипат береді.
Сангвиник – темперамент типі. Бұл типті адамның эмоциялық қозуы
шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл - күйі әп- сәтте
өзгергіш, әсершіл, көтеріңкі мәнерлі сөйлейді, ақжарқын, ашық, басқалармен тез тіл табысатын, қызықтыратын іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысты аяқсыз қалдыратын адам.
Сауалдама - алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесіне жауап алуды көздейтін сауал парақ. Сауалдаманы сауалданушыдан қажетті мәлеметтер алу үшін, сондай-ақ үлкен әлеуметік топтардың пікірін білу үшін жүргізіледі.
Сауда психологиясы - саудаға қатысатын адамдардың жан дүниесін,
мұқтаждығын, қызығуын, мақсаттарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Сезгіштік - адамның түйсіне алу қабілеті. Сезгіштік абсолюттік және
айырма болып бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп - сезім мүшелерінің өте
әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Айырма сезгіштік - сезім
мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты
түйсіне алуын айтамыз.
Сезімдер - адамның айқын білінген заттық сипаты бар және біршама
орнықтылығымен ерекшеленетін эмоциялық күйіну-сүйінулерінің айрықша түрі.
Сезім - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процесс.
Сенсибилизация - тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке
орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.
Симпатия - адамның басқа кісілерге, олардың топтарына не әлеуметтік
құбылыстарға орнықты мақұлдаушылық эмоциялық қатынасы; жарқын жүзбен, тілектестікпен, тәнті болып қараудан, қарым-қатынас жасауға, ілтипат білдіріп, көмектесуге дайын тұрудан және тағы басқа ізгі ниеттерден көрінеді.
Синестезия - тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуін
тітіркендіргіштерде оған тән түйсіктермен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән
түйсіктердің пайда болуы.
Сипай сезу түйсіктері - заттардың теріге үйкелуінің нәтижесінде
олардың тегіс, кедір-бұдыр, жұмсақ немесе қатты, құрақ не дымқыл екенін және
тағы басқа қасиеттерін түйсіну.
Сот психологиясы - сот ісін жүргізуге қатысты судьялардың,
тергеушілердің және құқық қорғау органдары мен адвокатураның басқа да
қызметкерлердің психологиясын, олардың кәсіптік қызметінің психологиялық
мазмұнын, іріктеу және оқыту әдістері, айыптаушылардың, куәлардың,
жәбірленушілердің психологиясын, тергеушілік және сот іс-әрекетінің
мәселелерін зерттейтін сала.
Социометрия - шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың
ерекшеліктерін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр
Дж.Морено ұсынды. Социометриядағы негізгі тәсіл - арнайы сауалнамадағы
сұрақтарға жауап бере отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген
қатынасын білдіреді. Нәтижелері социограммаға (графикте топ мүшелерінің
таңдаулары бағдаршамен көрсетіледі) немесе социоматрицаға (топтың әрбір
мүшесінің таңдаулары есептелген кесте) енгізіледі.
Сөздік-логикалық ойлау - міндеттерді шешу құралы ретінде сөздік абстракция және логикалық пікірді қызмет ететін, ойлау процесінің түрі.
Сөздік-логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады.
Сөйлеу - адамдардың ақпарттарды тарату және сақтау, өңдеудегі жазу
белгілері мен символдарын, дыбыс сигналдарын қолдану системасы және
адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда
қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |