Оқу пəнінің саясаты – оқытушы пəнді оқыту барысында студентке қойылатын
талап деңгейінің жүйесі. Талап ету жүйесі сабаққа қатысу, сбақтағы тəртіп ережесі,
мадақтау мен жазалау жүйелеріне байланысты.
Оқытудың кредиттік жүйесі – оқу үрдісін регламенттеу жəне білім көлемін кредит
түрінде есепке алу шегінде білім траекториясын таңдау, жекелендіру негізінде өз
бетінше білім алуды жоғарылату жəне білімді шығармашылық түрде игеруге
бағытталған білім беру жүйесі.
Оқытушының жетекшілігімен жүзеге асырылатын студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) (Office Hours) – оқу кестесінде көрсетілген жəнеоқытушының педагогикалық
жүктемесіне кіретін оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің аудиториядан
тыс жұмысы.
Өту баллы (Grade Point Average – GPA) – таңдап алынған бағдарлама бойынша
тыңдаушының оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасы (кредиттердің қорытынды
бақылау баллдарының сандық эквивалентіне көбейтінділері жиынтығының ағымдағы
оқу кезеңіндегі жалпы кредит санына қатынасы).