Дидактикалық ойындар - оқу іс-әрекетіне багытталган әрбір қатысушы және топ тутастай бір міндетті шешуге біріккен және де жеңіске жетуде өздерін қадағалайтын ужымдық ойын.
Зертханалық жумыстар- оқушылардың күрал-жабдықтарды және басқа да техникалық көрнекіліктерді пайдалана отырып, мүғалімнің тапсырмасы бойынша тәжірибелерді өткізуі, яғни бүл оқушылардың арнайы қүралдао арқылы білімді меңгеруі.
Интериорландыру - немесе интериоризация (латынша interior – ішкі) – 1) сөзбе-сөз мағынасы: «сырттан ішке өту»; 2) адамның қоғамда қалыптасқан нормалар, құндылықтар, сенім-нанымдар, ұстанымдар, түсініктер, т.т-ды игеру арқылы сырттай бақыланатын іс-әрекеттер, қайсыбір нәрсе қасиеттері мен қарым-қатынас нормаларын өзінің ішкі тұрақты сапаларына айналдыруы.
Қоршаған орта- бүкіл жаратылыстану пәндерінің негізінен білім беретін пән. Кіріктірілген пән болғандықтан, оны оқып үйретудің ең негізгі мақсаты-адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және ондағы адамның ролін түсіндіру.
Қоршаған ортаны оқыту әдістемесі- осы пәннің мазмұнына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына білім беру, тәрбиелеу, дамытуды іске асыратын білім беру жүйесінің үрдісі.
Қоршаған ортаны оқыту әдістемесі педагогткалық ғылым- ол педагогикамен, оның бөлімдері дидактикамен, тәрбие теориясымен тығыз байланыста бола отырып, солардың заңдылықтарына байланысты дамиды.
Көрнекілік әдістер - көрнекілік оқытуда заттар менқұбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдісі.
Кері байланыс – объектінің қызмет етуі нәтижесінде алынғанның процеске ықпалы. К.б. арқылы адам өзгелердің оны қалай қабылдайтыны, оның мінез-құлқы оларға қалай әсер ететіні, оны қалай ұғып, өздері үшін қалай талдап түсінетіндігі туралы ақпарат алады. К.б. адамға оның тұлғааралық және іскерлік ситуациялардағы рөлін ұғынып бағалауына мүмкіндік береді. К.б. тіке, жанама, тез, ұзақ, тұлғалық (эмоциялы сипатта, бағалауыш, бейтарап, сипаттамалы және т.с.с.) болуы мүмкін.
Когнитивизм – бихевиоризмнің 1960-жылдардан бастап зерттеуші психологтар мен педагогтардың скептицизміне ұшырай беруінен, зерттеушілердің ортаның оқуда және мінез-құлықта маңызды рөл атқаратынын мойындай отырып, оқитындардың жеке басына, олардың ойлау процесі мен саналылығына көбірек назар аударуы нәтижесінде көп ұзамай пайда болған әртүрлі когнитивті (танымдық) теориялардың жиынтығы. К. психология мен педагогиканың дамуына елеулі үлес қосты: зерттеушілер мен мамандарды білім алушылардың сипаттамалары жөнінде ойлана бастауға мәжбүр етті. Конструктивизм – батыс елдерінде 10–15 жылдан бері білім берудегі басты рөлге ие болған оқыту теориясы. К. бихевиоризм мен когнитивизмнен күрт ерекшеленеді, гуманизмге ұқсас болуымен қатар елеулі айырмашылықтарына орай принциптік тұрғыда бөлек теория болып ажыратылады. К. бихевиоризм мен когнитивизмнен мағына туралы философиялық қағидасымен ерекшеленеді.