Глоссарий (анықтама, сөздік) Ақпарат- латынның «түсіндіру»



бет3/5
Дата22.11.2022
өлшемі22,44 Kb.
#159328
түріМазмұндама
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ãëîññàðèé (àíû?òàìà, ñ?çä³ê) À?ïàðàò
1 English Vocabulary In Use Elementary Cambridge - Third Edition, f198a597bb01412461974ad667b29b9e, 493820, Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның рөлі. Пр-engime.org, 6 дәріс
Құзыреттілік - құзыреттік көзқарас – ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңы мен ХХІ ғасырдың басында Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы білім беру модельдерінің, соның ішінде Болонья процесінің ықпалымен қарқынды дами түскен адам сауаттылығын сипаттаудың жүйелі тұжырымдамасы. ЮНЕСКО-ның 1997 жылғы «Білім беру: көзге көрінбейтін асыл қазына» атты баяндама­сында құзыретке мынадай анықтама берілген: «Кәсіпкерлер бара-бара материалдық сипаттағы біліктермен тым жиі байланыстырылатын біліктілікті емес, құзыретті көбірек қажет ететін болып жүр.
Мнемотехника - немесе мнемоника – мүмкіндігінше көбірек мәліметтер мен фактілерді есте сақтауды жеңілдетуге арналған тәсілдер жиынтығы (шартты сызбанұсқалар, белгілер, символдар, өмір жағдайынан мысалдар, аббревиатуралар, логикалық тізбектер т.б.).
Нормативтік құқықтық акт референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық норма­ларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат (нормативті-құқықтық түсіндірмесі).
Оқыту- оқытушылар мен үйренушілердің арасындағы өзара әрекеттесудің мақсаты бағытталған үрдісі, оның барысында соңғыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту іс- әрекеттері жүзеге асады.
Оқыту әдістері - муғалім мен оқушының бірлесе отырып оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуге багытталган әрекет тәсілдері
Оқыту түрі- оқыту және оқу қызметінің ерекшеліктерін белгілейтін оқыту жүйесінің жалпыланған сипаттамасы.
Оқу жоспары- оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін; оқытуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір сыныптар бойынша оқу жылындағы оқу тәртібін, әр апта бойынша әр пәнге берілетін сағат санын көрсететін мемлекеттік құжат.
Оқу бағдарламалары- әр пәннің мазмұнын, мақсатын, білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды,оқушылардың білімін бағалау жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, пәннің тарауларын, оларға бөлінетін сағат санын, сол тарауда қаралатын басты-басты мәселелерді, пәнаралық байланыстарды көрсететін мемлекеттік құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет