Глоссарий Archie архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе. Dns



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата18.02.2023
өлшемі468,12 Kb.
#169268
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
практика

 
Вирусқа қарсы программалар 
Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу үшін 
антивирустық программалар қолданылады, оларды әрекеттеріне қарай блоктаушы, 
ревизорлар және полифагтар деп бӛлуге болады. 
Вирусқа қарсы блоктаушылар - "вирусты-қауіпті" жағдайларды қармап және ол 
туралы пайдаланушыға хабар жеткізетін резиденттік программалар. Мысалы, 
дискінің жүктеу секторына жазылған жазба "вирусті-қауіпті" болып табылады
оларды BIOS Setup пограммасы арқылы тоқтатуға болады.
Ревизорлар.
Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған 
файлдардың бақылау қосындыларын есептеуге негізделген. Бұл қосынды, сонымен 
бірге бұдан да басқа ақпараттар (файл ұзындығы, олардың соңғы ӛзгертілген уақыты 
және т.б.) вирусқа қарсы құралдың мәліметтер қорында сақталады. Келесі жүктеген 
кезде ревизорлар соңғы санаған мәндермен мәліметтер қорындағы мәндерді 
салыстырады. Егер мәліметтер қорындағы файл туралы мәлімет қазіргі уақыттағы 
мәнге сәйкес келмесе, онда ревизор файлдың ӛзгертілгендігі немесе вируспен 
зақымдалғаны туралы белгі береді.
Полифагтар.
Полифагтардың жұмыс істеу 
принципі файлдарды, секторларды және жүйелік жадыны және олардағы белгісіз 
және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды тексеруге негізделген. Белгілі 
вирустарды іздеу үшін вирустардың маскасы (әрбір вирусқа тән, тұрақты 
програмалар кодының тізбегі) қолданылады. 
Сонымен бірге кӛптеген полифагтарда эвристикалық сканерлеу алгоритмі 
қолданылады, яғни тексерілетін объекттің командалар тізбегін, кейбір 
статистикалық мәліметерді талдап, әр объект үшін шешім (зақымдалған ба, жоқ па) 
қабылдайды. 
Полифаг-мониторлар барлық уақытта компьютердің оперативті жадында 
орналасады да, барлық файлдарды осы уақыт режимінде тексереді. Полифаг-
сканерлер жүйені қолданушының командасынан кейін ғана тексереді. 


Вирустан қорғау, ұстау және емдеу. Вирусқа қарсы программалар кӛмегімен 
ӛз компьютеріңізде вирустың бар жоқтығын тексеріп, бар болған жағдайда емдеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет