Глоссарий авеста



бет4/12
Дата22.05.2022
өлшемі34,46 Kb.
#144629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Глоссарий (1)

Тоныкөк тас жазуы-VІІІ ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Тотем- адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімі.
Тухси-түрік тілдес тайпа.
Уәлаят-аймақтық-әкімшілік бөлік.
Уәзір-хан кеңесшісі.
Ұлыс-бірнеше арыстың жері.
Ұмай ана-ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі).
Үшір - еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық.
Хан, қаған- тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы.
Ханака-дін жолын ұстаған тақуалар мен кезбе дәруіштер үшін салынған қонақ үйі.
Харадж-феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық.
Цитадель (Қамал)-ортағасырлық қалалардың бекініс құрылыстарымен қоршалған орталық әкімшілік бөлігі.
Шад-Түрік қағанаты ақсүйектеріне берілетін лауазым.
Шахристан-ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені.
Шерби-ұлыс істерін басқаратын қызметшілер.
«Шыңғыснама»- Шыңғыс хан және оның ұрпақтары туралы жазылған шежіре.
Інжу- монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі.
Ябғу, Жабғу-түрік қағанаты билеушілерінің лауазымы.
Жошы хан кесенесі-қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІғ.ғ.) сәулет өнерінің айқын бір үлгісін сипаттайтын ескерткіш. Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.
Икан-ІХ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген қала. Түркістан ауданы, Икан ауылының орталық бөлігінде орналасқан.


Алатау (түркі сөзі, ала тау) – тау жоталарында қар мен өсімдіктер аралас жатқандықтан алыстан ала болып көрінеді.
Абсолюттік монархия – мемлекеттің түрі. Абсолюттік монархияның түрлері: 1) мемлекет басшысы (әдетте мұрагерлік) заң шығару және атқару биліктерін өзінің шенеуніктерінің көмегімен қоса атқарады,2) тұрақты әскер,3) қалыптасқан бюрократтық аппарат, 4) мемлекеттік алымның жалпыға ортақ жүйесі, 5) мемлекеттің бірыңғай заңы, 6)өнеркәсіпшілер қызметінің жүзеге асыратын және реттейтін әртүрлі нысандары бірыңғай жалпы мемлекеттік экономикалық саясат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет