Глоссарий авеста


Басыбайлылық (крепостнойлық) құқық



бет5/12
Дата22.05.2022
өлшемі34,46 Kb.
#144629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Глоссарий (1)

Басыбайлылық (крепостнойлық) құқық – шаруалардың феодалға бағыныштылығының бір түрі: оларды жерге бекітіп қояды және феодалдың әкімшілік, сот биліктеріне бағынады.
Бойкот (ағылш. Иелікті басқарушы ағылшын Ч.К.Бойкот есімімен байланысты, бұл шараны алғаш рет 1880 ж. ирландиялық жалға алушылыр аталған адамға қатысты қолданды) – жекелеген адаммен, ұйымдармен және мемлекетпен қарым-қатынасты толықтай немесе бөліктей тоқтатудан тұратын саяси және экономикалық күрестің құралы.
Губерния, уезд – Ресейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік.
Декрет – қандайда бір мәселе бойынша заңдық күші бар жоғары биліктің қаулысы.
Депутат (лат. Deputatus жіберілген) - өкілетті билік органына мүше болып сайланған адам.
Демократия (гр. Demos халық kratos билік) – халық билігі, заңдарда азаматтардың бостандығы мен тең құқықтығы бекітілген халық билігінің іс жүзіндегі тәсілдері мен нысандары жүзеге асырылатын және онымен белгіленетін саяси құрылыс.
Диктатура (dictatura шексіз билік) – мемлекеттегі билікті жүзеге асыру жүйесі, адамның, топтың, таптың шексіз билігі.
Демонстрация – бұқаралық шерулер митингілер ұйымдастыру жолымен қоғамдық көңіл-күйді, талаптарды, ынтымақтастықты немесе наразылықты жұрт алдында жария ету.
Жандармерия (фр. Gendarmerie) - әскери ұйымы бар және елдің ішінде және әскерде күзет функциясын орындайтын полиция. 1827-1917жж. Ресейде жандармдар корпусы саяси полицияның ролін атқарады.
Идеология (грек. Idea –ұғым, түсінік, Logos- сөз,ұғым,ілім) – саяси, құқықтық өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастар мен идеялардың жүйесі.
Киіз үйжеңіл жиналатын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрғын жай. Ол үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ. Киіз үйдің іші шимен қапталады.
Кордон – шекара күзеті болатын жер.
Кебеже – сүрленген етті, кептірілген құртты және басқа тағамдарды салып қоятын көшпенділердің үй жиһазы.
Кесінді (отрезки) – 1861 жылғы реформадан кейін помещиктің есебінен шаруалардың пайдалануына бөлініп берілген жер кесіндісі.
Казачество – Қазан революциясына дейінгі Ресейдегі әскери сословие. Басыбайлы шаруалардың бір бөлігі қанауға шыдай алмай Ресейдің оңтүстігі мен шығысына қашып барып, ХҮ-ХҮІІ ғғ. әскери-феодалдық сословие ретінде пайда болды. Казактар тек өзінің бостандығын алып қана қойған жоқ, Ресей мемлекетінің шекара қауіпсіздігін де қорғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет