Глоссарий авеста



бет9/12
Дата22.05.2022
өлшемі34,46 Kb.
#144629
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Глоссарий (1)

Глоссарийтерминдермен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі.
ГУЛАГ – (Главное управление исправительно-трудовых лагерей, трудовых поселений и мест заключений) Еңбекпен түзеу лагерлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы –КСРО-да 1934-56 ж.ж. айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының (1946 жылдан Ішкі істер мин.) бөлімі.
Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық шарттары мен сәттерін түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы.
Ғылыми болжам – теориялық және тәжірибелік деректерді тұжырымдауға және дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, табиғат пен қоғамның, зерттелмеген немесе тәжірибеде әлі де болса анықталмаған құбылыстарын болжау.
Дағдарыс, кризис (грек. krisis-бетбұрыс кезі) – қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең; әлеуметтік ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипат иеленуі.
Демократия (грек. demos-халық және kratos-билік) – қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі, ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим.
Дерекнама – белгілі бір ғылыми зерттеуге негіз болатын жазба дүниелер, ескерткіштер.
Жариялылық – жағымсыз құбылыстар мен кемшіліктерді ашып көрсетудің, қоғамды сауықтыру мен демократияландырудың негізгі құралы.
Жеке адамға табыну – белгілі бір қайраткердің беделіне көзсіз бас ию, оның сіңірген еңбегін әсірелеп көрсету, тарихи тұлғаны әулиеге теңеу.
Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру үрдісі.
Жүйе - өзара қатынастар мен байланыстарда болатын, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы.
Заң – құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы.
Индустрия (лат. Industria-ынта, жігер) халық шаруашылығының өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет