Глоссарий Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование


Дәріс №4. Мультимедиа технологиясы. Компьютерлік бағдарламалы-әдістемелік қамсыздануы



бет19/52
Дата07.02.2022
өлшемі220,49 Kb.
#95438
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Байланысты:
ҒИАМК Шынар апай
жалпы педагогика
Дәріс №4. Мультимедиа технологиясы. Компьютерлік бағдарламалы-әдістемелік қамсыздануы.


Мультимедиа (Multimedia) – компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.
Мультимедиа – дыбыс, графика, анимация (қимыл – қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық. Windows ортасында дыбыстық файлдар құрып оларды құжаттар құрамына енгізуге, кез келген компакт – дискілерде жазылған музыка мен қимылдайтын бейнелерді ойнатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет