Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.
Пән бойынша дәріс тезистері.
Тақырып 1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы
Тақырып 1.1. Ежелгі дәуірдегі педагогикалық мамандық және мектеп ісінің дамуы Дәріс мақсаты: Педагогикалық мамандықтың пайда болуы жайлы көзқарастарын қалыптастыру.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
1. Ежелгі дәуірдегі тұрмыстық жағдайда мектептің пайда болуы
2. Ежелгі Египеттегі мектептердің пайда болуы.
3. Ежелгі Грецияда мектептердің пайда болуы.
4.Ежелгі Рим мектептерінің пайда болуы
Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамамас еді.
Ежелгі дәуірде еңбек бөлінісі болмаған кезде қоғам мен тайпаның барлық мүшелері балалар мен үлкендердің барлығы тамақ табуға, өздерін-өздері қорғауға бірдей қатысуға міндетті болды. Адамзат біртіндеп жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа еңбек арқылы беріп отырды. Балар ерте жастан бастап әр түрлі еңбек іскерліктері мен дағдаларын игерді. Қоғамда еңбек құралдары жетіле бастағандықтан еңбек бөлінісі пайда болып, тәжірибені беру ісімен қарттар айанылса бастады. Олар балаларға қарап, қарапайым тұрмыстық тәжірибені жеткізіп отырды. Осылайша, алғаш рет адам тәрбиешісі мамандығы пайда болды. Тәрбиеші мамандығы кейін мұғалім мамандығана ауысты. Мұғалім мамандығы қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктерін өтеу үшін пайда болған көне мамандықтардың бірі.
Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму процесі болмас еді. Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген қажеттіліктер туындады. Алғашқы мұғалімдер қызметін ақсақалдар, тәрбиелі адамдар атқарды.
Мектептің әлеуемттік институт ретінде пайда болуы және дамуына мәдениеттің дамуы (жазу, санаудың пайда болуы) ықпал етті.
Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы Египет жазбаларында кездеседі. Алғашқы мектептер ежелгі шығыс елдерінде – Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде пайда болды. Бұл елдерде арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының негіздері пайда болды.
Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды. Сондықтан отбасындағы әке беделі жоғары болды. Әке өзінің мамандығына баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.
Білім алу көп еңбекті талап етті. Мектептегі сабақтар таңертеңнен кешке дейін жүргізілді. Тыңдамағандарды қатаң жазалады. Білім алу тек ауқатты адамдардың балалары үшін ғана мүмкін болды.
Ежелгі Египетте төмендегідей мектеп түрлері болды:
1. Отбасылық мектептер
2. Храм жанындағы мектептер
3. Патша сарайы жанындағы мектептер
4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері
Ежелгі өркениет орталықтарының тал бесігі болған мемлекеттің бірі –Греция. Ежелгі Грецияда білім беру ісі бір жүйеге келтіріліп, баланы оқыту ісімен айналысатын арнайы педагогтар қызмет етті. Педагог сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Грек тілінде «Paidos» - бала, «ago» - жетелеу сөзі, яғни баланы жетелеуші, баланы өмірге дайындаушы, тәрбиелеуші деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз алғашында грек қоғамындағы ауқатты құл иеленушілердің баласын қарайтын құлдарға қатысты айтылып, кейін бұл ұғымның мағынасы кеңейіп, қазіргі уақытта барлық мұғалімдерге қатысты қолданылады.
Ежелгі Греция жерінде білім беру жүйесі бірнеше деңгейлерден тұрған.
Достарыңызбен бөлісу: |