Глоссарий
Дене тәрбиесі – қозғалыс жүйесіндегі тәрбие түрі, арнайы дене шынықтыру білімін игеру, физикалық сананы тәрбиелеу.
Дене мәдениеті – қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, дене тәрбиесінің жетістік бөлігі.
Саяхат – дене тәрбиесінің бағалы бөлігі, адамдардың табиғаттағы демалысы.
Гимнстика – денсаулықты нығайту мақсатында қолданылатын негізгі физикалық жаттығулар жүйесі.
Төзімділік – ағзаның белгілі бір уақытқа жұмыс жүктемесіне төзуі.
Күш – адамның сыртқы күш әсеріне төтеп беруі.
Жылдамдық – адамның белгілі бір әсерге аз уақыт жұмсауы.
Иілгіштік – адамның үлкен амплитудамен қозғалыс жасауы.
Шапшаңдық – адамның жаңа қозғалысты тез игеруі және бейімделуі.
Техника-тактикалық дайындық – бұл негізгі қозғалыс бейімдерін шығармашылық жағынан игеру.
Көкпар – ат үстіндегі ойын.
Аударыспақ – ат үстіндегі күрес.
Тоғыз-құмалақ – арифметикалық ойын.
Физикалық дайындық – дене тәрбиесінің жан жақты негізгі бөлімі.
Күш – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсету;
Жылдамдық – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекет;
Төзімділік – адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу;
Икемділік – адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу;
Ептілік – адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу;
Алаң – бір ойынға арналған орын;
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық білімммен қаруландыру;
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі
Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі.
Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру.
Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру.
Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижеге спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші.
Спорттық нәтиже – спорттағы көрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты ол жалпыға белгілі өлшемдермен \кг, м, с. Немесе балл, ұпай және т.б.\ немесе басқа да салыстырмалы амалдармен өлшенеді.
Спорттық машықтану – белгілі бір мерзім аралығындағы спортшы көрсеткіштерін қорытындылайтын, оған берілетін тұрақты мінездеме.
Достарыңызбен бөлісу: |