Глоссарий I анимизм



бет7/13
Дата10.11.2022
өлшемі36,33 Kb.
#157612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
глоссари

VII
Автоматизм- сананың бақылауынсыз істелінген іс-әрекет. Автоматизм көбіне әдет пен дағдыға тән.
Әрекет- адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі. Ә.қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан туындайды. Ол үшін білім, білік, дағды керек. Әрекетті жасауда адам өзінің бойындағы біліміне, іскерлігіне, дағдысына сүйенеді. Білім, дағды, шеберлік іс-әрекет үстінде пайда болып, адам бойына жинақталып, кейіннен әрекетті жүзеге асырудың құралына айналады. Ә.негізінен үш түрлі болады: ойын, оқу, еңбек.
Іс-әрекет- адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен тығыз байланысты.
Іс- әрекеттің акцепторы- бұл орталық нерв жүйесінде белгіленген, алға қойған іс- әрекеттің қорытындысының нейродинамикалық моделі.
Интериоризация- сыртқы әлеуметік қызметтің игерілуі арқасында адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И.ұғымын француз психологтары (П. Жане, Ж. Пиаже, А. Валлон және т.б.) енгізді.
Дағды- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Қарым-қатынас- біріккене іс – әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінуі, бір – бірін қабылдауы. Қарым – қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті, перцептивті.
Әдет- жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.
Оқу- оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында О. оқытумен өзектес жүреді. О.оқушының ақыл-ой және дене жұмысының жиынтығын бейнелейді.
Мақсат- алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден, яғни, түрткілерден тұрады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат-міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып, өзгеріске түсіп отырады.
Афазия- жүйке жүйесінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы. Бұл көбінесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады.
Іштей сөйлеу- тілді нақты коммуникация процесінен тыс пайдалану түрлері. Іштей сөйлеудің тнегізгі үш түрі сараланады: а) іштей айту-«ішінен сөйлеу» сыртқы сөйлеу құрылымы сақталғанымен, фонацияның, яғни дыбыстардың айтылуының болмауы, қиналған жағдайларда міндеттерді ойша орындауда көп кездеседі; ә) іштей сөйлесудің өзі, мұнда ол ойлау құралы болады, арнаулы бірліктерді пайдаланады және құрылымы сырттай сөйлеуден басқаша болады; б) іштей бағдарламалау, яғни сөйлеп айтылғанды, тұтас мәтінді және оның мәтіндік бөліктерін арнаулы мән-мағына бір ліктерінде қалыптастырып бекіту. Онтогенезде іштей сөйлеу сыртқы сөйлеуді интериоризациялау процесінде құрылады.
Белгі- белгілі бір оқиғаның, құбылыстың, процестің нышаны. Белгі ұғымының когнитивті психологиядағы мағынасы кең. Белгілі бір ақпараттарды алу, сақтау, өңдеу, беру кезінде адам психикасының құрылымы мен ақпараттық-логикалық және есептеу құрылғыларының ұқсастықтары анықталады. Психиканың даму теориясында да белгінің алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет