Картельдің құрылуы.
Жоғарыда айтылғандай егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туралы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарылатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесіне белгілі бір квота тағайындалады.
Әуелі барлық фирмалар жетілген бәсеке жағдайында әрекет жасайды деп ұйғарамыз. Онда Рк, Qк – бәсеке бағасы және саладағы өнім шығару көлемі. Фирмалардың экономикалық пайдасы нөлге тең. Е нүктесі – бәсекелестік кезіндегі тепе-теңдік нүктесі. Енді, фирмалар картель құрып, бірікті делік. Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия жағдайындағыдай болып шешіледі. Рм және Qм - монополия бағасы және жалпы өнім шығару көлемі. Сондықтан өнім көлемі, Qк – ден МR = МС болатын Qм деңгейіне дейін қысқарады. Енді, бұл өнім шығару көлемі фирмалар арасында өзара бөлінеді. Мұндағы басты мәселе әр фирманың өнім көлемі квотасын белгілеп және оларды бақылау. Пайда қуған кейбір фирмалар өз пайдасын барынша көбейту үшін квотасын асырады. Егер салада көптеген фирмалар келісім шартын бұзса, онда ұсыныс (Q * - Qк) көбейеді және баға Рк деңгейіне дейін төмендейді. Сондықтан картель бағасын ұстап тұру үшін әрбір фирма өзінің квота мөлшерінен, яғни Qm – нен өнім көлемін асырмауы керек. Іс жүзінде картельдер монополиялық баға жайлы келісу және квотаны енгізу мәселелерінде қиындыққа кездеседі.)
Достарыңызбен бөлісу: |