Глоссарий микроэкономика


Тақырып 13 . Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік



бет56/82
Дата13.05.2020
өлшемі425,17 Kb.
#67566
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
Микро УМК
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы
Тақырып 13 . Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік.

1. Жалпы тепе-теңдікті талдау

2. Өндірістің тиімділігі. Ресурстарды тиімді бөлу.

3. Паретто бойынша тиімділік.

4. Экономикалық әл-ауқаттың негізгі теоремасы.

Тауар және ресурстардың жеке нарықтарында тепе-теңдік баға мен сату көлемі жекелеме тепе-теңдік талдауы негізінде анықталады. Барлық жее нарықтар өзара тығыз байланысқан. Бір нарықтағы нарықтық жағдайларының өзгерісінің басқа нарықтарға ықпалы жалпы тепе-теңдік талдауы көмегімен карастырылады. Бұл кезде барлық нарықтарда кері байланыс әсерін ескерумен бір уақытта баға және сату көлемі анықталады. Экономикалық болжау және жоспарлауда шығындар мен нәтижелер кестесі негізінде жүзеге асырылатын жалпы тепе-теңдік талдауының практикалық мәні бар.

Жалпы тепе-теңдікті талдаудың карапайым түрі кем дегенде төрт кезеңнен тұруы қажет.

1) алғашқы өзгеріс;

2) өзара алмастырылатын тауарлар нарығы;

3) өзара толықтырылатын тауарлар нарығы;

4) кері байланыс әсері.

Автомобильге бағаның жоғарлауымен байланысты мысалды қарастырайық. Айталық, автомобиль бағасы 5000 доллардан 7000 долл. көтерілді. Бұл сату көлемінің жылына 15 млн. автомобильден 10 млн. кемуіне әкеледі (сурет 6-а). Автомобильге сұраныстың төмендеуі бензин сұранысына ықпал етеді. Ол күніне 10 млн. литрден 8 млн. түседі. Осы жағдай бензин бағасының 50 тенгеден 45 тенгеге түсуіне әкеп соқтырады (сур.6-б). Автомобильге бағаның өсуі көптеген адамдарды жаңа автомобиль сатып алудан бас тартуға мәжбүр етіп, назарларын

тауаралмастырғышқа немесе ескі келіктерін жөндеуге аудартады (сурет 6-в, 6-г).

Сонымен, жалпы тепе-теңдік талдауы ұсыныстың төмендеуі және кейбір нарықтағы бағаның жоғарлауы толықтырғыш тауарға сұраныстың төмендеуіне және оның тауар-субститутқа өсетінін көрсетеді.



Біздің мысалда тек төрт нарықтың өзара байланысы талданған. Ал шындығында осы сияқты өзара байланыстардың құрылымы неғұрлым күрделірек. Алайда, келтірілген мысал тепе-теңдік баға мен көлем кері байланыс әсерін ескерумен анықталғанын көрсетеді.



Сурет 1. Экономикадағы нарыктардын өзара байланысы: кері байланыс

әсері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет