Глюкозаның пентозофосфатты жолмен ыдырауы. Гликогеннің метаболизмі



бет10/10
Дата12.12.2021
өлшемі0,7 Mb.
#99831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Презентация. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен ыдырауы. Гликогеннің метаболизмі.

Гипергликемиялар

  • Пайда болу жолына байланысты гипергликемиялар физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді.
  • Физиологиялық гипергликемияларға жеңіл қорытылатын көмірсуларды көп мөлшерде пайдаланғанда дамитын алиментарлы гипергликемиялар және стресс жағдайында дамитын гипергликемиялар жатады.
  • Физиологиялық гипергликемиялар тез қайтады.
  • Патологиялық гипергликемия кейбір эндокринді бездердің қызметтерінің бұзылуымен байланысты дамитын әртүрлі аурулардың симптомы болып табылады.

Глюкозамингликандардың құрылымдық компоненттері

  • Ағзада глюкозадан глюкозамингликандардың құрылымдық компоненттері синтезделеді:
  • Глюкурон қышқылы,
  • N-ацетилглюкозамин,
  • Сиал қышқылдары және т.б.

Гетерополисахаридтер

  • Көмірсуларға гетерополисахаридтер (мукополисахаридтер) жатады, олар белоктармен комплекс түрінде клеткааралық затта болады (протеогликандар).
  • Гетерополисахаридтерге :
  • Гиалурон қышқылы,
  • Хондроитинсульфаттар,
  • Дерматансульфаттар,
  • Кератансульфаттар және гепарин жатады

Гиалурон қышқылы

  • Гиалурон қышқылы – сызықты құрылымы бар сульфатталмаған гетерополисахарид, молекулярлы салмағы өте жоғары.
  • Ол биологиялық сүзгі қызметін атқарады және клеткалар арасындағы кеңістікті толтырып тұратын цементтеуші зат
  • Өзара 1,4-бета гликозидті байланыспен қосылған көптеген мономерлерден тұратын биополимер
  • Әрбір мономер глюкурон қышқылынан және N-ацетилглюкозаминнен тұрады, олар өзара 1,3-бета-гликозидті байланыспен қосылған

Гиалурон қышқылының ыдырауы

  • Арнайы фермент - гиалуронидаза.
  • Гиалуронидаза, гиалурон қышқылыны ыдырата отыра, клеткааралық өткізгіштікті арттырады
  • Ұрықтану процесінде маңызы зор
  • Кейбір бактериялар да гиалуронидазаны бөледі, сол арқылы қан ағымынан клеткааралық кеңістікке өтеді
  • Әр мүшеде мөлшері әртүрлі болады
  • Әсіресе теріде, көздің шыны денесінде, буынның синовиальды сұйықтығында, кейбір шеміршекте басым болады

Хондроитинсульфаттар

  • Хондроитинсульфаттар - кең таралған қышқыл гетерополисахаридтер.
  • Мономері N-ацетилгалактозаминмен 1,3-бета- гликозидті байланыспен қоыслған глюкурон қышқылынан тұрады, оларда хондроитинсульфаттардың түріне байланысты 4 немесе 6 гидроксил сульфатталған.
  • Хондроитинсульфаттар теріде, сүйек тінінде, шеміршекте, трахея, аорта, артериялар тіндерінде болады

Кератансульфаттар

  • Кератансульфаттар N-ацетилглюкозамин-6 сульфатпен 1,4-бета-гликозидті байланыспен қосылған бета-галактозаның мономерлерінен тұрады
  • Кератансульфаттар көздің мүйізді қабатында болады, мұнда олар белоктармен ковалентті байланысып, мүйізді қабаттың негізгі затын құрайды
  • Көздің оптикалық мөлдірлігі және оның жағдайы осы қышқыл мукополисахаридтерге байланысты болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет