5. Жыныс бездері гормондарының препараттары және жасанды орынбасарлары
а. Әйел жыныс гормондарының препараты.
Әйел жыныс гормондары аналық бездерде пайда болады. Эстрогендік
гормондар аналық бездің фолликулаларында бөлініп, олардың белсенділігі
екіншілік жыныстық белгілерінің пайда болуына және менструальдық цикл
кезеңінің анықталуына әсер етеді. Менструация біткеннен кейін аналық без
фолликулаларының дамуына байланысты қанда эстрогендің деңгейі біртіндеп жоғарылайды. Циклдың ортасында овуляция байқалады, яғни жетілген фолликуладан ұрықтық жасуша бөлініп жатыр түтікшесі арқылы жатыр қуысына түседі. Бұзылған фолликуланың орнында сары дене пайда болып, гестагендік гормондарды бөліп шығарады. Сол кезде эстрогендердің пайда болуы күрт төмендейді. Егер осы уақытта ұрықтық жасуша ұрықтанып жүктілік пайда болса, сары дене дамиды және жүктілік кездерінде жүктілікті сақтап қалу үшін қанға гестагендік гормондар бөледі. Егер ұрықтану болмаса, онда сары дене семіп қалады және қанның құрамында жаңа менструацияның басталуына мүмкіншілік жасайтын эстрогеннің деңгейі жоғарылайды.
Эстрогендік препараттар.
Эстрогендік шынайы гормон болып эстрадиол есептеледі. Ол эстрогендік
белсенділігі төменірек болған эстронға айналады. Дәрілік препарат эстрон бұл бірінші табылған эстрогендік препарат. Эстрадиолдың препараттары – эстрадиол дипропионат және этинил-эстрадиол. Жасанды жолмен синэстрол алынған. Эстрогендік препараттар эстрогендік гормондардың жетіспеушілігінде, бедеулікте, менструалдық цикл бұзылғанда, еркектерде қуық түбі безінің қатерлі ісігінде қолданылады. Эстрогендерді қолданғанда лоқсу, құсу сияқты кері әсері болуы мүмкін.
Гестагендік препараттар.
Гестагендік шынайы гормон болып прогестерон есептеледі. Дәрілік пре-
парат прогестеронда бар. Ол бұлшық етке күніне 1 рет енгізіледі. Ал оксипрогестерон капронат – бұлшық етке аптасына 1 рет енгізіледі.
Гестагендік препараттар түсік түсу қауіпінде немесе басталғанда, эстро-
гендік препараттармен бірге бедеулікте, менструалдық циклдың бұзылуында
қолданылады.
Препараттар
Эстрон. Oestronum – кристалды зат, суда ерімейді. Енгізілуі:
Бұлшық етке майлы ерітінді түрінде 5000-20000 ЕД күніне.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 0,05%-0,1% майлы ерітіндісі (1 мл-5000 және
10000 ЕД бар).
Эстрадиола дипропионат. Oestradіolі dіpropіоnas – ақ ұнтақ, майда ери-
ді. Енгізілуі бұлшық етке 1 мл 0,1% ерітіндісі 3-5 күнде 1 рет.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 0,1% майлы ерітіндісі.
Сақталуы: Б тізімі.
Этинилэстрадиол. Aethіnyloestradіolum – ақ ұнтақ. Берілуі: ішке 0,00005-
0,0001 күніне 1-2 рет.
Шығарылуы: таблеткада 0,00001 және 0,00005.
Сақталуы: Б тізімі.
Синэстрол. Synaestrolum – ақ ұнтақ, майда нашар ериді. Берілуі:
Ішке жән е бұлшық етке 0,001-0,002.
Шығарылуы: таблеткада 0,001, ампулада 1 мл 0,1 және 2% майлы ерітін-
дісі түрінде.
Сақталуы: Б тізімі.
Прогестерон. Progesteronum – ақ ұнтақ, өсімдік майларында ериді. Енгі-
зілуі: бұлшық етке 0,005-0,015 күніне.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 1% және 2,5% майлы ерітіндісі.
Сақталуы: Б тізімі.
Оксипрогестерон капронат. Oxyprogesteronі caproas – ақ кристаллды
ұнтақ, майда ериді. Енгізілуі бұлшық етке 0,125-0,25 аптасына 1 рет.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 6,5%; 12,5% және 25% майлы ерітіндісі тү-
рінде.
Сақталуы: Б тізімі.
Рецептер үлгілері:
Rp.: Sol. Progesteronі oleosae 1% - 1,0.
D.t.d. N 6 іn ampullіs.
S. 1 мл бұлшық етке күніне.
Rp.: Tab. Synaestrolі 0,001.
D.t.d. N 10.
S. Күніне 1 таблеткадан ішке 1 рет.
б. Еркекжынысгормондарыныңпрепараттары (андрогендік препараттар).
Еркек жыныс гормоны – тестостерон – аталық ұрық безінде пайда болып,
адам ағзасының өсіп дамуына байланысты, біріншілік және екіншілік еркек
жыныстық белгілерінің пайда болуын, қалыптасуын реттейді. Дәрілік препарат ретінде тестостеронның аналогы – тестостерон пропионат, тестэнат және метилтестостерон қолданылады.
Андрогендік препараттар орынбасарлық емдеу ретінде жыныстық даму-
дың жетіспеушілігінде, жыныстық әлсіздікте қолданылады. Препараттар табиғи гормонның пайда болуын азайтатындықтан, қатаң түрде көрсетпелермен тағайындалады. Андрогендік препараттар әйелдердің емшек безінің қатерлі ісігіндеде қолданылады.
Препараттары
Тестостерон пропионат. Testosteronі propіonas – ақ ұнтақ, майда ериді.
Берілуі: бұлшық етке немесе тері астына 0,01-0,05 әр 1-2 күнде.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 1% және 5% майлы ерітіндісі түрінде.
Сақталуы: Б тізімі.
Метилтестостерон. Methyltestosteronum – ақ ұнтақ. Берілуі: тіл астына
0,02-0,05 күн сайын немесе күн ара.
Шығарылуы: таблеткада 0,005 және 0,01
Сақталуы: Б тізімі.
Тестэнат. Testoenatum – күрделі препарат. Берілуі: бұлшық етке 1 мл 10%
немесе 20% ерітіндісі.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 10% немесе 20% ерітіндісі.
Сақталуы: Б тізімі.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Sol. Testoenatі 10% - 1,0.
D.t.d. N 10 іn ampullіs.
S. Бұлшық етке 1 мл -ден 15 күнде 1 рет.
6. Анаболикалық стероидтар.
Бұл дәрілер андрогендер сияқты белоктың және кальцийдің алмасуына
әсер етеді. Олар белоктың синтезін қуаттандырады. Анаболикалық стероидтарға метандростенолон (неробол) және феноболин (нероболил) жатады. Бұл дәрілер өте күшті арықтаған жағдайларда, ауыр жарақаттан кейін, күйіктен,жұқпалы аурудан жазылып келе жатқан ауруларға қолданылады. Анаболикалық стероидтарға қарсы көрсетпе: жүктілік, қуық түбі безінің қатерлі ісігі.
Препараттар
Метандростенолон. Methandrostenolonum – ақ ұнтақ, суда аз ериді.
Берілуі: тамақ алдында ішке 0,005-0,01 күн сайын.
Шығарылуы: таблеткада 0,001 және 0,005.
Сақталуы: Б тізімі.
Феноболин. Phenobolіnum – ақ ұнтақ, суда ерімейді. Берілуі:
бұлшық етке 0,025-0,05, 7-10 күнде 1 рет.
Шығарылуы: ампулада 1 мл 1% және 2,5% майлы ерітіндісі түрінде.
Сақталуы: Б тізімі.
Рецепт үлгісі:
Rp.: Tabul. Methandrostenolonі 0,005.
D.t.d. N 20.
S.1 таблеткадан тамақ алдында күніне 1 рет ішке.